Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Дүкен сөрелерінен орын алған түрлі-түсті тауарлық белгісі бар өнімдер тұтынушылар назарын өзіне тарта бастағанына да біршама уақыт өтті. Қазақстандықтарды бұл жердегі сапалы, дәмді әрі қолжетімді бағамен ұсынылатын өнімдердің молдығымен таң қалдыра алмайсыз. Қазақстанда жасалған өнімді таңдай отырып, біз өнім өндірушілар ғана емес, елді де қолдайтынымыз рас. Өнім өндірушілер біздің азаматтар үшін жаңа жұмыс орындарын ашса, біз соған орай, өз жерімізде жасалған, пайдалы тағамды сатып аламыз. Қазіргі таңдағы патриоттық сезім аса қажетті кезеңде жергілікті, өзіміздің өнімдерді таңдайтын уақыт жетті.
Аудан әкімінің орынбасары А.Ж.Әкімованың төрағалығымен өткен Көкпекті ауданындағы шағын және орта бизнесті дамыту бойынша кеңейтілген семинар-кеңесте осы туралы сөз қозғалды. Бұл отырысқа ШҚО «Даму» қоры АҚ филиалының директоры Т.Екеев, ШҚО бойынша кәсіпкерлер Палатасының Көкпекті аудандық филиалы директоры Ә.Мұқашева, «Мәмбет» ШҚ басшысы Е.Мәмбетов, Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Қ.Умаров, тұтынушылар құқығын қорғау бойынша комитет филиалының басшысы Г.Абдрасулова, ауылдық округ әкімдері және ауданның жеке кәсіпкерлері қатысты. А.Жанахметқызы қатысушыларға облыс әкімі Д.Ахметовтың тапсырмасы бойынша тұрғындарға, кәсіпкерлерге, ауылдағы бизнесті, кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдау шаралары бар екенін түсіндіру мақсатында аталмыш кеңестің өткізіліп отырғанын хабарлады.
- Ауданымызда бар–жоғы екі қайта өңдеу нысаны бар екені құпия емес. Ол «Рыбпром» ЖШС - балық өнімдерін өңдейді және «Мәмбет» ШҚ – ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейді. Бүгінгі күні шешілуі кезек күттірмейтін басты мәселелердің бірі - ауданымызда өзара ақпарат алмасу және кәсіпкерлердің ауызбіршілігінің жоқтығы. Олар әлі жергілікті өнім өндірушілердің не өндіретінін және тұтынушыларға нені ұсына алатынынан хабарсыз. Сырттан әкелінген тауарды халыққа ұсына отырып, олардың қандай жағдайда өндірілгенін, сапасының қандай екенін біле білмейді. Алайда, адамдардың денсаулығы ең басты орында ғой. Ақпараттық кемшілікті жою үшін өндірушілермен арадағы сұхбатты қамтамасыз ету қажет деді, - Алмагүл Жанахметқызы.


Ауылшаруашылық бөлімі маманының ақпа-раты бойынша 2016 жылдың 1 қаңтарына ауданда 1954 шағын және орта бизнес нысандары тіркелген, олардың ішінде заңды тұлғалар - 103, жеке кәсіпкерлер - 1069, шаруа қожалықтар 782 бірлік. Өткен жылы шағын және орта бизнестің жеке кірістерінен бюджет қоржынына түскен қаржы 37%, экономикалық белсенді тұрғындардың ішінен 400–ден астам адам немесе 21% кәсіпкерлікпен шұғылданады. Индустриаландырудың аймақтық картасының аясында, аудан әлеуетін күшейту мақсатында 4 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Шағын және орта бизнестің өнімдерін сертификаттау процедурасы жеңілдетілген, ба-қылайтын, инспекция жасайтын органдар қыс-қартылды.
2011-2015 жылдар аралығындағы шағын несиелендірудің жағымсыз нәтижелері отырыс барысында қайтадан көтерілді. Бүгінгі күні «Ертіс» СПК алдында ауданның 171 борышкерлері 145 млн. теңге көлемінде қарыз. Егер салыстырмалы түрде айтар болсақ, Жарма ауданы бір тиынға да қарыз емес, ал Тарбағатай ауданы бар-жоғы 10 млн. теңге қарыз екен.
ШҚО бойынша кәсіпкерлікті дамытудың «Даму» қоры АҚ филиалының директоры Т.Екеев шағын және орта бизнес нысандарын қолдауға қатысты әңгімеледі. Тимур Жақсылықұлы өз сөзінде: «Кейбір кәсіпкерлердің шалыс түсінетініндей, «Даму» қоры несие берумен шұғылданбайды, қаржыландыру туралы шешімді екінші дәрежелі банктер қабылдайды және барлық қатер оларға төнеді. «Даму» қорының қызметі - кепілдендіру жағдайлары туындағанда, Банкке ұсынылатын кепіл заттың жетіспеуіне орай, пайыздық ставканы арзандату болып табылады. «Даму» қоры қаржылық емес қолдау жағынан бизнес үшін тегін сервистік қызмет көрсетудің біртұтас кешенін жүзеге асырады. Оның ішінде бизнес-жобаларды құру және әзірлеу, заң тұрғысындағы, бухгалтерлік және салықтық кеңестер, әртүрлі оқытып, үйрететін бағдарламалар, тренингтер, шеберлік сыныптар өткізеді.
«Мәмбет» ШҚ басшысы Е.Мәмбетов мекемедегі ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және өңдеу туралы айтып өтті. Ал, нан-тоқаш өнімдерін дайындау, ұн өндіру, азық-түлік өнімдерінің сапасын бақылау үдерістері туралы «Мәмбет» ШҚ технологтары О.Лунаева мен А.Жакупова әңгімелеп берді.
Мамандардың айтуынша, мекеменің өнімімен бүкіл ауданды қамтамасыз ету мүмкіндігі бар көрінеді. Оның күш-қуатының тек 50% жұмсалып отыр. Аудан кәсіпкерлерімен арпа жармасы және тары дәндерін сату бойынша келеңсіздік орын алған. Олай дейтініміз, кәсіпкерлер делдалдық қызметті пайдаланбай-ақ, жергілікті орындағы «Мәмбет» шаруашылығынан тікелей сатып алудың орнына облыс орталығындағы қоймалардан таситыны.
Өсімдік шаруашылығын дамытумен қоса, бұл қожалық мал өсірумен де айналысады. Технолог М.Қамысованың баяндауынша, мекемедегі өндірістің соңғы енгізген жаңалығы, ет өнімдерінің жартылай фабрикат түрінде шығарылуы. Ет өңдеу цехында жұмыс істеу технологиясын, тартылған ет, түшпара, манты, котлет жасаудың сырларын үйрену, мөлшері мен өлшемдерін білу үшін Маржан Қамбарқызы Өскемен қаласында тағылымдамадан өтті. Бүгінгі таңда цехта 4 адам жұмыс істеуде. Енді дайын жартылай өнімдерді шығара бастаумен байланысты қосымша жұмыс орындары ашылатын болады. Ет өңдеу цехы заманауи құрылғылармен жабдықталған және барлық стандарттарға сай. Дайын өнімдер әзірше вакуумды буып-түйіліп, «Ғалия» дүкенінде тұтынушыларға ұсынылуда.
- Біз өндірген тауарлар нарықта бәсекелестікке қабілетті болатыны кәміл. Өйткені, біз экологиялық таза, өзіміздің шикізатты пайдаланамыз. Құрметті кәсіпкерлер, аудан тұрғындарын жергілікті тауар өндірушілер өндіретін сапалы да дәмді азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету үшін ынтымақтасуға толық негіз бар, - деп көрсетті Маржан Қамбарқызы.
ШҚО бойынша аудандық кәсіпкерлер Палатасы филиалының басшысы Ә.Мұқашева өз сөзінде кәсіпкерлікті қаржысыз қолдау шаралары мәселелеріне тоқталды, аталмыш мекеменің атқарған жұмысы туралы баяндады. Жаңа жылдан бастап аудандағы кәсіпкерлікті дамытуға бұрынғыдан да мол мүмкіндік беретін, билік органдары мен шағын және орта бизнес нысандарының сұхбаттасу алаңын кеңейте түсетін кәсіпкерлік Кодексі әрекетке кіріскенін тілге тиек етті..
Ә.Мұқашева сөзінің соңында Есембек Дә-лелұлы Мәмбетовке, ШҚО кәсіпкерлік Палатасын республикалық «Алтын Сапа» байқауына қатысқаны және бизнеске инновацияларды енгізгені үшін «Атамекен» Ұлттық Палатасының грамотасын табыстады. Салтанатты бөлім аяқталған соң кәсіпкерлер «Мәмбет» ШҚ–ның, «Рыбпром» ЖШС-ның кәсіпорындарын аралады. Жергілікті өнім өндірушілердің жұмыстарын өз көздерімен көріп, олар жергілікті өнімдердің озық сапасын байқап, таңданысын жасырмады. Бұл күні шаруа қожалығында жұмысшыларға арналған жаңа асхана, жергілікті ет өндірісін өңдеу цехының ашылу салтанатына куә болды, дайын өнімдердің көрмесі ұйымдастырылды. Нәтижесінде аудан кәсіпкерлері жергілікті тауар өндірушілермен ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.
«Мәмбет»ШҚ өнімдерін сатып алу бойынша барлық сұрақтарға жауап алу үшін төмендегі байланыс телефондарына хабарласуға болады: 8 777 535 31 87, 32 971, 32 972.
Қанат АПСАДЫҚОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз