Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Апта басында аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалында Жастар орталығының ұйымдастыруымен ауданның жас мұғалімдері бас қосты. Жиынға әрбір ауылдық округтен жиырма шақты жас маман қатысып ортаға өткір сөз, өзекті мәселе тастады.

Жиында алғашқы боп сөз алған Көкпекті ауданы Жастар орталығының директоры Азамат Серікұлы Қалықов жас мамандарға орталықтың жұмысы мен міндеттеріне тоқталып өтті:


- «Жас Отан» жастар қанаты Елбасы жетекшілік ететін «Нұр Отан» партиясының жанынан құрылған жастар ұйымы. Жас Отанның негізгі мақсаты жастарға әлеуметтік қолдау көрсету, құқықтық тұрғыдан кеңестер беру, қоғамдық өмірге бейімдеу, жастарды қоғамдық ортамен араластыру, қоғамдық белсенділігін арттыру болып табылады. Шығармашылық жолдағы жастар болсын, спорт саласында жүрген жастар болсын, мәдениет саласының жастары болсын, мәдениет өкілдері болсын қай-қайсысына да арналған арнайы жобаларымыз бар, - деді.
Сонымен қатар, аталмыш жиында «Нұр Отан» партиясының Көкпекті аудандық филиалы төрағасының орынбасары Бақыт Есімханқызы Оразғалиева ел ертеңі жастарға жүктеліп отырған жауапкершіліктер жайында айтып, білімге бетбұру, спортпен шұғылдану, еңбекке ұмтылу турасында әңгіме қозғай келе, аудан жастарының жарқын істеріне оң баға беріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Жиын барысында жас ұрпақты толғандырған мәселелерді тілге тиек етіліп, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан бағдарламаларының жемісі жайында сөз етті.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз