13 қазанда аудан әкімі Д.М.Мусиннің төрағалығымен мемлекеттік бағдарламалардың іс жүзіне асырылу аясындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері қаралған аппараттық кеңес өтті.
Тек жобалық-сметалық құжаты болғанда ғана белгілі бір құрылыс нысанын салу немесе күрделі жөндеуден өткізу үшін қаражат бөлінетіні бұрыннан-ақ белгілі. Көкпекті және Самар ауылдарындағы суқұбырларын күрделі жөндеуден өткізу бойынша жобалық-сметалық құжаттарды (ЖСҚ) даярлау үшін облыстық бюджеттен 26 миллион теңге, Теректі және Бастаушы ауылдарындағы суқұбырларын салу құрылысына жергілікті бюджеттен 15 млн. теңге бөлінген. Бюджет қаражаты қарастырылып жатыр, қазан айының ортасы болып қалса да аталған нысандарға арналған ЖСҚ әлі де дайын емес. Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Б.Бекеновтың ескертуінше, екі ай уақыт байқаулар өткізу барысында зая кеткен. Жобалауға қатысты көптеген талаптардың қатаңданғанына қарамастан Бастаушы мен Теректі ауылдарындағы суқұбырларын салу ЖСҚ 25 қарашаға дейін аяқталады. Аудан әкімі Бастаушы ауылындағы суқұбырларын салуды осындағы мектеп құрылысының қажетті құрамдас бөлігі ретінде қарастырған жөн екендігін ескертті. Ал, Көкпекті мен Самар ауылдарындағы суқұбырларының күрделі жөндеу жұмыстарына келсек, ЖСҚ жасауға Көкпекті және Самар ШЖҚ-ғы КММ-ның құжаттарының болмауына байланысты. Сондай-ақ, Көкпекті ауылындағы тұрғын үйге аса мұқтаж азаматтар үшін қайта жөндеуден өткізілетін ғимарат мәселесі де шешуін таппаған күйде қалды.
Б.Бекеновты тыңдаған аудан әкімі барлық жұмыстардағы қателіктер жоспарлау кезеңінен басталатынын алға тартып, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі жұмысының әлсіздігін атап көрсетті. –Жобалар толық көлемде зерттелмейді, заңнамадағы өзгерістер мен өзгешеліктер есепке алынбайды. Осының барлығы олардың жасалу мерзімдері ғана емес жобалардың орындалмауына әкеліп соғады, - деді Дүйсенғазы Мағауяұлы. Ол бөлім басшысының жұмыс тәсілі мен стилін өзгерту қажеттігін көрсетті. –Инвестициялар тартуды жоспарлау, облыстық басқарманың мамандарымен тікелей жұмыс істеу жобаларды іс жүзіне асыру және даму болашағын көре білу сияқты міндеттерді аталмыш мәселелер бойынша қорытындылау кезінде аудан әкімі алға тартты.
Ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі басшысы М.Теміржанов, әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімі басшысы Б.Оразғалиева аквамәдениет және туристік кластерді дамыту бойынша «Кузьмич» ЖШС инновациялық жобасының жүзеге асырылуы туралы ақпарат берді. Бұл жобада «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020», «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламаларының әлеуеті қолданылған. Олардың айтуынша, бөлінген қаражатқа құрал-жабдықтар сатып алынып, жылыжай салынған, артезиан құдығы бұрғыланған, балық өңдеу ісі қолға алынған. Қазіргі таңда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды тартуға бөлінген қаржыны игеру бойынша жұмыстар жүргізілу үстінде. Адамдар жұмыс істеуде, соған орай салықтық аударылымдар түсіп, өңделген өнімдердің көлемі статистикаға сай келуде. Алайда, Бақыт Есімханқызы балық өнімдерін өндіруде арнайы киімдердің болмауынан санитарлық қалыптардың сақталмауы орын алып тұрғанын атады. Құлынжон ауылдық округі әкімі Ш.Шайырғазина «Кузьмич» ЖШС-де кадрлық әлеуеттің жетіспеушілігін тілге тиек етті. Аудан әкімі ауыл шаруащылық және ветеринария бөлімі басшысы тарапынан жобаны жүзеге асыруда бақылаудың нашарлығын ашып көрсетті. Ол жобаның іс жүзіне асырылу барысын, ай сайын көзбен көріп, бақылау керектігін, туризм және әуесқой балықшылықтың дамуына зер салуды тапсырды. – Өңдеу өнеркәсібі, туристік қызмет көрсету көлемінің артуы жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік жасайды, соған орай салық түсімдері де ұлғаятын болады. Жоба өміршең болғандықтан оны жүзеге асыруды қатаң бақылауда ұстау қажет, - деді Дүйсенғазы Мағауяұлы.
Облыс әкімі Б.М.Сапарбаев жуықта біздің ауданға келген іссапарында осындағы «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары бойынша бөлінген қаражаттың игерілу дәрежесінің төмендігін атап көрсеткен еді. –Мал басы санының төмен жағдайында салалық бағдарламалардың мүмкіндіктерін пайдалана алмау дегеніңіз аса үлкен кемшілік, - деді Бердібек Мәшбекұлы. Бұл мәселе бойынша жұмыстар туралы ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімінің басшысы М.Теміржанов айтып берді. Ол мал өсірумен шұғылданғысы келетін азаматтардың саны көп болғанмен, кепілдікпен қамтылу шарттары аса қатаң екендігін ескертті. Оның айтуынша, дәл осы себеп шаруашылықтар мен тұрғындардың бағдарламаға қатысуға деген белсенділігіне қолбайлау болып тұр. Аудан әкімі бұл бағдарламалардың мүмкіндіктерін кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Аппараттық кеңесті қорыта келе, аудан әкімі тұрақтандыру қорын толықтыру жұмыстарына баса назар аударды. – Бүгінгі күнге ауданда көкөністер мен картоптың нақты қоры жасалды. Кәсіпкерлік бөліміне жергілікті жерлерге күнделікті шығып, ауылдық округтердегі көкөніс сақтайтын қоймалардың толықтырылуын, артық қорлардың мөлшерін бақылап отыру қажет, - деп Дүйсенғазы Мағауяұлы тапсырма берді. Аудан әкімі басымдыққа ие міндеттер ретінде бағаларды құрықтау және инфляциялық үрдістерді тежеу, жолдарды қыс маусымына даярлау, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінде жылу тәртібін қамтамасыз ету, шағын кәсіпкерлік пен даму картасын қалыптастыруды аяқтауды атады.
Надежда ШАРОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.