3 қараша күні аудан әкімінің міндетін атқарушы Р.Сағындықовтың төрағалығымен аудандық әкімшіліктің отырысы өтті. Оның күн тәртібінде жол мекемелерінің қыс маусымына әзірлігі қаралды.
Аудандық ТҮКШ, автокөлік жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Р.Бектасовтың айтуынша ауданда қазіргі күні республикалық маңыздағы 161 километр, облыстық маңыздағы 237 және 470,7 км жергілікті маңыздағы жол бар. «Омбы - Майқапшағай» жолына «Қазақавтодор» РГП «ДЭУ-29» (филиал директоры Г.Рақымбаев, учаске бастығы Г.Мұхамадиева) қызмет көрсетеді. Бұл жолда ең қауіпті деп Байбура, Барыс, Чернов ключ бөліктері саналады. Облыстық маңыздағы жолға «Облшығысжол» КГП «ПДУ-6» (директоры А.Маткаримов, учаске бастығы М.Болатқанұлы) қарайды. Бұл жол бойында ең қауіпті жер Өмеш асуы болып саналады. Ал жергілікті маңыздағы жолдарға «Көкпекті жолдары» ЖШС (Г.Нұрғалиева) және «ДСУ-14» ЖШС (А.Калинин) жауапты. Р.Бектасовтың хабарламасы бойынша жол мекемелері қыс маусымына даяр, жанар- жағармай қоры жасалған, жол жиектерінің шөбі орылды, тайғаққа қарсы құм мен күл төгіліп, белгі талдар орнатылды, суағар құбырлар тазаланды. Жолдардың қауіпті жерлерінде жылыну бекеттері бар, олар телефон байланысымен қамтамасыз етілген. –Жалпы алғанда жол мекемелері қыс маусымына толықтай даяр,-деп тұжырымдады Руслан Армияұлы. Рамиль Нығметжанұлы ауыл ішіндегі жолдардың тазалануы, оның ішінде Көкпекті мен Самар ауылдарындағы жолдардың тазалануы туралы мәселе көтерді. Бұл сауал жұмыс тәртібі бойынша қаралмаған екен, сондықтан да жиын барысында ТҮКШ, автокөлік жолдары мен жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы мен ауылдық округ әкімдерінің арасында дау туды. Бұл мәселенің нақты шешімі қалай болары әлі белгісіз, бірақ та ең маңыздысы ауыл көшелері қардан уақытында тазалануы тиіс. Биыл қыс кешеуілдеп тұр, сондықтан да барлық атқарылмаған, үлгермеген шаруаны істеп алуға мүмкіндік бар. Барлық қызмет түрлері қысты сақадай сай дайындықпен қарсы алуға міндетті.
Надежда ШАРОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.