Тамыздың 26 күні өткен аудандық әкімшілік отырысында аудан әкімі ертеңге қалдыруға келмейтін басымдыққа ие мәселелер қаралды.
Тұрғын үй саясатын жүзеге асыру мәселесі аудандағы өзекті мәселелердің бірі болып тұр. -Тұрғын үйге байланысты көрініс өте аянышты жағдайда. Аудан әкімі тұрғын үй кезегін азайтуға байланысты нақты ұсыныстар мен әрекет ететін бағдарлама қажет, - деп сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысының алдына міндет қойды.
Б.Бекеновтың айтуынша, тұрғын үйдің кезегінде 432 адам тұр. Оның ішінде 252 адам балалар үйінің түлектері, жетім балалар. «Қолжетімді баспана» бағдарламасын біртіндеп жүзеге асыру іс-шара жоспары жасалды. Тірек елдімекендердің тізімі анықталды, бас жоспарларды түзету жұмыстары орындалды. Егжей-тегжейлі жоспарлау жоспары жасалды.Одан әрі Болат Бекенұлы ауданымызда «Қолжетімді баспана» бағдарламасы қалай жүзеге асып жатқанын түсіндірді.
Аудан әкімі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің тұрғын үй құрылысы саласында мемлекеттік бағдарлама әлеуетін қолдану жұмысының әлсіз екендігін атап өтті. -Ауданда құрылыс индустриясы мүлдем жоқ. Сондай-ақ, құрылыс материалдарын дайындау бойынша бизнес-жоба болған жоқ, - деп айрықша баса айтты. Ол жетекшілік ететін орынбасарына жеке тұрғын үй құрылыстарын жүргізгісі келетін тұрғындармен және құрылыс материалдарын шығарумен айналысқысы келетіндермен жиналыс өткізуді, оларға сәулетшілер мен жобалаушыларды шақыруды тапсырды.
–Мәселелерді шешудің оңтайлы жолдарын іздестіру керек. Бұл салада істі тікелей дәлдікпен басқару керек,- деді аудан әкімі. Уақытша тұрақтандыру қорын құру мәселесі соңғы үш аптада жергілікті атқарушы билік органдарының ерекше көңіл бөлетін аймағы болып отыр. Ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты өнімнің түсімі өткен жылдан 2-3 есе аз. Бұдан басқа егіс алқаптарының ластығынан шаруашылық басшыларына өнімді жеке-жеке жинауға тура келеді. Бұның өзі қосымша шығын шығарады. Осыдан барып, өнімнің өзіндік құны ұлғайып, қосалқы бөлшектер мен жанар-жағармайдың бағасы өседі.
Аудан әкімі әрбір ауылдық округтерге үш апта бұрын бағаның шарықтап өсуіне жол бермеу үшін тұрақтандыру қорын құруды тапсырды. Ауылдық округ әкімдерінің жұмыстары қалай жүргізіліп жатқандығы туралы аудан әкімінің орынбасары Р.Сағындықов хабардар етті. Ол ауылдық округ әкімдерінің әзірше бұл мәселе бойынша белсенді жұмыс көрсетпегенін қадап айтты. Бүгінгі таңда ірі шаруа қожалықтарымен 2015 жылдың өніміне дейін 4000 тонна азықтық үшінші сұрыпты бидайды сақтау үшін меморандум жасалды.
-Әзірше орта және шағын ауылшаруашылық тауар өндірушілер қорлары қолданылмайды. Әйтсе де барлығы толық көлемде субсидия алған,- деп баса айтты Р.Нығметжанұлы.
Көкпекті (Қ.Жадрин) және Самар (С.Дүсіпов) округ әкімдерін тыңдаған аудан әкімі бағаны тежеу, тұрақтандыру қорын құру, көкөніс сақтау қоймасын ұйымдастыру сияқты мәселелер бойынша атқарылған жұмысты қанағаттанарлықсыз, - деп атап көрсетті. Самар ауылдық округінің әкімі күнделікті қажетті азық-түлік және көкөністер, картоп бағасының өсу жағдайларына тосқауыл қоя алмады. Бұл мәселеде бақылау позициясымен кәсіпкерлік бөлімі, ауылшаруашылық және ветеринария бөлімі басшылары Н.Алиясов пен Ж.Бауеддимов айналысты, - деп көрсетті Дүйсенғазы Мағауяұлы.
Азық-түлік тұтыну балансын құрастыру олар үшін шешімі қиын математикалық есеппен бірдей. Оны ай бойы шеше алмай жүр.
Аудан әкімі атқарылған істерді саралай келе, биыл ауданда барлық тұрғындарды қамтамасыз ету үшін жеткілікті өнім шығарылатындығын айтты.
Ең басты міндет – қысқа дайындық жасау және өсірген өнімді сақтау, жыл бойы қолжетімді бағамен тарату. Алайда, ауылдық округ әкімдері қойылған міндеттердің маңыздылығына мән бермейді, сол үшін де жұмыс нашар жүргізілуде, - деді аудан әкімі. Мектептің жаңа оқу жылына дайындығы туралы аудандық білім беру бөлімінің бас маманы А.Фахрутдинова жеткізді.
Оның мағлұматы бойынша барлық мектеп балаларды қабылдауға дайын. Құрамында тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша департамент өкілі, ТЖ бөлімі және білім беру бөлімінен, құралған жұмысшы топ 11 мен 18 тамыз аралығында мектептің дайындығын тексерді.
Қазір білім беру мекемесі дайындық төлқұжатына қол қойды. Берілген мәліметтердегі болжам бойынша, биылғы жылы 4400 ден астам бала оқытылатын болады. Ауданға 30 жас мамандардың келуіне қарамастан, математика, физика, орыс тілі мұғалімдері жетіспейтіндігі анықталды. Осы мәселе бойынша аудан әкімі бір қатар мектептердің қысқа дайындығын, аумақты абаттандыру жұмыстарын нашар екендігін айтты.
Преображенка ауылындағы жеке меншік балабақшаның жөндеу жұмыстарының жеткіліксіздігінен пайдалану мерзімінен асып кеткендігін көрсетті. Жетекшілік ететін орынбасарлармен білім беру бөлімі басшыларына дарынды балалармен жұмыстың белсенділігіне, оларға көмек көрсетіп, қолдаған мұғалімдерді мадақтауға баса назар аударды. Әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімі басшысы Б.Оразғалиева аудандық Жұмыспен қамту - Картасын қалыптастырудың әдістемесі туралы ақпарат берді. Ол еңбек ресурстарында электрондық база құру үшін алда үлкен жұмыс.күтіп тұрғандығын айтты.
–Ауылдық әкімшілік мамандарының қарқынды жұмыстары мен нақты берілген мәліметтеріне байланысты. Бағдарламалардың сапасы және оның әрі қарай жүзеге асуы, оқыту, қайта оқыту, жұмыс орындарын ашуға байланысты.
Әкімшілік отырысының қорытындысын жасай келе, аудан әкімі ауылдық округ әкімдері мен тиісті қызметкерлерге өрт қауіпсіздігіне арналған жұмысты күшейту тапсырылды.
Надежда ШАРОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.