Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Елбасының Жарлығына сәйкес Көкпекті ауданында Теректі, Шұ-ғылбай, Мариногорка, ауылдық ок-ругтерінде бекіткен кестеге сәйкес, 2016 жылдың 26-27 қаңтарында аудан әкімі Р.Сағандықов және ауылдық округ әкімдері халыққа есеп беру кездесулерін өткізді.
Елімізде Елбасы Нұрсұлтан Назар-баевтың тапсырмасымен облыс, қала және аудан әкімдерінің халық алдында есеп беруі бүгінгі таңда бұлжымас дәстүрге айналып кетті. Осының нәтижесінде қазір билік пен халық арасындағы байланыс сапалы жаңа жолға түсіп, көптеген түйткілді мәселелер шешімін тауып жатыр. Өйткені,, осы жүзбе-жүз кездесулерде жұртшылық әкімдерге өз тұрғылықты жерлеріндегі өзекті мәселелерді батыл айтып, келесі жылы оның қалай шешілгендігі туралы жауаптарына қанығатын болды. Әрине, бұдан басқа халық пен билік арасында мәселенің шешілуіне әкімдіктерде ашылған сайттар, сенім телефондары мен жәшіктері де тиімді жол болып отыр.
Ең алдымен ат басын аудан әкімі Теректі ауылдық округіне тіреді. Әкімшілік ғимаратының акт залына лық толы жиналған ауыл тұрғындарынан, олардың белсенділігін, ауызбіршілігін аңғаруға болады. Жалпы, бүгінде әкімдердің есеп берулеріне ауыл тұрғындары әбден үйренісіп қалғандығы соншалық, тиісті сұрақтарын әбден сараптап барып қоятынын байқап қалдық. Мәселен, Теректі ауылдық округіндегі тұрғындарды көп жылдан бері толғандырып жүрген, су құбырын жөндеу мәселесі, мектепке күрделі жөндеу керек төңірегінде болып, аудан әкімі тарапынан сұраққа қанағаттарлық жауап алынды. Себебі, бар мәселенің шешімін, қаражат шешетіндіктен аудан әкімі өз тарапынан бұл мәселенің жолын табуға уәде берді. Сондай-ақ, ауыл тұрғындары жеке өздеріне ғана қатысты мәселелерге тоқталмай, бүкіл аумақ көлеміндегі түйткілді жағдайларға көңіл бөлгендері қуантады. Міне, осылай биылғы аудан, ауыл әкімдерінің есеп берулерінде Теректі ауылдық округінде негізгі түйткілді мәселелердің беті ашылғандай болды.

Енді биылғы аудан әкімдерінің халық алдында есеп беру кездесулерінде барлық аудандарда ең көп көтерілген мәселеге назар аударайық. Ол – қауіпсіздік қызметі. Бұл жөнінде Теректі ауылдық округінің полиция инспекторы Ж.Разаев өз сөзінде: «Қазіргі таңда ұрлық қылмысы өте маңызды мәселелердің бірі болып табылады, сондықтан ауылдарда жеке меншік сауда орындары дүкендер бар, олар арнайы дабыл тетігін орнатпағандықтан, олар қылмысты болдыруға жағдай туғызады. Сол себепті осы бағыттағы жұмысты жандандыру керек», - деді полиция капитаны.
Ал, Шұғылбай ауылдық округіндегі кезекті есептік жиын І.Жансүгіров атындағы білім ордасының акт залында өтті. Шұғылбай ауылдық округінің бас маманы А.Назарханова өткен жылы атқарылған жұмыстарды қысқаша баяндап өтті. Аудан әкімі Рамиль Нығметжанұлы ауыл тұрғындарымен бірге ауылдық округ әкімінің есебін тыңдап, өзі де өткен жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылап, алдағы жылға арналған міндеттерге тоқталып, есеп берді. Әрине, жыл басында аудан әкімінің есебі аудандық «Жұлдыз»-«Новая жизнь» газетінде жарияланғандықтан, жұрт-шылық онымен жақсы таныс болатын. Дегенмен, аудан басшысы әр сала бо-йынша жүзеге асқан істер мен алдағы міндеттерге қысқаша шолу жасап, соңынан ауылдықтардың мұң-мұқтажына құлақ түрді. Аудан әкімі биылғы Елбасы Жолдауы бойынша жұмыстардың әлі де алға басатынын айтты. Көпшілікті ынтымақта, бірлікте еңбек етуге және биылғы жылғы наурыз айындағы сайлауды өз мәнінде өткізуге шақырды. Жиында сөз алған «Әділет» ШҚ басшысы Айтқали Тоқашев көшені жөндеу және көпір мәселесі жөнінде өз ойын ортаға салса, мектеп директоры Ж.Ерботин атқарылып жатқан игі істерге жандарының жадырайтынын жеткізді.
Қорыта айтқанда, әр жылдың өз ерекшелігі бар екендігін аудан әкім-дерінің есеп берулері кезінде анық байқағандай болдық. Оның бастысы, былтыр қозғалған қайсыбір мәселелер, атап айтқанда, көше тазалығы, жол жөндеу, иесіз иттер көптігі секілді сауалдар ауыл әкімдіктері шеңберінде-ақ бір жыл ішінде орындалғанын аңғардық. Ендеше әкімдердің халықпен кездесулері өзінің тиімді нәтижелерін беріп те жатыр. Дегенмен өткен жылдан қалған, тіпті, бірнеше жылдан бері қозғалып келе жатқан қайсыбір жайттардың шешілуіне жалғыз ауыл әкімдіктерінің шамалары жетпейді. Әйтпесе, тұрғындар айтып, қозғап, көтеріп, ал әкімдіктер шешімін қарастырып, жүзеге асыра жүріп, жалпы, ауданымызды дамытып келе жатқанын көзіміз көріп жүр ғой.
Тобықтай түйін — ауданда, ауыл-дық округте атқарылған істерге оң баға берілді. Алдағы көп міндеттер айқындалды. Ендігі мақсат — жұмылып, ауызбіршілікпен еңбек ету. Жүздесулер барысында көпшілік тоқтаған түйін осы еді.
Округ әкімі Х.Сұрашевтің есепті баяндамасын негізге ала отырып қарасақ, Мариногорка ауылындағы барлық жағдай тұрақты және тыныш. Округ тұрғындарының шұғылданатын негізгі ісі өсімдік шаруашылығы болып табылады. Округтегі 46 шаруа қожалығының ең ірілері – «Фацелия» омарта шаруашылығы және «Лик», «Дюсупов», «Мәмбет», «Нива», «Алдаберген» ШҚ. Олар округті өз өнімдерімен қамтамасыз етеді сондай-ақ, ауылдастарына демеушілік көмек көрсетеді. Өткен жылы шаруашылық басшыларымен және кәсіпкерлермен жасалған меморандумдар бойынша олар қыс кезінде ауылдар арасындағы жолдарды тазартумен, ал кәсіпкерлер ауыл тұрғындарын қажетті азық-түлікпен қолайлы баға бойынша қамтамасыз етуге тиіс болды.
Дегенмен, округте шешімін таппаған бірқатар мәселелер бар. Ол «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдар-ламасы бойынша алынған несиелердің қайтарылмаған қарыздары еді. Аудан әкімі бұл мәселені барынша қысқа мерзімде шешу қажеттігін атап өтті. Жергілікті учаскелік инспектор Е.Мұсажановтың баяндамасы барысында қылмыс жасаған және құқық бұзушы азаматтар белгілі болды. Учаскелік инспектордың есебін тыңдаған аудан әкімі құқық бұзушылықтың алдын алу және оны азайту бойынша жұмысты күшейту бағытында тапсырмалар берді.
Рамиль Нығметжанұлы Мариногорка ауылдық округі тұрғындарына аудан бюджетінің қысқартылу себептерін егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті және бұл аудан азаматтарының бұдан былайғы тыныс-тіршілігіне әсерін тигізбейтінін жеткізді. – Менің ойымша, мемлекет басшысының біздің алдымызға қойған міндеттері мен идеяларларын барлығымыз қолдауға дайынбыз, – деді Р.Сағандықов. Есепті кездесудің қорытындысында ауыл тұрғындары бақылаусыз мал жаю, ауылдың санитарлық жағдайына байланысты кейбір азаматтардың жауапсыздығы туралы өзекті мәселелер қозғалды.
Бастаушы ауылында қылмыстық жағдай тұрақты, 2015 жылы құқық бұзушылықтың төмендегені, профилак-тикалық есепте төрт адам тұратыны атап өтілді. Жазғы уақытта егістікті залалсыздандыру кезінде, қараусыз жүрген малдардың иелеріне әкімшілік тарапынан айыппұлдар салынатыны ескертілді.
Аудан әкімі Р. Сағындықов өз сөзінде атап өткендей, ел Президентінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында айтылған міндеттер ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына мүмкіндік берді. Ауданда жылдан жылға мал шаруашылығы дамып келеді. Бүгінгі күні 16 мал бордақылау алаңы, «Өрнек» ЖШС тауарлы-сүт фермасы қуатты жұмыс істейді. 2014 жылмен салыстырғанда ірі қара мал басының артуы байқалады.
Ол бастаушылықтарды «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020», «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» мемлекеттік бағдарламалары бойынша белсенді жұмыс істеуге шақырды. – Кім жеке ісін ашқысы келсе, олар бізден барынша қолдау табады, - деді Рамиль Нығметжанұлы.
Ауыл арасындағы жолдардың тозуы-на байланысты бұған үлкен қаражат керектігі, бұл істе ауылдық округтегі тұрғындар санының ескерілетіні айтылды. Жарыссөзде сөйлеушілер аудан басшылығының және ауылдық округ әкімдігінің жұмысына қанағаттанарлық баға берді.
Сонымен қатар, бастаушылықтарды мазалаған сұрақтар мектеп құрылысын уақтылы аяқтау, Көкжота ауылындағы ескі мектеп ғимаратының құжаттары жоқтығы болды. Кездесу барысында қойылған барлық сұрақтардың тиісті жауаптары берілді.
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ,
Екатерина СКУДАРНОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз