Наурыз мейрамы - ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Наурыз - достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-біріне деген ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген.
Наурыз мерекесін қарсы алу, көпшіліктің көңілінен шығу үшін, самарлықтар жылда ұйымшылдық, бірлік танытады. Биыл да барлық ұжымдар бірігіп, тамаша кигіз үйлер орнатып, қонақтарға есіктерін айқара ашты. Олар – Ж.Болғанбаев атындағы мектеп-лицейі, «Қалисатарұлы» ШҚ, ПДУ-6; Арнаулы әлеуметтік орталық, «Дүсіпов Б.» ЖК, № 1 Самар ОМ; «ЖҚБ-14» ЖШС, Ауданаралық аурухана, Мәдениет үйі; «Мәмбет» ШҚ, Самар бастауыш мектебі, «Дәншік» балабақшасы; «Еңбек Агро» ЖШС, «Рыбпром» ЖШС, аграрлық-техникалық колледжі болды.
Сонымен қатар, мереке күні ауылдық әкімшілік ұйымдастырған жәрмеңкеде ерекше көңіл-күй сезіледі. Жеке кәсіпкерлер өнімдерін тұрғындарға төмен бағада ұсынды, қолжетімді тауарларға сұраныс көп болды.
Самарлықтар тек сауда жасап қана жатқан жоқ, бір-бірін айтулы мерекемен құттықтап, мәре-сәре. Үлкенбөкендік М.Ноғыспанов әкелген жылқы етінің келісі 1200 теңгеден әп-сәтте өтіп кетті. – «Өзгелер қымбат сатқанша, өз өнімімізді өзіміз жәрмеңкеге арзан таратайық», - дейді кәсіпкер Р.Ибраев. Тұтынушыларға ұсынған алтын түсті ара балы келісі 900 теңгеден болды. Қосымша Самардың, Көкпектінің кәсіпкерлері шұжық, балық, кондитер, сүт өнімдері мен кәуап та шығарды. – Мерекеге қарсы осындай тамаша жәрмеңке ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреміз, – деп бірнеше тұтынушылар өз ой–пікірлерімен де бөлісті.Мәдениет үйінің өнерпаздары таңқаларлық театрландырылған көрініс дайындап, көпшіліктің көңілін бір серпілтті. Бағдарламаның жүргізуші Жер-Ана (А.Ыхай), Наурыз аруы – Темірхан ерекше көзге түсті. Ақ жаулықты әжелер халық арасында шашуларын шашты.
Жиналған қауымды Наурыз мерекесімен аудандық мәслихаттың хатшысы Т.Сарманов, Көкпекті ауданының «Құрметті зейнеткері» Б.Қожамбетов, «Дүсіпов» ШҚ басшысы Е.Дүсіпов, иеромонах Николай әкей, имам Б.Кәлебай. - Наурыз - бұл ежелгі дәстүр бойынша Жаңа жылдың басталуы ғана емес, бұл сонымен бірге таңғажайып көктем мерекесі, табиғаттың қайта түлеп, қайта жаңғыруы. Көктемгі күндер сіздерге денсаулық, табыс, қуаныш, береке алып келсін!– деді қадірлі қонақтар.
«Наурыз келді, Жаңа күн! Нұр сөбеле, Ұлыстың Ұлы күні! Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін. Тауық жылы ел тыныш, туған жер аман болып, әр отбасында шат көңіл, бақыт және береке салтанат құрсын!», - дегіміз келеді. Солай болғай, жылдың басы жақсылық әкелсін, нұрға нұр сепсін!
Қанат АПСАДЫҚОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.