Көкпекті ауданы әкімінің тапсырмасына орай маусым айының алғашқы сенбісінде аудан орталығында ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі болып өтті. Бұл жолғы жәрмеңкеде аудан орталығының тұрғындарына Биғаш, Көкпекті, Үлкенбөкен, Үлгілімалшы, Тассай, Теректі, Көкжайық, Шұғылбай Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округтеріне қарасты ауылдардан келген өнімдер ұсынылды.
Атап айтсақ, ет, балық, бал, жемістер мен көкөністер, нан,сүт өнімдері, күнбағыс майы,тұздалған көкөністер базар бағасынан төмен бағада сатылды. Аудандық ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімнің ақпаратына сүйенсек, жәрмеңкеде 1658 келі-сиыр еті, 230 келі-жылқы еті, 480 келі – қой еті, 676 келі – балық өнімдері, 60 литр – күнбағыс майы, 4306 дана – жұмыртқа, 44 келі – талқан, 45 келі – бал, 545 келі – сүт өнімдері, 35 келі – нан өнімдері, 198 литр – тұздалған көкөніс, 450 келі – көкөніс(картоп, орамжапырақ, сәбіз, пияз, қызанақ, қияр) және 6000 түп – көшет саудаланды.
Сол күнгі ауа райы жылы болып, жәрмеңкеге келген халық аз болмады. Ауыл тұрғындары жергілікті, сапалы азық-түліктерді төмен бағамен сатып алысты.Жәрмеңкеге келіп, қоржындары бос қайтпаған жұртшылықтың көңіл-күйі жайдары.
Ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің ақпараты бойынша ауылшаруашылығы жәрмеңкесі айына екі рет Көкпекті және Самар ауылдарында өтеді. Сенбі күнгі ұйымдастырылған жәрмеңкеге көңілі толмаған аудан әкімі ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік басшысы Ерлан Қалдыбаевқа ескертулер айтып тапсырмалар жүктеді.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.