Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Былтырдан бастап барша қазақстандықтар шын мәніндегі халықтық мереке – Тұңғыш Президент күнін атап өтуде. Президент күні ретінде 1-желтоқсан таңдалып алынды. Бұған дейін де заманауи Қазақстанның жылнамасына алтын әріптермен жазылып үлгерген бұл күн ендігі жерде айтулы мереке ретінде халқымыздың жүрегіне отаншылдық, патриоттық сезім сеуіп, тойлана беретін болады. Еліміз үшін ең тағдырлы кезең болған 1991-жылдың 1-желтоқсанында Қазақстанда тұңғыш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, егемен еліміздің негізін қалаушы асыл ұлы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ мемлекетінің тұңғыш Президенті атанғаны белгілі. Сол күні сайлауға қатысқан дауыс беру құқығы бар барша азаматтардың 98.78 пайызы Нұрсұлтан Назарбаевты қолдап дауыс беру арқылы өздерінің тарихи таңдауын жасаған еді.

Республикамызбен бірге Шығыс Қазақстан облысы да, біздің ауданымыз да қарқынды дамып келеді. Бүгінде біз тұрғындардың өмір сүру сапасы жыл сайын айтарлықтай жақсарып келеді деп толық сеніммен айта аламыз. Экономика мен әлеуметтік сала тұрақты дамуда. Қазақстандықтар өз Отаны мен өз Президентін мақтан тұтады. Қазақстан азаматы болу — зор абырой және биік мәртебе. Сондықтан Отанымызды қастер тұтып, Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Негіз қалаушы, Реформатор және Жасампаз ретінде Отанымыздың және әлемнің тарихына енген Елбасымызға сенім арту — әрқайсымыздың азаматтық парызымыз.

Біз, аудан тұрғындары еліміздің Көшбасшысының жақында ғана жария болған «НҰРЛЫ ЖОЛ - БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» атты Жолдауын жүзеге асыруда ынтымақты болып, әрқайсымыз өз орнымызда еселі еңбек етуге тырысамыз. Аудан тұрғындарының өздерінің азаматтық белсенділіктерін танытатынына сенім мол.

Құрметті аудан тұрғындары, мерекемен құттықтай отырып, сіздерге мықты денсаулық, әрбір отбасына жылылық пен мейірім, елімізге тыныштық тілейміз!

Д.Мусин, аудан әкімі

Р.Беспаев, аудандық мәслихат хатшысы

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз