Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

8 қазан күні Шығыс Қазақстан облысының әкімі   Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев Көкпекті ауданында іссапарда болды. Облыс басшысының бұл сапарының мақсаты өзінің айтуы негізінде ел Президентінің, Үкіметтің, облыстық әкімшіліктің тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және экономиканың өрлеуін қамтамасыз ету  бойынша  алға қойған міндеттерінің жүзеге асу барысын тексеру болып табылады. 

 

 ЕҢ БАСТЫСЫ ӨНДІРІЛГЕН ӨНІМДІ САҚТАЙ БІЛУ

 Көкпекті ауылы. Мұнда облыс басшысы жеке кәсіпкер С.Сұлтановтың  көкөніс қоймасын көрді. Мұнда уақытша тұрақтандыру қорының азық-түлігі – қырыққабат, пияз, сәбіз сақталуға төгілген. Аудан әкімінің орынбасары А.Әкімова өңір басшысын азық -  түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және баға шарықтауын құрықтау бойынша атқарылып отырған шаралармен таныстырды.   – Егер өндіріс теңгерімі мен азық-түлікті тұтыну мөлшерін ескерсек, біздің аудан ет, сүт, сары май, өсімдік майы, көкөніс, картоппен өздерін толық қамтамасыз етеді. Бұл аталған өнімдерді өндіру тұтыну мөлшерінен едәуір артық,-деп атап өтті аудан әкімінің орынбасары. Бүгінгі күні біздің ауданда бес ауылда жеті көкөніс қоймасы бар олардың жалпы сыйымдылығы 650 тонна.Тұрғындардың жеке бау-бақшасынан өнген өніммен жабылмайтын тұтыну қажеттілігі    359 тоннаны құрайды. Бұл қажетті өнімнің   200 тоннасы қазірдің өзінде қоймаға сақталуға жеткізілген. Сонымен бірге ауданның 15 іргелі дәнді-дақыл өндіруші шаруашылықтарымен   азықтық 3340  тонна дән құюға меморандум жасалған. Тағы да 660 тоннаны ұсақ шаруашылықтар қамтамасыз етеді.  – Осылайша, 4000 тонна дәнді-дақыл тұр,ындарды келесі жылдың астығы өнімін жиғанша нанмен қамтамасыз етуге жетеді. Сонымен бірге, нанның бір бөлкесінің салмағы    560-580 грамм болып, ол 50 теңгеден сатылады, - деп атап өтті  Алмагүл Жанахметқызы. Ақпаратты мұқият тыңдап танысқан   Бердібек Мәшбекұлы бүгінгі басты міндет өндірілген өнімді көктемге дейін ысырапсыз, бүлдірмей сақтау деді.  –Бұл инфляциялық  үдерісті тежеп, азықтүлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деді өңір басшысы. Облыс жетекшісі елді мекендердің әлеуметтік  картасына көңіл аударып, әлеуметтік атаулы және жедел көмекті тек аса мұқтаж адамдарға беруді тапсырды. 

 Облыс басшысы іссапар барысында барамын деп жоспарламаған әлеуметтік сала нысандарына да кірді. Бердібек Мәшбекұлы Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектепте өткізілген жөндеу жұмысының сапасын атап өтіп, оқушыларды ыстық ас, сүт және балмен қамту тапсырмасының орындалып отырғанына ризашылық білдірді. 

Аудандық орталық ауруханада терапия бөлімінің және емханада пациенттермен тілдесіп, от жағу маусымының басталуымен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық қызмет сапасы туралы сауалдар қойды.

   – Денсаулық адамзаттың басты құндылығы және оны қорғау медицина қызметкерлерінің басты міндеті,- деді Бердібек Мәшбекұлы.

 

Үлкенбөкен ауылы.Б.М.Сапарбаев Үлкенбөкен ауылдық округіне келіп, ондағы ардагерлерге арналған ескерткіш пен Ұлы Отан соғысының 70 жылдық мерейтойы қарсаңында Жеңіс саябағының ахуалымен танысты. Округ әкімі Н.Назарханов облыс басшысына округтегі қалыптасқан жағдайы баяндау барысында ауыл адамдары мен «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасының қатысушылары және ауыл тұрғындары 2 млн. теңге көлемінде қаржы жинап, ескерткішті жөндеуге қатысты әр істі өзара бөлісіп алып, жұмысқа кірісті. Материалдық жағынан көмектескен К.Хощанов, М.Нұғыспанов, Үмітпаевтар отбасы, Р.Жақыпов,  С.Жуанышев, С.Омаров, Б.Толкомбаев, Е.Уәлиев, У.Қожаев және Агроколледж басшылығы мен мектеп ұжымын ерекше атап өтуге болады. Барлық жұмыстар тізбегін қазан айының аяғына дейін тәмәмдап, көктемгі уақытқа тек бояу жұмыстары мен гүл отырғызу қалатындығын айтты. Облыс басшысы ауыл адамдарының ынтымағына жоғарғы баға беріп, өз батырларына ескерткіш орнату ауыл адамдарының азаматтығы екенін айта кетті.

Преображенка ауылы.Облыс басшысы Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округінің орталығы Преображенка ауылындағы  «Өрнек» ЖШС бала-бақшасының салтанатты ашылу сәтіне куәгер болды. Осы сәтке арнайы дайындалған бүлдіршіндеріміздің ата-аналары  кішкентай ауылда тұратын әр түрлі ұлттардың татулығы мен бірлігін паш ететін бір шаңырақ астына жинап, кішігірім көрініс тамашалатты. Бердібек Мәшбекұлына арнайы сөз беріліп, ол өз кезегінде ауыл тұрғындарын бүгінгі қуаныштарымен құттықтады.  –Сәлеметсіздер ме ауыл тұрғындары! Барлығымыздың болашағымыз балаларға байланысты. Осындай игі жұмыстардың барлығы   халықтың ынтымағының арқасы. Балаларымыздың өсіп-өркендеуіне барлық жағдай жасап, қамқорлық таныту міндетіміз. Жалпы, «Балапан» бағдарламасы жарық көрген күннен бастап республика бойынша осы жоба негізінде 3956 жаңа балабақша мен шағын орталықтар іске қосылған екен. Бұл – зор жетістік. Алдағы уақытта табысты бағдарлама халық сұранысын өтеп, балалардың игілігіне қызмет етпек. Ержан Қойгелдин тұрғызған 2 топтан құралған 40 орынды бала бақшада 20 адам жұмыс істейді. Бұл шағын ауыл үшін үлкен жетістік. Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтаймын. Ауыл тұрғындарына әрқашан осындай татулық пен бірлікте, ынтымақтастықта болыңыздар деймін,- деп өз сөзін аяқтады аймақ басшысы. Сонымен қатар балабақшаға облыс әкімінің атынан компьютер мен плазмалық теледидар сыйға берілді. Келесі құттықтау сөз ұзақ жылдар педагог қызметін атқарған Жайна Фазылқызына берілді. –Шығыс Қазақстан облысы Республикалық рейтингта бірінші орын алуымен сізді шын жүректен құттықтаймын!  Елбасымыздың сындарлы саясаты  және сіздің ерен еңбегіңіздің арқасында осындай қуанышқа бөленіп жатырмыз. Сізге ауыл тұрғындары атынан алғысымды білдіремін. Еңбегіңіз жана берсін Бердібек Мәшбекұлы, – деп тілегін білдірді ұлағатты ұстаз. Аймақ басшысына алғысын білдіруге жас маман Валентина  Павленко ортаға шақырылды. -Құрметті Бердібек Мәшбекұлы біздің ауылымызға қош келдіңіз! Мен осы бала-бақшаға биыл жоғарғы оқу орнын тәмамдағаннан кейін «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында жұмысқа орналастым. Маған бағдарлама барысында көтерме ақы төленді. Осы ауылдың бүлдіршіндерін тәрбиелеп, болашағын жарқын етуге қолқабысымды тигізсем деймін. Жаңа ғимаратта жұмыс істеу мен үшін бақыт! – деді жас маман.

«Өрнек» балалар бақшасында тәрбиеленушілердің ата-аналары қуаныштарымен бөлісті. – Біздің ауылды, округтің әкімі білімді жігіт. Жас та болса бас бола білетін азамат. Ауылдың көркеюіне көп үлесін қосуда. Мына балабақшаның ашылғанына қатты қуандым, жалғыз мен емес барша ауыл тұрғындарының көңілдері шат. Енді балаларымыз жаңа балабақшада тәрбиеленетін болады. Ата-аналардың да көңілдері тоқ, балаларына алаңдамай өз жұмыстарын атқарады,- деді Қантай Нұрсейітова, Нариман есімді бүлдіршіннің әжесі. Жас ана Любовь Керенцева: -Қызым Ленаның балабақшада тәрбиеленетініне қуаныштымын. Осындай тұрғындарға қажет ғимарат тұрғызған Ержан Тұрсынханұлына алғыс айтамын, - деді.

Келесі кезекте облыс басшысы Б.Сапарбаев жаңадан салынған емхананың ашылу салтанатына қатысты. «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында республика бюджетінен емхана салуға 135,5 млн. теңге бөлінген болатын. Жаңа емханада округтегі 2072 адамға арналған медициналық жабдықтармен жабдықталғанын Көкпекті аудандық ауруханасының бас дәрігері Р.Сафиоллинова атап өтті. -Жаңа емхана қазіргі заманауи технологиялармен жабдықталған. Екі орынды күндізгі ем қабылдау бөлмесі бар. Бұл барлық ем қабылдау жабдықтары қойылған ауданымыздағы алғашқы емхана. Жедел жәрдем қызыметі және ем алушыларды сапалы емдеуге мүмкіншіліктер көп – деді бас дәрігер.

Емхананың ашылу салтанатымен Бердібек Мәшбекұлы ауыл тұрғындары мен емхана қызметкерлерін құттықтады.  –Бір сағат ішінде екінші бір жаңа ғимаратты ашып жатырмыз. Елбасының тапсырмасына сәйкес облысымызда 11 емхана ашылды. Соның біреуі сіздердің ауылдарыңызда орналасқан. Осы ғимаратты тұрғызуға ат салысқан азаматтарға, құрлысшыларға, ауыл әкіміне көп рахмет. Біздің ең басты міндетіміз халқымыздың денсаулығын сақтау, сапалы медициналық қызмет көрсету. «Денсаулық – зор байлық» дейді қазағымыз. Бүгінгі күні ауыл халқының бірлігі берік екендігіне көзім жетті. Ең бастысы осы.  Аянбай еңбек етіңіздер, – деді облыс басшысы Б.Сапарбаев.

 Ардагер дәрігер Құмар Құнапияұлы Құнапияновқа сөз берілді. – Міне бүгін ауылымызда заманауи емхана ашылуда. Бүгінгі қуаныштарыңыз ұзағынан сүйіндірсін. Облыс әкімдерінің рейтингінің арасынан бірінші орын алуыңызбен құттықтаймын құрметті Бердібек Мәшбекұлы! Осындай қуанышқа бөленіп жатқанымыз сіздің арқаңыз. Заманға сай салынған емхананың қызметкерлеріне еңбектері жансын дегім келеді. Осындай емхана салудың басты мақсаты ауыл тұрғындарының денсаулықтарын жақсарту. Енді ауыл адамдарының денсаулығы түзеліп, аманшылықта болатынына сенемін – дейді зейнеткер.

Салтанатты рәсім кезінде емханаға су жаңа жедел-жәрдем көлігі сыйға тартылып, жаңа ғимараттың шашбауын қиюды Ұлы Отан соғысының ардагері Ф.Горгановқа тапсырылды.

Аталған емхананың бас маманы, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында Семей мемлекеттік медицина университетінің түлегі Мадина Тоқпаева облыс басшылығына алғысын білдірді. Бізбен әңгімелесу барысында Мадина жаңа ғимаратта заманауи құралдармен жұмыс істейтіндеріне қуанатындығын білдірді. -Осы бағдарламаны таңдау барысында көп ойландым бірақ, бүгінгі күні таңдауымның дұрыстығына  қуанамын. Жас мамандарға  алғашқы еңбек қадамдарын ауылдан бастаса деймін. Отбасына жеңілдікпен үй алдым, ұлымды жаңадан салынған балабақшаға орналастырдым. Ендігі мақсат ауыл халқының денсаулығын жақсарту үшін аянбай еңбек ету, – деді жас маман.

Келесі кезекте облыс әкімі «Өшпес ерлікке тағзым» атты достық керуенін көруге орталық алаңға барды. Алаңға әр ұлттың өкілдері жиналып, дастархан жайған. Аймақ басшысы барлығын аралап дәм татты. Жәрмеңкеге 7 түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық тағамдары әкелінген. Қазақ, өзбек, орыс, украин, неміс, татар тіпті корей тағамдары да дайындалған. Керуен жауапкершілікпен ұйымдастырылып, сол күнгі күннің суықтығына, жаңбыр жауып тұрғанына қарамастан жұртшылық әр ұлттың киімдерін киіп, билерін билеп, жоғарғы деңгейде өткізді. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің мерейтойына арналған қойылымдар қойылды.

 

Бастаушы ауылы.Б.Сапарбаев Бастаушы ауылдық округіне барып, көкөніс өсіруші Т.Зүльфиевтің көкөніс сақтау қоймасын көріп қайтты. «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасының қатысушысы Т.Зульфиевтің айтуынша қоймаға 160 тонна көкөніс сияды. 2014 жылдың өнімдері картоппен қосқанда 1340 тоннаны құраған. Оның ішнде картоп 298 тонна, сәбіз 130 тонна, қырыққабат 700 тонна, қызылша 130 тонна, қияр 40 тонна, қызанақ 42 тонна болған.

Ауданның уақытша тұрақтандыру қорына 280 тонна көкөніс берген, атап айтсақ, 130 тонна картоп, 30 тонна сәбіз, 105 тонна қырыққабат, 15 тонна қызылшаны қоймаға тапсырған.

Өскемен қаласының әкімі мен Көкпекті ауданының әкімдері арасында келісімге келіп, көкөніс өсіруші Т.Зульфиевтің өнімдері Өскемен қаласындағы «Дина» сауда үйінде сатылымға шығатын болады. Бердібек Мәшбекұлы көкөнісшінің еңбегіне риза болып, ол тек қана аймақтың экономикасын көтеріп қана қоймай әлеуметтік жағдайын жоғары деңгейге жеткізуге зор үлес қосуда.

 

АГРАРЛЫҚ САЛАДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛАР

  

Самар ауылы. Ауылындағы «Лик» шаруа қожалығы бүгігі күнгі инновациялық үрдістерді ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруде кеңінен пайдаланып отырған бірден бір ұжым. Шаруашылық басшысы Михаил Лопаткин жас та болса ізденімпаз. Осыдан екі жыл бұрын ғана облыста екінші болып орнатқан  жаңа қондырғы – «Оптима-3» фотосепараторы – дәнді және майлы дақылдарды іріктеу мен қоқыстан таразартуға арналған бірден-бір заманауи қондырғы.   

Дәнді дақылдарды тазалау ауыл шаруашылығында көп шығынды жұмыс болып саналады. Бұрынғы әдіспен тазалағанда сапасы да онша жақсы болмайтын, енді өндіріс тиімділігі артып, шығындар да азайған дейді шаруашылық басшысы. Дәнді дақылдардың тұқымын  сұрыптау, өнімділікті де арттыра түседі. Фотосепаратор тәулігіне он тонна тұқым тазалайды. Мұнда жұмыс істейтін мамандар Ресейден оқып, үйреніп келді. Жаз айларында дала кемесінің рөлінде отыратын механизаторлар қыста осы тұқым тазалауда жұмыс істейді.     Александр Халин,  Есенхан  Мұхамеджамалов  бұл жұмысты жақсы меңгеріп алған.  Мұндай агрегат аудандағы іргелі шаруашылықтың бірі «Мәмбет» шаруа қожалығында да былтырдан бері жұмыс істеп тұр.

Облыс әкімі шаруашылықтың биылғы егін шығымы туралы сұрап, жаңа астық төгілген қоймаларды қарады. Сонымен бірге осы шаруашылық қамбасында тұрақтандыру қорының астығы төгілген. Сағатына 40 тонна астық кептіруге қуаты жететін жаңы механикаландырылған қырман желісі де облыс басшысы газарына ұсынылды.   

 Б.Сапарбаев «Мәмбет» шаруа қожалығында болып, ондағы жармалау цехына кіріп шықты. Бүгінгі күннің басты мәселесі уақытша тұрақтандыру қорын құру болса, одан самарлықтар да тыс қалмаған. Қыс маусымына қор жинау үшін «Мәмбет» шаруа қожалығы көкөніс өсіруші Намоз Зүлфиевке сыйымдылығы 50 тоннадан астам қойманы беріп отыр. Мұнда қырыққабат, сәбіз, картоп, қызылша сақталады. Екіжақты келісім негізінде шаруашылық өз жұмысшыларына ас әзірлеуге қажет көкөністі де осы «Ағайынды Зүлфиевтер» шаруашылығынан алып, пайдаланады.    

 ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ

 Ауа райының жауынды болуына байланысты «Каскад-Н» ЖШС –нің негізгі кен орны орналасқан Құлыжынға абара алмады. Бірақ кен қойнауын пайдаланушы серіктестіктің бас директоры   Тимур Мусин қолға алынып отырған тек аудан мен облысқа ғана емес, республикаға пайдалы жоба туралы егжей-тегжейлі айтып берді.   

 Бұл жоба бойынша алтын іздеу және өндіру аумағы  200 шаршы километр. Жұмыс істеу мерзімі - 20 жыл, оның ішінде 8 жыл барлауға кетсе, 12 жыл өндіруге деп қарастырылған.    Бүгінгі күні мұнда  105 адам еңбек  етеді.   Кәсіпорын іске қосылған кезде шамамен 250 жаңа жұмыс орны ашылып, өңір қазынасына қосымша қомақты қаржы түсуі тиіс.

 

ӨТКЕН САРАПТАЛЫП, АЛҒА ЖАҢА МЕЖЕЛЕР БЕЛГІЛЕНДІ

 

 

Іс сапар соңында облыс әкімі Самар ауылының мәдениет үйінде аудан жұртшылығымен кездесу өткізді.  

Кездесу барысында аудан әкімі Дүйсенғазы Мусин ауданның даму көрсеткіштері бойынша қысқаша есеп беріп өтті. Оның мәлімдеуінше, аудан экономикасының өсу қарқыны 9 айда 109 пайызды құрап отыр, барлық жоспарлар асыра орындалған. Алайда, аймақ басшысы Көкпектіде «Құлан», «Алтын асық» сынды жылқы мен қой басын көбейтуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар аясындағы шаруалардың тым сылбыр жүргізіліп жатқанын жеткізіп, бұл саладағы жұмысты ширату қажеттігін қадап айтты.

Ағымдағы өткен уақытта алға қойылған жоспарлардың барлығы оындалған кейбіреуі артығымен атқарылған. Аталған жоспарлардың орындалу қарқыны мынаны құрады: өнеркәсіп өнімдері - 109,8 пайыз, ауыл шаруашылық-103пайыз. Үлкен және шағын кәсіптің өсімі-138пайыз. Мемлекетік бағдарлама «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» - 529 млн. теңге, «Ақ бұлақ» - 60 млн. теңге, «Аймақтық даму» - 29 млн. теңге. «Бизнестің жол картасы-2020» - 121 млн. теңге, «Сыбаға» - 8млн. теңге, «Жайлау» - 60 млн.теңге.

9 ай көлеміндегі кірістің өсімі 6 пайызды құраса, болашақтағы кіріс көлемі 50 пайыздан асуы керек деп болжануда. –Осының барлығы ауылдық округ аппаратының бірлескен жұмысының арқасы,- деді Д.М.Мусин.

 -Жыл басталғаннан бері 9 ай өтті. Соның көрсеткішіне келетін болсақ әлеуметтік-экономикалық жағдай бұрынғыдан төмен емес және республикалық көрсеткіштен де кем емес. –Алдымызды тұрған міндеттердің бірі – күзгі жиын-терін және қысқа әзірлік жұмыстарын аяқтап, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қыс ұзақ әрі қатал болады деп күтілуде. Ендеше, әр күнді тиімді пайдаланып қалу керек,- деді Бердібек Мәшбекұлы.

 

Жиында жергілікті атқарушы билік органдарына аймақ басшысы тарапынан қосымша қаражат көздерін іздестіру, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін күшейту, мемлекеттік бағдарламалардың қолдауын пайдалану арқылы егістік алқаптарын ұлғайтып, мал басын өсіру, тұрақтандыру қорындағы азық-түлік көлемін көбейтіп, бағаны ырықтандыру шараларын ширата түсу сынды бірқатар қадау-қадау тапсырмалар жүктелді. Кездесуде Бердібек САПАРБАЕВ аудан тұрғындарының сауалдарына жауап қайтарды.

АУДАНДЫҚ ГАЗЕТ ТІЛШІЛЕРІ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз