Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Мемлекеттің өркендеп, дамуына үлес қосып келе жатқан саясаткер, іскер нәзік жандардың орны бөлек. Қыз-келіншектердің игі бастамаларын қолдап, олардың мемлекеттік бағдарламаларға қатысу белсенділігін арттыру мақсатында Көкпекті ауданы Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде, іскер әйелдер «Нұрлы Жол – жаңа мүмкіндіктер» атты аудандық форум аясында бас қосты.
Қоғамның қай саласында болмасын әйелдер қауымы ерлермен тең дәрежеде иық тіресіп, еңбек етіп жүргені жасырын емес. Отбасында аяулы жар, мейірімді ана, ал жұмысына келгенде өте тиянақты әрі білгір маман ретінде танылған нәзік жандар бүгінде аз емес. Олардың бәрін өмірде әрқашан белсенді болу ұстанымы біріктіреді.
Барлық салада табысты еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер аудандық форумда бас қосып, алда тұрған ауқымды жұмыстарды айқындады. Әйелдер қауымы келешекте де мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне ер-азаматтармен қатар аянбай қызмет етуге әзір.
Көкпекті аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы К.Смаилованың бастамасымен және ішкі саясат бөлімі ұйымдастырған басқосуға аудан дамуына елеулі үлес қосқан мемлекеттік мекемелерді басқарушы қыз-келіншектер мен іскер әйелдер қатысты. Көпке үлгі болар нәзік жандыларға арнайы ақ дастархан жайылды.
Сонымен қатар, еселі еңбегі және аудан өміріне белсене қатысқаны үшін аудан әкімінің мадақтама қағаздарымен статистика бөлімінің басшысы Г.Беспаева, аудандық кәсіпкелер палатасы филиалының директоры Ә.Мұқашева, қаржы және экономика бөлімінің орынбасары Ә.Тасқайратова, Миролюбовка ауылдық округінің жеке кәсіпкері В.Гранкина марапатталды.


Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Игор Шацкийдің атынан «Көкпекті Жолдары» ЖШС директоры Г.Нұрғалиева мен жеке кәсіпкер Б.Мүрсалімова алғыс хаттармен марапатталды. Жиынға қатысқан 20-дан астам іскер әйелдер қауымын Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Клара Рафикқызы алда келе жатқан мерекелермен құттықтап, гендерлік және демографиялық саясат, ана мен бала саулығы, әйелдің қоғамдағы орны, еселі еңбектері жайлы тілге тиек етті. Дендеріне саулық, отбасыларына амандық тіледі. Мерекелік ақ дастархан басында ақ тілектер айтылды, ән шырқалды. Әсерге толы шаттықты шара барысында нәзік жандылардың әрбіріне гүл шоқтары ұсынылып, мерекелік көңіл күй сыйланды.
Форумға жиылған әйелдер - бүгінде қоғамдық және саяси өмірге барынша белсенді араласып жүрген нәзік жандар. Олар отбасының ұйытқысы болып, саясатта, бизнесте, өзге де бағыттарда қажырлы еңбек етіп, өз біліктіліктерін, іскерліктерін барынша танытып келеді. Бүгінде мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне әйелдер қауымы ер-азаматтармен қатар сүбелі үлестерін қосып келеді. Біздің ауданымызда мемлекеттік қызметшілердің жартысынан астамы нәзік жандар. Халықтың қамын жеп жүрген депутаттар да баршылық.
Форумға жиналған әйелдер алдағы күннің маңызды мақсат-міндеттерін де айқындады. Алда ауқымды істер күтіп тұр, 2016 жылы қайырымдылық шаралары жалғасын табады. Ал бірінші кезекте, ауданымыздың белсенді азаматшалары Елбасы Жолдауында жүктелген міндеттерді орындауға білек сыбана атсалыспақ.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз