Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қыркүйектің 20 күні Шығыс Қазақстан Облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ринат Арыстанбек Көкпекті ауданына іс-сапармен келіп, мемлекеттік қызметкерлермен кездесіп, әдеп кодексі, сыбайлас жемқорлық мәселелері жөнінде семинар-кеңес өткізді. 

Семинар кеңеске Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ринат Арыстанбек, аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин, ауылдық округінің әкімдері мен мамандары және дербес бөлімнің мемлекеттік қызметшілері қатысты.


Алғашқы болып сөз алған аудан әкімінің орынбасары Д.Қойгелдин семинар кеңесті жүргізіп отырды. - Бүгін біздің ауданға жоспар-кестеге сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ринат Арыстанбек семинар-кеңес өткізу үшін келді.Семинарға әр салада қызмет ететін ауданымыздың мемлекеттік қызметшілері қатысып отыр. Семинардың мақсаты – мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамалардың және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, - дей келе,сөз кезегінде Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ринат Арыстанбекке берді.
Жиын барысында Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ринат Арыстанбектің баяндамасы тыңдалды.
- Бүгінгі семинар-кеңесте қолданыстағы мемлекеттік қызмет заңнамасын, әдеп кодексінің негізгі нормаларын түсіндіру бойынша өткізуді жоспарлап отырмыз. Елбасының 100 нақты қадам» ұлт жоспарын жүзеге асыру шеңберінде елімізде әдеп жөніндегі уәкілдерінің институты енгізілді. Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қадағалайтын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптары бұзылуының алдын алуды назарда ұстайтын, өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес беретін мемлекеттік қызметші.
Мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Ринат Арыстанбек әлеуметтік желілерде оқырмандардың түрлі наразылығын тудырып жатқан мемлекеттік қызметкерлердің фотосуреттері жөніндегі мысалдарды келтіре отырып, бейнебаяндар көрсетті. Бүгінде мемлекеттік қызметкерлерге деген халықтың талабы күшейгенін ескертті және мемлекеттік билікке халықтың сенімін арттыру үшін де әрбір мемлекеттік қызметкер ҚР-ның мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексін қатаң ұстануы керектігін айтты.
Қазір ақпараттық технологияның дамыған заманы. Барлық адам әлеуметтік желіні жақсы пайдаланады. Әйткенмен, соның ішінде мемлекеттік қызметшілерге осындай сан алуан желіні қолдану тұрғысында қатаң тәртіп қойылған. Оның өзі – қызметшінің оң имиджіне нұқсан келмес үшін қадағалануы тиіс.
Жалпы айтқанда, қызметкерлер мен азаматтар әдеп жөніндегі өкілетті уәкілге кеңес алу, проблемалық жағдайларды реттеу, әріптестерімен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үшін жүгіне алады.
Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Д.Қойгелдин мен Үлкенбөкен ауылдық округінің әкімі Н.Назарханов әдеп жөніндегі уәкіл Ринат Арыстанбекке сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты. Семинар-кеңестен соң әдеп жөніндегі уәкіл жиынға қатысушыларға жеке қабылдап, мемлекеттік қызметкерлердің әдебі жөнінде түрлі өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

Шолпан АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз