Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жылдағы қалыптасқан дәстүрге сай биылғы жылы да мамыр айының 25-і күні аудандағы барлық мектептерде соңғы қоңырау үні сыңғырлады. Көкпекті ауданындағы барлық білім беру ордаларында мектеп оқушылары сап түзеп, ұстаздар қауымы жыл қорытындысын жасап, ал түлектер алтын ұяларымен қоштасты. Бұл игілікті шара Көкпекті ауылындағы білім ордалары Ж.Шайжүнісов және Көкпекті орта мектептерінде де салтанатты түрде орын алды.


Бұл күн Жақия Шайжүнісов атындағы орта мектеп мұғалімдерімен қатар, мектеп бітіруші түлектер үшін де ерекше маңызды екені анық. Шараның шымылдығы еліміздің Әнұранымен ашылды. Одан кейін мектеп директоры Қажет Жүнісбекұлы оқушылар мен ұстаздарды мерекелерімен құттықтап, ақ тілегін жеткізді. 2016-2017 оқу жылының мектеп үшін табысты өткендігін айтып, сол үрдістің жалғаса беруіне тілектестігін білдірді. Сонымен қатар, ол түлектерге Ұлттық бірыңғай тестілеуде жақсы көрсеткішке жетіп, әр кез биіктерден көріне берулерін тіледі.
Шараның арнайы қонағы «Нұр Отан» партиясының Көкпекті аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Г.Ақшабаева соғылған соңғы қоңырау мектеп бітіргелі тұрған түлектердің ең соңғы қоңырауы екенін тілге тиек етіп, бұл олардың өміріндегі мәңгі есте қаларлық оқиға болатынын сөз етті.
- Бүгін шуақты мамыр айының күнінде, барша оқушылар қауымы асыға күткен мереке де келіп жетті. Соңғы қоңырау мейрамы әр адамның есінде қалатын өмірдің ең жақсы күндерінің бірі болып келеді. Бүгінгі күн ұмытылмас сәт, балалық шақ және мектеп жылдарымен қоштасу мейрамы, жас түлектің жаңа өмірге жолдама алатын күні, - деп жылы лебізін білдіріп, Көкпекті ауылдық округі әкімінің м.а Е.Ниязбаевтың атынан аталмыш мектеп ұстаздары Н.Құнанбаев және Д.Мергенчиновке Алғыс хатты табыстады.
Көкпекті орта мектебінде де шара мемлекеттік Әнұранмен ашылды. Ақ бантик таққан қыздар мен сымбаты келіскен бозбалалар, баласының қуанышына ортақтасқан ата-ана, шәкірттерін қимай жүрген ұстаздар мектеп алаңына жиналды. Шараға ауылдық округ әкімінің м.а Е.Ниязбаев, Жастар орталығының бас маманы Ә.Артықпаев қатысты. Салтанатты шарада округ әкімінің м.а Ерлан Қизатоллаұлы оқушыларды, ата-аналар мен ұстаздар қауымын соңғы қоңырау мерекесімен, оқу жылының аяқталуымен құттықтады.
- Алғаш әріп танып, білім нәрімен сусындаған алтын ұя – мектебімен қоштасып, үлкен өмірге қадам басу адам өміріндегі ең бір айрықша сәт. Алдарыңызда ең бір жауапты міндет тұр. Ол – мамандық таңдап, өз болашақтарыңызды айқындау. Ал сіздердің осы уақытқа дейін алған білімдеріңізді сарапқа салатын ең маңызды дода – Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы күтіп тұр. Осы сыннан сүрінбей өтіп, өздеріңіз қалаған мамандық бойынша жоғары оқу орнына түсулеріңізге тілектеспін,– деп, мектептің бірқатар ұстаздары мен оқушыларын марапаттады.
Қос білім ордасындағы қуанышқа бөлер сәттер мұнымен шектелмей, спорттағы жетістіктері мен мектептің қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысқаны үшін бірқатар оқушылар БЖСМ директоры Ержан Кәрібаевтың мақтау қағаздарына ие болып, салтанатты шара көңілді шаттыққа бөлер әсем әндер мен билерге ұласты. Сыңғырлаған қоңырау үні вальспен жалғасты. Салтанатты шара барысында білім ордаларында оқушылар өздеріне тәлім-тәрбие беріп, әліппені үйреткен, отансүйгіштікке, ізденімпаздыққа, ізгілікке баулыған ұстаздарын құттықтап, шексіз алғыстарын білдірді.
Ләтипа Сағалова, зейнеткер, Батыр Ана, жас түлек Әзиза Қуандықованың апасы:
- Еліміздегі игiлiктердiң барлығы елдiң бола-шағы – жас ұрпақтың келешегi жарқын болуы үшiн жасалып жатыр. Туған жеріміздің мәртебесiн арттыратын сендерсiңдер! Қадамдарыңа сәттi сапар, өмiрлерiне құтты қадам тiлеймін!
Данияр және Бағила Ахановтар, «Алтын белгіден» үміткер 11 сынып оқушысы Балжан Бейсенованың ата-анасы:
- Осыдан 11 жыл бұрын тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған балалар бүгін таудай болып үлкен өмірге қадам басып отыр. Әр мектепте соңғы қоңырау мерекесі – бұл мектеп тарихына енетін көңілді әрі қуанышты оқиға. Ал мектеп ұстаздарына айтар алғысымыз шексіз, барлықтарын бүгінгі мерекелерімен құттықтай келе дендері сау болсын, үміттерін ақтайтын шәкірттері көп болсын!
Айжан Әлімбаева және ұлы Нұрәли:
- Бүгінгі мектеп бітіруші Жас түлектер, сендер, бүгін мектеппен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алғалы тұрсыздар. Бүгін барлық қазақстандық түлектер үшін мектеппен қоштасуға арналған атаулы мереке. Қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға ізгі тілегімді арнаймын.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз