28 наурызда Көкпекті ауданының әкімі Р.Н.Сағандықовтың қатысуымен алтыншы шақырылымдағы Көкпекті аудандық мәслихаттың бірінші кезекті сессиясы өтті.
Күн тәртібінде алтыншы шақырылымдағы аудандық мәслихат хатшысын сайлау, алтыншы шақырылымдағы аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларын құру, алтыншы шақырылымдағы аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының құрамын сайлау туралы мәселелер қаралды
Сессия жұмысын, қолданыстағы заңға сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Б.Оразғалиева ашып жүргізді.
Бірінші сессияның жұмысына аудан әкімі Р.Н.Сағандықов, аудандық Мәслихаттың хатшысы Р.Беспаев, аудандық Мәслихаттың депутаттары қатысып отырды. Сонымен қатар, сессияға аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мекеме басшылары, ауыл әкімдері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері шақырылды.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Б.Оразғалиева 2016 жылғы 20 наурызда өткен Көкпекті аудандық Мәслихатының депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы хабарлама жасап, сайланған депутаттарға куәліктер мен төсбелгілер табыстады.
Аудан әкімі Р.Н.Сағандықов жаңадан сайланған депутаттарды құттықтап, бұрынғы мәслихат хатшысы Рамзи Беспаевтың көп жыл бойы еңбек еткенін ерекше атап өтті, сондай-ақ, бесінші шақырылымдағы аудандық мәслихат депутаттарына жемісті еңбектері үшін алғысын білдірді.
«Бүгін Президент Парламент Мәжілісінің алдына бірқатар міндеттер қойды, осы тапсырмаларды орындау барысында бізге де жүктелетін ортақ жауапкершілік мол», – деді Рамиль Нығметжанұлы жаңа шақырылымдағы аудандық мәслихат депутаттарына.
Аудандық Мәслихаттағы 13 орынға барлығы 49 адам ұсынылды Сайлау қорытындысы бойынша аудандық Мәслихатқа 13 депутат сайланды және хабарлама назарға алынды. Ел аманатын арқалап, мандатқа ие болған аудандық Мәслихат депутаттарының басым көпшілігі “Нұр Отан” партиясының өкілдері.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 12-ші бабына сәйкес аудандық Мәслихаттың сессиясы төрағасы болып №5 Теректі сайлау округінен депутат Қ.Садықов сайланды және сессия жұмысын одан әрі жүргізіп отырды.
Алтыншы шақырылған аудандық Мәслихаттың бірінші сес-сиясының күн тәртібінде аудандық мәслихаттың хатшысын сайлау, тұрақты комиссияларын құру, тұрақты комиссиялардың төрағалары мен құрамын сайлау, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының депутаттық фракциясын тіркеу, екінші сессиясының күн тәртібі және екінші сессиясының төрағасын ұсыну, екінші сессиясының редакциялық комиссиясын құру туралы мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе қаралып, депутаттардың көпшілік дауысымен аудандық Мәслихаттың хатшысы болып депутат Талғат Сарманов сайланды.
Аудандық Мәслихаттың екі тұрақты комиссиясы құрылып экономика, бюджеттік жоспарлау, қаржы, заңдылық пен құқық қорғау және әлеуметтік мәдени салалар жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып депутат Сихварт Елена Павловна және құрылыс, автокөлік коммуналдық шаруашылық, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі комиссиясының төрағасы Қанат Бидахметұлы Сыдықов сайланды. Сессия осымен өз жұмысын аяқтады.
КЛАРА ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.