Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

21 қазан күні аудан әкімі Д.М.Мусин аппараттың кеңейтілген мәжілісін өткізді, оның барысында  жыл аяғына дейінгі алғышартты міндеттер мен атқарылар жұмыстардағы басымдықтар айқындалды.

Аудан әкімінің өзінің орынбасарларының алдына қойған міндеттердің негізгісі – Өңірлік даму бағдарламасының мақсаттарына және индикаторларына қол жеткізу. Міндеттерді жүзеге асыра отырып, мемлекеттік органдардың қызмет сапасы мен тиімділігін бағамдау  көрсеткішіне айрықша назар аудару қажет. – Бюджетті жоспарлау және экономика бөлімі көрсеткіштерді реттеуді уақтылы жүргізіп, олардың жыл аяғына дейін орындалуын қамтамасыз етулері керек,- деді Дүйсенғазы Мағауяұлы.

Аудан әкімі Көкжайық ауылдық округінің әкіміне ауылды абаттандыру, көгалдандыру бойынша қатаң сын айтты. –Көшеттерді күзгі отырғызуды жедел жүргізу қажет. Сіз бұл тапсырма туралы ұмытып кеткенсіз,-деп аудан әкімі Нұрбек Сүлейменовтің есіне салды және Р.Сағындықовқа осы ауылдық округте ауданның орманшыларын жиып жиналыс өткізуді тапсырды.

Салық базасын арттыра отырып бюджетті толтыру маңызды мәселелердің санатында әрқашан алдыңғы орында тұрады. Бұл жайында аудан әкімі өзінің орынбасарларына жер қойнауын пайдаланушылар, жағалауды пайдаланушылармен жұмысты жеделдетуді және басқа да қосалқы күштерді пайдалануды тапсырды.

Аудан басшысы кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің көкөністі даярлау, оларды ауданның уақытша тұрақтандыру қорына жеткізу бойынша жұмысын сынға алды. – Он екі күн өтсе де тұрақтандыру қорының қоржыны толмай отыр. Жауынсыз ауа райы пайдаланылмайды. Бұл жұмыстан Бастаушы және Құлынжон ауылдық округтері тыс қалған. Бүгін-ертең қыс түсе қалса, уақытында қоймаға түспеген өндірілген көкөністер сапасын жоғалтады және ол дайындалған өнім мөлшеріне әсер етеді, сонымен келіп қыс пен көктемдегі бағаға ықпал жасайтын болады,-деп атап өтті Дүйсенғазы Мағауяұлы.

Қазір облыстық бюджетті жоспарлау мен дамудың негізгі көрсеткіштері түзілуде. – Бөлім басшыларының негізгі міндеті – салалық басқармаламен келесі жылдың индикаторларын алдын ала келісу, қажет болған жағдайда жобалар мен сандарды қорғап қалуға тырысу керек,-деп талап етті аудан әкімі.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына дайындық –барлық міндеттердің ең бастысы және ұзақ мерзімдісі болып отыр. Өкінішке қарай, аудан әкімінің ескерткіштерді күрделі жөндеуден өткізу және қалпына келтіруді ұйымдастыру бойынша тапсырмасы өте баяу орындалуда. Жаз айларын округ әкімдері мәселені тек талқылаумен өткізді, ал нақты атқарылған жұмыс жоқ. Осыған орай, аудан әкімі ескерткіштерді қалпына келітіріп, айналасын абаттандыру бойынша нақты істерді талап етті. Бұл бағытта идеологиялық саланың, Жастар орталығының, депуттатық корпустың жұмысының босаңдығын да атай кетті. Дүйсенғазы Мағауяұлы Подгорное ауылында Патриоттық жұмыс орталығын ашу қажеттігіне айрықша назар аударды. – Бұл жұмыста жергілікті тұрғындар мен шаруа қожалықтарының белсенділігі әзірге байқалмайды. Ауылда жүріп жатқан құрылыс жұмысының сапасына бақылау жоқ, сондықтан да сапасы аса жақсы деп айта алмаймыз,-дей отырып, аудан әкімі тиісті қызмет саласы басшыларынан кемшіліктерді жоюды талап етті.

Индустриалдық-инновациялық жобаларды, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыруға бақылау жасау да назардан тыс қалмауы тиіс. Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету жұмысы ерекше бақылау мен назарда болып қалуы керек.- Бұл бағытта ТҮКШ, автокөлік жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Р.Бектасов пен «Самар» ШЖҚ КМК басшысы С.Мадьяровтың оңды тәжірибелерін атау керек. Олар қолданған мемлекет пен жекеменшік арасындағы іскерлік әдісі тәжірибе көрсеткендей бірқатар мәселелерді, оның ішінде шағын ауылдарды сумен қамту мәселесін шешіп, КМК-нің сумен қамтамасыз ету бойынша ақылы қызмет көрсетіу мүмкіндігі аясын кеңейтеді,-деді аудан әкімі.

Қылмыс пен құқық бұзылушылықтың артып отырғаны бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып, ол учаскелік инспекторлардың алдын алу шаралары бойынша насихат жұмыстарының жеткіліксіздігін көрсетеді. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму рейтингінде аудандық ішкі істер бөлімінің көрсеткіштері 14 орында, бұл ауданның алдыңғы лектегі үштіктен бірден оныншы орынға түсіреді. Осыған орай, аудан әкімі АІББ басшыларының,учаскелік инспекторлардың, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің және аудандық мәслихат депуттатарының қатысуымен тұрғындар жиындарын өткізуді тапсырды. –Қылмыс санының, маскүнемдіктің және басқа да жат әдеттердің артуын жасыру қажет емес. Бұл мәселелерді жиындарда көтеру керек, өйткені оларды құқық қорғау органдары, жергілікті билік және қауым бірлесіп шеше алады,-деді аудан басшысы.

Ауданның негізгі экономикалық әлеуеті – аграрлық сала. Сондықтан да аудан әкімі суармалы жерлерді тиімді пайдалану, инновациялық технологияларды енгізу, іргелі ауыл шаруашылығы құрылымдары басшыларымен агарарлық саланың даму жобалары бойынша келелі әңгіме өткізуге жете көңіл бөлу керектігіне тегін баса назар аударған жоқ.

Жиынды қорытындылай отырып, Дүйсенғазы Мағауяұлы бағаның шарықтауын тежеу, салық базасын ұлғайту жұмысын әрі қарай жалғастыру, жол жиектерінің шөбін ору жұмысын қысқа мерзімде аяқтау жұмыстарына бақылауды күшейтуді қатаң талап етті.

–Жаупкершілік, орындаушылық тәртіп пен тапсырмаларды орындауда жеделдік әрі сапалылық бірінші орында болуы тиіс. Осындай табысқа бастар жолға ауысу ғана алға жылжуымызға мүмкіндік береді,-деп түйіндеді Д.Мусин.

 Надежда ШАРОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз