Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жыл сайын облыс орталығында өтетін Көкпекті ауданының ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесі өткен аптада да дәстүрлі үрдісінен жаңылған жоқ. Көкпекті ауданынан жеткізілген ет, май, балық, сүт өнімдерінің мол таңдауы өскемендік тұтынушыны дән риза етті. «Freshmarket» фермерлік гастрономының аумағында өрбіген жәрмеңкені облыс әкімінің орынбасарлары Дүйсенғазы Мусин және Нұрымбет Сақтағанов аралады.


17 ауылдық округтен жеткізілген мол және эколониялық таза өнім облыс басшыларын тәнті етпей қоймады. Кең сұранысқа ие болған өнімнің бағасы да қолжетімді. Жәрмеңкеде сиыр еті – 1300-1500, жылқы еті – 1300-1600, тартылған ет – 1500, қой еті – 1200, шошқа еті – 1200, шортан, көксерке, мөңке балықтары – 650-800, сазан 1000 теңгеден саудаланды. Ал балдың бағасы барлық сауда сөрелерінде келісі – 900, сары май – 1500, он дана жұмыртқа 240-290 теңгеден қойылды. Картоп – 70-100, сәбіз – 80, орамжапырақ 90 теңге болды. Таңсәріден қайнап кеткен жәрмеңкенің сәнін қаптаған қалың қауым кіргізіп, сауданың көрігін қыздырды. – Апта сайын жәрмеңкені асыға тосатын болдық. Ауылдың бағасы қолжетімді өнімі көңілімізден шығып тұр. Бүгінгі жәрмеңкені ұйымдастырған Көкпекті ауданының басшылары халыққа нақты керекті, сұранысқа ие болатын өнім әкеліпті. Демек олар басты мақсат тұтынушының сұранысын қанағаттандыруды алға қойған деген сөз. Бұл қуантады, әрине. Шаруаларға биылғы жыл өнім мол болсын деп тілейміз, - деп ағынан жарылды өскемен тұрғыны Надежда Воронина.
Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлікті дамыту бөлімі басшысының орынбасары Бауыржан Абылғазы өскемендік сатып алушыларға ұсынылған өнімнің сан алуандағы мен сапасына бас ты назар аудартты. Оның мәліметі бойынша, бұл күні жәрмеңке сөрелерінде 7500 кг ірі қара еті, 1200 кг жылқы еті, 2100 кг қой еті, 200 кг шошқа еті саудаланған. Сонымен бірге 3200 кг балық өнімі, 2400 кг бал, 3400 кг картоп, 2400 кг орамжапырақ, 800 кг сәбіз өскемендік тұтынушыға ұсынылды. Жәрмеңке көпшіліктің көңілінен шықты, бас-тысы. Алыстан арқалап барған өнімнің жақсы өтуіне барын салған сатушылар да ерледі. Көрінбес майдан жауынгерлеріндей болып осы істің басы-қасында ауылдық округ әкімдері жүрді. Таң атысымен екі аяғынан тік тұрып, сөрелердің маңындағы тәртіпті қадағалап, шаруалар әкелген өнімдерін ыңғайлы орналастырсын деп тыным таппаған ауыл әкімдерінің еңбегіне дән риза боласың осындайда. Ортақ істе аудан абыройы үшін тер төккен барлық көкпектіліктердің басты бағасы өскемендік тұтынушылардың ақ жарқын көңілі мен шексіз алғысы.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз