«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимаратында көршілес төрт ауданның депутаттық фракция мүшелерінің қатысуымен семинар болып өтті. Көкпекті, Жарма, Тарбағатай және Зай-сан аудандарының халық қалаулыларының басын біріктірген семинар «Аудандық деңгейдегі мәслихаттардағы партия фракциясының қыз-меті» тақырыбы аясында өрбіді. Өңірлік семинар жұмысына «Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлімінің меңгерушісі Динара Айтанқызы Исанова, Көкпекті аудандық мәслихат хатшысы Талғат Сарманов атсалысты.
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлбаран Ақша-баеваның төрайымдық етуімен өткен басқосу аймақтық деңгейдегі оқыту кестесіне сәйкес жүргізілді. - Аз уақыттың, 25 жылдың ішінде еліміздің алған асулары мен толағай табыстары тек ұлттар арасындағы татулық, жарасымды келісім, бірліктің арқасында екені ақиқат. Осы ақиқатты жас ұрпақтың санасына сіңіру - Сіз бен бізге берілген сын. Ел боламыз десек, «Мәңгілік Ел» идеясы біздің жастар үшін ең ізгі құндылыққа айналуы тиіс. Елбасының сөзімен айтқанда, «Тәуелсіздіктен жоғары құндылық жоқтығы» бұл шындықты, өзіміз ұғынуымыз және ұғындыруымыз қажет. Жетем дегенге жігер, болам дегенге қажыр беретін Ұлт Жоспары Алтай мен Атыраудың арасын алып жатқан жас мемлекетіміз, болашақта қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын, кезінде Асан қайғы бабамыз аңсаған Жерұйыққа айналуының негізгі алғышарттарын белгілеп берді. Ұстанар бағыт, жетер меже - Мәңгілік ел платформасы. Ендеше, ағайын, Мәңгілік тілі бар, бірлігі берік Мәңгілік еліміздің жер шарындағы шамшырағын өшірмеу - бізге аманат. - деді Гүлбаран Майлыбайқызы.
Партиялық жобаларды жүзеге асыруда аудандық мәслихат депутаттары - фракция мүшелерінің белсенді жұмыс жүргізіп отырғаны да ерекше айтылды. Атап айтқанда: «Ұлы дала елі» жобасы бойынша маусым айында Қ.Аухадиев атындағы БПҰ ШҚО ақын-жазушыларымен кездесу өткізілсе, Биғаш партия тобында қазақ күресінен, ат бәйгесінен жарыс өткізілген. Көкжайық ауылында «Биік шаңырақ» атты көпэтносты тұрғындар арасында фестиваль, Теректі бастауыш партия ұйымында 1 мамыр мерекесіне қарсы «Бірлігіміз жарасқан» атты фестиваль жалауын көтерген.
«Қазақстанның саяси жүйесіндегі «Нұр Отан» партиясының орны мен рөлі» тақырыбында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының консультанты Қайрат Малғаждаров баяндама жасады. Келісім шарт бойынша СММ-нің аймақтық лекторы өз баяндамасында тақырыпты кеңінен ашып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік - саяси құрылымы, қоғамның саяси жүйесі туралы түсінікті жүйелі жеткізді.
- Биыл «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 17 жыл толды. Бүгінгі таңда «Нұр Отан» партиясы республикамыздың барлық өңірінде өкілдіктері бар, кәсіпорындар мен мекемелерде бастауыш ұйымдары бар беделді саяси күшке ие болды. «Нұр Отан» партиясының ең қуатты саяси күшке айналуы осы партияның Төрағасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты. Елба-сының жас тәуелсіз мемлекетті қалыптастырудағы қайраткерлік еңбегі, әлемді мойындатып отырған саяси ұстанымы әрдайым халықтан қолдау тауып келеді. «Нұр Отан» партиясының ұстанған басты бағыты Мемлекет басшысының идеяларын іске асыру болып табылады. Сондықтан да «Нұр Отан» елдік мүддені жүзеге асыратын халықтық партия атанып отыр. «Нұр Отан» партиясының мақсаты – дамыған азаматтық қоғам институттары мен заманауи бәсекеге қабілетті саяси жүйесі бар, экономикасы жағынан мықты, демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру. Партияның әрбір мүшесінің осы жолда адал қызмет жасауы – оның Отан және халық алдындағы азаматтық парызы, - деп түйіндеді баяндамашы.
Ашық әңгіме, еркін пікір алмасу алаңына айналған семинар барысында аудандық мәслихат депутаты Елена Сихварт «Нұр Отан» партиясы фракцияларының қызмет тиімділігін бағалау бойынша сөз қозғап, жергілікті жерде фракция атқарып отырған жұмыстарға тоқталды. «Мәслихат депутатының суреті» тренингі төрт ауданнан бас қосқан әріптестердің жақын араласып, тәжірибе алмасуына негіздеме болды. Семинар жұмысының барысында тығыз қарым-қатынас орнатып үлгерген халық қалаулылары тест тапсырып, «Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлімінің меңгерушісі Динара Исанованың қолынан сертификат алды. Қонақжай еліміздің салтынан айнымаған көкпектіліктердің бай пейіліндей ақ дастарханынан дәм татып тарқасты.
Еліміз егемендік алып, еңсесін тіктегеннен кейінгі мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаулардың нәти-жесінде «Нұр Отан» партиясының Көкпекті аудандық филиалы да халықпен етене араласып, азаматтардың талап-тілектерін, шағымдары мен мұң-мұқтаждарын дер кезінде ескеріп, көптеген мәселелердің түйінін тарқатып, көкейдегі сауалдарға қашанда орынды ой, орнықты жауап қайтара алатын дәрежеге жетті. Арыз-шағымдарды қарауда құқықтық теңсіздік пен ел ынтымағына, халық бірлігіне селкеу түсіретін жайттардан аулақ болып, әділдікті ту еткен Көкпекті аудандық филиалы азаматтардың өміріне белсене араласып, заң аясында кеңестер беріп, партия беделін асқақтата түсті.
Дархан БЕРДІБЕК
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.