Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

12 мамырда біздің ауданымызға Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің бір топ депутаттары мен билік басындағы орталық органдардың өкілдері жұмыс сапарымен келді.

Олардың ішінде ҚР АШМ Комитетінің Төрағасы Р.Мадинов, «ҚазАгроИнновация» АҚ Басқармасының Төрағасы А.Сатыбалдин, ҚР АШМ өсімдік шаруашылығы департаменті директорының орынбасары Б.Ілиясов, ҚР АШМ мал шаруашылығы департаментінің директорының м.а. Е.Ахметов, ҚР Комитет Төрағасы Қ.Мүсапарбеков, Мәжіліс Комитетінің хатшысы Т.Ибраев, Мәжіліс депутаттары Ж.Дүйсембаев, Р.Ким, А.Маковский, А.Тойбаев, Р.Халмұрадов, С.Үмбетов, Р.Шаекин. Олардың келу мақсаты - аудандағы аграрлық саланы дамыту үшін қолданылып жатқан инновациялық жобалармен және мемлекеттік қолдау шараларымен танысу болды.

 

Қонақтар «Мәмбет» шаруа қожалығының өндірістік базасына, «Рыбпром» ЖШС, спорттық модуль, Мәдениет үйі, «Кузьмич» ЖШС және агротехникалық колледжге барып, бүгінгі ахуалымен танысты. Бұл мекемелердің әрбіреуі өздерінің қайта өңдеу саласындағы инновациясымен, дуальдік оқыту жүйесімен, аквакультураны дамытуымен, спорттық жетістіктерімен және талантты орындаушыларымен белгілі.

«Мәмбет» шаруа қожалығының басшысы Е.Мәмбетов шаруашылықта бірнеше жыл көлемінде құрылып келе жатқан дәнді дақылдар кластері жайлы әңгімеледі. Жыл сайын жаңа техникалар мен құрал-жабдықтар сатып алынуда. Бұл жерде дәнді дақылдарды өсіруден бастап оны толық қайта өңдеуден өткізгенге дейінгі өндірістің күрделі де толық циклы жұмыс жасап тұр. Қонақтар назарына нан-тоқаш өнімдерінің өзінен он тоғыз түрі шығарылған шаруашылықтың өнімдері көрмесі ұсынылды. Парламент Мәжіліс депутаты Ким Роман кәсіпорынның қызметін жоғары бағалады. – Мен өзім ауылда тудым, ауылда өстім. Сонда аудан әкімі болып қызмет жасадым. Ауданның шалғайда орналасқанын есепке алсақ, бүгінгі Есенбек Мәмбетов көрсетіп отырған жаңалықтары бізді қуантпай, таңғалдырмай қоймады. Кәсіпорын инновациялық дамуымен алыс болашаққа бағытталған біртұтас механизм ретінде жұмыс жасауда. Адамдары да тек мемлекетке иек артпай, өз қаржыларын салып, жаңа биіктерді бағындыруға ұмтылуда. Бұндай үлгілі іс мақтауға тұрарлық, - деді Роман Үсенұлы.

Самар аграрлық-техникалық колледжінің директоры Н.Исенов депутаттарға дуальдік оқыту жүйесі, оқу орынында даярланатын мамандықтар туралы баяндады. Колледж студенттері өздерінің болашақ мамандықтары туралы мақтанышпен әңгімелей келе, қонақтардың сұрақтарына жауап берді. Омарташылармен, нан пісірушілермен, кең бағыттағы машинист-трактористермен қызықты да ашық әңгіме алаңы орнады. ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Анатолий Маковский студенттердің табысты білім алуына мүмкіндік беретін колледждің жақсы материалдық-техникалық базасын атап өтті. – Сіздердің ауылдарыңыз маған қатты ұнады, жақсы ауыл екен. Орналасқан табиғи жағдайы да, қорлары да жергілікті адамдардың дамуына оң ықпалын тигізеді. Өз еңбегіңмен отбасыңды, өзіңді қамтамасыз ету үшін мұнда барлық жағдайлар бар. Ал, колледжде ауылдық мекенге қажетті кадрлар дайындалады. Егер, бұрындары омарташы, мал дәрігері Қазақстаннан тысқары жердегі қалаларда дайындалса, ал бүгінгі күні еліміздегі осы сала бойынша «алғашқы қарлығаштар» - сіздер. Осындай игі бастаманың болғанына мен өте қуаныштымын. Сіздердің оқу орындарыңызға ертеңгі күні басқа аймақтардан келіп оқитындар саны көп болады. Және бұл колледж тек аудан немесе облыс көлемінде ғана емес, республикаға әйгілі болады, - деді Анатолий Павлович.

Ауданда өнімі көбінесе экспортқа жіберілетін ірі қайта өңдеу кәсіпорны – «Рыбпром» ЖШС бар екені баршаға белгілі. Алайда, соңғы жылдары шикізат жағынан қиындықтар туындауда. Сол себептен, қонақтар назарына уылдырық өсіру шаруашылығын құру бойынша жобалар мен бағалы балықтарды, шаянды интенсивті кешенді өсіру, жылыжайда өсірілетін өсімдік шаруашылығын дамыту, сондай-ақ, интеграциялық жүйедегі құрамажем және биогумус өндірумен айналысатын «Кузьмич» ЖШС ұсынылды.

«Рыбпром» ЖШС-на саяхат кезінде оның болашағы мен қуатын бағалаған депутаттар ауданда келешегі бар инновациялық жобаларды жүзеге асыру бойынша үздіксіз өндіріс мәселесі шешіліп отырғанын атап көрсетті.

Депутаттар назарына спорттық модуль мен Мәдениет үйінің жұмысы да ұсынылды. Қонақтар «Асыл қазына» әжелер клубы және казак ансамблінің орындауындағы әндерді рахаттана тыңдады. ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Розақұл Халмұрадов мұнда халықтық дәстүрлердің дамытылып отырғаны үшін алғыс білдірді. – Қазақ халқының батыр ұлы Бауыржан Момышұлы: «Мен үш нәрседен қорқамын, біріншісі - немерелеріне ертегі айтып беретін егде жастағы әйелдердің саны азайып бара жатқаны, екіншісі - біздің төл мәдениетіміз бен дәстүрімізді сақтаушылар азаюда және үшіншісі – ұлттық құндылықтарды жалғастырушылар жоқ», деген. Алайда, байқауымша сіздердің ауданда халықтар достығын нығайта отырып, халық даналығын сақтайтын, салт-дәстүрлерді табысты түрде дамытатын адамдар бар екен, - деді Розақұл Сатыбалдыұлы. Оның пікірін барлығы қолдады.

Мәжіліс депутаты Жексенбай Дүйсембаев олардың сапарының мақсаты – жергілікті ауыл шаруашылық өндірушілерінің жұмысымен танысу екенін атап өтті. – Бұл бағытта біз сіздерден көп нәрсені алдық. Әсіресе, аквакультураны дамытып отырған «Кузьмич» ЖШС, балық өсіріп өндірудегі өте қызықты жобалар көңіл аударуға татырлық. Маған «Мәмбет» ШҚ жұмысы ұнады. Менің ойымша, бұл сіздердің аудандағы сұранысқа ие салалар. Және басшылық дұрыс жолды таңдаған.

Надежда ШАРОВА, Клара НҰРПЕЙІСОВА 

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз