Райхан Халқабай, зейнеткер, Самар ауылының тұрғыны:
- Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің: қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынты-ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды. Талай-талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан!
Қазақстан — тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды. Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тоталитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Себебі, бұл — тарих.
«Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын. Сонау ел басына түскен нәубет жылдары тарыдай шашырап кеткендердің елге оралған сәттегі туған жерді, ата — бабаларының кіндік қаны тамған топырақты құшырлана сүйген сәттегі бейнелерін көргенде қалайша толқымассың?!
Міне, ежелден еркіндікті аңсаған азат халқымыз тәуелсіздігінің 24 жылдығын тойлады. Қазақстан, тәуелсіз мемлекет ретінде, дүние жүзіндегі барлық елдерге түгелдей дерлік танылды.
Тәуелсіздік! Тәуелсіздік деген қастерлі сөз екен-ау!
Жанат Айтчанова, «Шуақты шұғыла» балабақшасының тәр-биешісі:
- Бабалардың арманы, аналардың тілегі болған бақыт - Тәуелсіздік жиырмасыншы ғасырдың аяқталар тұсында біздің маңдайымызға дарып, алақанымызға қонды. Азаттық деген осынау қасиетті ұғымды жақындату үшін талай ерлердің жаны қиылды! Мемлекеттік Тәуел-сіздік – ұлттық қауіпсіздіктің және қазақстандықтардың рухани әл-ауқатының, өз күшіне, еркіне, қуатына сеніп, бар мақсаттарын жүзеге асыруының, Қазақстандағы ұлттық келісім мен тыныштықтың кепілі. Осы Тәуелсіздік жылдарында ауданымызда өндіріс, білім, шаруашылық салалары көптеген нәтижелерге қол жеткізді. Осының бәрі Елбасының әділ де сындарлы саясатының арқасы деп білемін. Әлі де үлкен жетістіктерден көрініп, биік шыңдарды бағындыратынымызға кәміл сенемін.
Осы орайда барлық аудандастарымды Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оят-қан, әлемге қазақты азаттықты сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күнімен құттықтағым келеді! Баршаңызға аспандарыңыз ашық, көңілдеріңіз шат, еңбектеріңіз жемісті болуын тілеймін. Әрқайсымыздың қажырлы еңбегіміздің арқасында сүйікті Отанымыз – Қазақстан гүлдене көркейіп, нығая түссін демекпін.
Арайлым Құрманғалиева, Көкпекті ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің инспекторы:
- Адам баласының дүниеге келуі немесе өмірден өтуі оның еркінен тыс табиғи құбылыс. Әйтсе де, мен дәл 1991 жылы дүниеге келгенімді тағдырдың ерекше сыйы деп түсінемін. Тәуелсіздіктің құрдасы болғаным маған терең жауапкершілікті жүктейді. Елмен бірге есею – екінің бірінің маңдайына бұйыра бермейтін бақыт қой. Тәуелсіздіктің таңында дүниеге келген перзент ретінде мен оның мағынасы мен маңызын түсінуге тырысамын. Тәуелсіздікті ата-бабаларымыз қаншама ғасырлар бойы армандап, аңсап өткенін, осы жолда қаншама алаш азаматтары басын бәйгеге тіккені санамызда сайрап тұруы керек деп ойлаймын.
Иә, Тәуелсіздіктің игілігін халқымыз көруде. Елдегі бірлік пен ынтымақты, достық пен тұрақтылықтың кепілі – Елбасымыз десем, артық айтқандық болмас. Мамыражай тірлігіміз бен ба-қуатты тұрмысымызға сырт көздің өзі қызыққандай. Мұның өзі болашағымыздың бұдан да жарқын болатынына сендіре түседі. Балаңдау кезімізде тәуелсіздіктің мәнін жете ұғына алмаған болармыз, бәлкім. Қазір есейе келе барлық игіліктердің тәуелсіздіктен бас-талатынына көзіміз жетіп келеді.
Сол себептен де, аудан жастарына еліміздің дәулеті, жеріміздің сәулеті жолындағы игілікті істеріңіз табысқа толы болсын дегім келеді!
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.