«Қара құс астына басып жейді, сұңқар маңына шашып жейді» дегендей, өзімде ғана емес, өзгеге де болсын деп, шын мұқтажға көмегін аянып қалмайтын жандар болады. Сондай жандардың бірі, әрі бірегейі Құлынжон ауылының тумасы, «BI Group» компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев.
Айдын Рахымбаев пен өзі басқарып отырған «BI Group» компаниясы дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерді қолдау үшін 100 млн теңге бөлді. Бұл біздің жерлесіміздің тағы бір мәрттігін көрсетті. Компания басшысы өзінің Facebook-тегі парақшасында:
«Еліміз үшін осындай қиын-қыстау кезеңінде ең ауыр да қауіпті жұмыс біздің дәрігерлерге жүктеліп отыр. Halyk Bank-тің бастамасын қолдап, екі астанадағы алдағы топта жүрген дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерге BI Group командасы 100 млн теңге бөлгенін хабарлаймын. Қиындық туғанда біріге алатын қазақтың қанында ғой. Ортақтасып, күш салсақ, бұл дертті де жеңе аламыз деп ойлаймын! Сіздерге сенеміз, істеріңізге сәттілік, достар!" - деп жазды. Ел басына іс түскен кезде демеу көрсеткен Айдынды біз мақтан тұтамыз.
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.