Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өткен аптада біздің ауданға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Сәлімжанұлы Дюсембинов келді. Жуырда жарияланған Елбасының Жолдауын халыққа насихаттау мақсатымен келген лауазымды қонақ аудан орталығында Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде халықпен кездесіп, мұң-мұқтаждарын тыңдады.

 

Мәжіліс депутатымен бірге ШҚО Мемлекеттік еңбек инспекция басқармасының басшысы Бақытбек Құрманбекұлы Қизатов болды. Кездесуді кіріспе сөзбен бастаған аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қабайұлы Қалдыбаев қонақтарды таныстырып, сөз кезегін Берік Дюсембиновке берді. Берік Сәлімжанұлы жылы шыраймен, ақ көңілмен қарсы алғандарына рахметін айтып, Елбасының сындарлы саясаты төңірегінде сөз қозғады.
- Сапар барысында біз Президентіміз белгілеген міндеттердің алыс ауылдарға да жетіп, жүйелі түрде орындалып жатқанына тағы бір мәрте көз жеткіздік. Ең бастысы, мемлекеттік бағдарламалар орындалуда, демек, осының бәрі халық игілігіне бағытталып жатқаны қуанышты. Елбасының Қазақстан халқына арнаған әрбір Жолдауы ел халқының бірлігін, әлеуметтік толысуы мен өмірін жақсартуды көздейтінін атап өтті. Сондықтан бізде мақсат та, жоспар да, тапсырма да бар,- деді депутат.
Кездесу барысында көкпектіліктер өздерінің ұсыныстарын жеткізіп, қызықтырған сауалдарын қоя алды. Оларды тыңдаған Мәжіліс депутаты өз құзыры жеткенше сауалдардың шешімін табуға көмек қолын созатындығын ескертті. Мәжіліс депутатының жұмыс сапары Самар ауылдық округінде жалғасты.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз