Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көршілес жатқан екі ауданның халқы аралас-құралас экономикалық, мәдени, кәсіпкерлік салалары бойынша ежелден тығыз байланыста. Көкпекті мен Тарбағатай аудандары арасындағы осы достық бүгінгі күні өз жалғасын тауып, қайырымдылық шарада айқын көрініс тапты.

Тарбағатайлық кәсіпкер Қайрат Қожахметов елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Көкпекті ауданының тұрғындарына көмек ретінде 2.5 тонна ұн жіберді. «Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін» деген Әйтеке бидің нақыл сөзін ту еткен жомарт азаматтың көмегі арнайы құрылған комиссия шешімімен мұқтаж жандарға әділ таратылатын болады. «Бота» ЖШС басшысы жолдаған көмек қоры 29 сәуір күні ауданға жеткізіліп, қоймаға түсірілді. Аудан әкімінің орынбасары Марат Теміржанов кәсіпкердің өкіліне «Алғыс хат» табыстап, аудан әкімі атынан шынайы ризашылық білдірді.


Айта кетейік, «Бота» ЖСШ құрылтайшысы Қайрат Қабдешұлы облысымызға белгілі спорт меценаты. Кәсіпкердің жеке ұйымдастырылуымен құрылған «Жігер» волейбол клубы облыстық жарыстардың жүлдегері. Мемлекеттік – жекеменшік әріптестік аясында өз қаражатына Бозша және Қамысты ауылдарына көпір салып бергенін тарбағатайлықтар бүгінде мақтанышпен айтып жүреді.
Ежелден ауылы аралас, қойы қоралас Көкпекті мен Тарбағатай аудандарының достық қарым-қатынасы көпке үлгі. Екі ауданға ортақ аталатын ұлт тарихындағы ұлы тұлға Тана Мырза Тілемісұлының ізін жалғаған текті ұрпақтары елдіктің белгісін көрсетіп, мызғымас бірлігін осылай айшықтауда.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз