- Бақыт Есімқанқызы, Сізді алдымен 25 қазан - әлеуметтік қорғау қызметкерлері күні, яғни кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіз. Осындай айтулы мерекені қандай жетістіктермен, табыстармен қарсы алдыңыздар? Жұмыс барысы жайында кеңірек тоқталсаңыз?
- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2011 жылғы 20 қазандағы Жарлы-ғымен қазан айының соңғы жексенбісі - әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні болып бекітілді. Бұл аға буын өкілдеріне, әлеуметтік жағынан аз қорғалған, көпбалалы отбасыларға үнемі қамқорлық көрсететін әлеуметтік сала қызметкерлеріне деген Елбасымыздың көрсетіп отырған зор құрметі деп білеміз.
Ауданның әлеуметтік қорғау саласында бүгінгі таңда 100-ге жуық қызметкерлер жұмыс істейді. Соның ішінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде - 13, «Көкпекті аудандық жұмыспен қамту орталығы» коммуналды мемлекеттік мекемесінде - 7, «Үйде әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналды мемлекеттік мекемесінде - 70, «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығында» 10 қызметкер. Тұрғындарға мемлекеттік қызметтің 26 түрі көрсетіледі. Бөлім арқылы жұмыссыздарды еңбекпен қамтамасыз етіп, оларды кәсіби дайындықтан және қайта дайындықтан өткізіп, халықтың аз қамтылған топтарына, мүгедектерге, оралмандарға көмек көрсетеді, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек бойынша жұмыстарды жүргізіп, балалар және тұрғын үй жәрдемақыларын тағайындап, тағы да басқа көптеген әлеуметтік мәселелерді шешеді. Жыл басынан аз қамтылған отбасыларын қолдау мақсатында 18 жасқа дейінгі балалары бар 405 отбасына, соның ішінде 1069 балаға 14,3 млн.теңге жәрдемақы, 177 отбасына 14,4 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек, 77 отбасына 2,1 млн. теңге тұрғын үй көмегі, «Өрлеу» бағдарламасы арқылы 35 отбасына 6,4 млн. теңге шартты ақшалай көмек тағайындалды. Туберкулез ауруымен ауыратын аз қамтылған 142 адамға барлығы 1073,5 мың теңге, өз өтініштері бойынша аз қамтылған 50 отбасына 1,5 млн. теңге материалдық көмек берілді. Аудан бойынша облыс әкімдігінің гранты арқылы барлығы 26 студент оқиды. Соның ішінде дәрігер мамандығына 15, мұғалім мамандығына 11 бала оқытылуда. Ағымдағы жылдың басынан бері ауылды көріктендіру жұмыстарына ақылы қоғамдық жұмыстар арқылы 216 адам тартылды. Сондай-ақ, 565 жаңа жұмыс орындары ашылып, 176 адам жұмысқа орналасты. Жұмыссыздарды кәсіби оқытуға 20 адам жіберіліп, уақытша 6 ай мерзімге әлеуметтік жұмыс орындарына 12 адам, «Жастар іс тәжірибесі» арқылы 18 адам жұмысқа орналас-тырылды. Мүмкіндігі шектеулі 12 адам мүгедектік арбамен, 16 мүгедек тифлотехникалық, 25 адам протездік-ортопедиялық құралдармен, 42 адам ай сайын тазалық құралдарымен қамтамасыз етілді. 35 зейнеткер «Уба», 2 мүгедек «Мойылды» шипажайында емделіп келді.
8 наурыз және 1 маусым балалар күні мерекесіне орай 778 «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне, 4 және одан да көп баласы бар 263 аналарға облыстық бюджеттен 10,0 мың теңгеден барлығы 10,5 млн. теңгенің көмегі көрсетілді. 9 мамыр Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай республикалық және аудандық бюджет қаржысынан Ұлы Отан соғысының 14 ардагеріне 500,0 мыңнан 7,0 млн. теңге, 566 тыл еңбеккерлеріне 25,0 мыңнан 15,5 млн. теңге, 17 соғыс ардагерлерінің жесірлеріне 55,0 мыңнан 935,0 мың теңге, барлығы 22,5 млн. теңгенің біржолғы материалдық көмегі берілді. Жыл сайын 1 қазаннан 1 қарашаға дейін қайырымдылық айлығы болып жарияланады. Бүгінгі күнге 2020 адамға 10,1 млн. теңгенің қайырымдылық көмегі жасалды.
Көкпекті ауданы әкімдігінің қаулысымен 2 коммуналды мемлекеттік мекеме құрылды: «Көкпекті ауданының арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ және «Көкпекті ауданының жұмыспен қамту орталығы» КММ.
«Үйде арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі аудан әкімінің қаулысымен 2009 жылдың қараша айында құрылды. 2014 жылы аудан әкімінің қаулысы бойынша «Көкпекті ауданының арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналды мемлекеттік мекемесі болып қайта өзгертілді. Мекемеде 3 бөлімше жұмыс істейді. Барлығы 220 адамға қызмет көрсетіледі. Соның ішінде 106 жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге, мүмкіншілігі шектеулі 101 балаға, күндізгі келу бөлімшесіндегі 13 балаға әлеуметтік қызмет көрсетіледі.
Көкпекті ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 1107 қаулысымен «Көкпекті ауданының жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып тіркелді. Орталық негізінен жұмыссыз, табысы аз азаматтарға бағдарламаның бағыттары туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кеңес беру қызметін көрсетеді. Бүгінгі күнге «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы әлеуметтік жұмыс орындарына 15 адам, «Жастар іс тәжірибесіне» арқылы 17 адам жолданды, соның ішінде 4 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Бағдарламаның екінші бағыты бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 35 адамға 97,0 млн. теңгенің несиесі берілді. Міне, осындай аудандағы ауқымды жұмыстардың атқарылуы - әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің ерен еңбегінің нәтижесі деп білемін. Ең қиын да, қызықты да мамандық иелері - әлеуметтік сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтаймын. Сіздердің ауданымыздың дамуы мен гүлденуіне, әлеуметтік қорғау саласының өркендеуіне, халықтың аз қорғалған әлжуаз топтарына қолдау көрсетуге қосқан еңбектеріңіз үшін зор алғыс сезімімді білдіремін. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, таусылмас бақ-дәулет, ұзақ ғұмырлы өмір, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін.
- Әңгімеңізге рахмет, алда атқарылар ең-бектеріңізге жетістік тілеймін.
Дархан БЕРДІБЕК
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.