Бекітілген кестеге сәйкес, әр аптаның дүйсенбі, сейсенбі күндері аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов азаматтарды Көкпекті және Самар ауылдарында жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Олар қабылдауда өздерін толғандырған сұрақтарды қоя алады.
23 қыркүйек күні аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы азаматтарды қабылдап, олардың өтініштеріне құлақ түрді. Әкім қабылдауында болған 8 азаматшаның барлығы тұрғын үй мәселесі, оның ішінде үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін материалдық көмек сұрап келгендер.
Аудан әкімінің кезекті қабылдауында Самар аймағының тұрғындары түрлі сипаттағы мәселелерді көтерді. Жер қатынастары, тұрғын үй, материалдық көмек мәселелері талқыланды. Аудан әкімі А.Смаилов жеке қабылдауға келгендердің әрқайсысын мұқият тыңдады. Ауылдық округте мал өсіру үшін жер телімдерін беру бойынша сұрақтар қойылды. Қабылдауға келген тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жүргізуіндегі тұрғын үйдің шатырын жабуды сұрады. Бұл мәселеге әкім қарсы ұсыныс жасады, тұрғын үйді жекешелендіру және оны өз бетімен жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Бұдан әрі "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша тұрғын үй беру, балаларға арналған жәрдемақыны ресімдеу, жұмысқа орналастыру, науқас баланы емдеуде материалдық көмек көрсету бойынша өтініш берушілердің сұрақтары айтылды. Аудан әкімі нақты бір орында кідіріссіз қатысуды талап ететін мәселелерді шешті. Жеке мәселелерді тиісті қызметтерге шешуді тапсырды.
Аудан әкімінің қабылдауында болған ауыл тұрғындарының түйіткілді мәселелері жан-жақты қаралып, оларға тұшымды жауаптар берілді. Заң талабына сай келетіндерге ретімен қарай жағдай жасалатындығы айтылды.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.