Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тек адамның рухани-өнегелілік жолында қайта өмірге келуі ғана әлемді құрдымнан құтқаруы мүмкін. Әлемді рухтандыру бүгінгі күннің де, болашақтың да адамдарының атқаруға тиіс міндеті. Жан дүниеміздегі адамгершілік қасиеттердің, рух мықтылығының бекем іргетасы болуы үшін біз рухани мәдениетті де болуымыз керек.

Самар ауылындағы Қоғамдық келісім орта-лығында «Нұр Отан» депутаттық фракциясымен бірлесе отырып, 18 қазан – Рухани келісім күніне арналып «Рухани келісім – бейбітшілік пен тұрақтылыққа бастайтын жалғыз жол» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Бұл жиынға депутаттық фракция төрайымы Г.Шаймарданова, ардагерлердің аудандық кеңесі төрағасының орынбасары Н.Шалова, ауылдағы қоғамдық ұйымдар өкілдері, Көкжыра мешітінің имамы Нүркен қажы Сәбиев, мұғалімдер Р.Жаңабаева, С.Жоңқабаева, А.Досмұханова, Ә.Қабанбаева, балабақшадан әдіскер Қ.Дүсіпова, жастар атынан Ерназар Сауых қатысты.

 

Модератор Е.Сихварт елімізде аталып өтетін Рухани келісім күнінің мәні мен мағынасы туралы айта келіп, жиналған қауымға рухани келісімге қалай қол жеткізуге болады, оны дамыту үшін қандай іс-шаралар атқарылатыны жайында ой-пікірлерімен бөлісу туралы әңгіме өрбітсек деген ұсыныс айтты.

Руханилық адам баласының санасына тек қана діни қағидаттар арқылы келмейді. Дегенмен де, қазіргі күні еліміздегі неше түрлі діни ағымдардан төнетін қауіп-қатерден қорғану үшін, жастарды жат ағымнан сақтау үшін, имандылық пен сыйластық ұрығын себу үшін мешіттер мен шіркеулердің атқаратын рөлі ерекше. Сондықтан да бүгінгі жиынға қатысып отырған Нүркен қажы осы мәселе төңірегінде өзінің ой-пікірін білдірді. «Адамдар арасындағы сыйластық ең алдымен отбасынан басталады. Адамзатты сыйлай білу анаңды сыйлау арқылы келеді. Құранның өзінде ең алдымен анаңды сыйла деп үш рет қайталанып жазылған. Қазіргі күні біздің елімізде діни конфессиялар өзара тең. Елімізде діннің ешқайсысының да артықшылығы көзделмеген. Қай дінде болсын адамзатты тек қана түзу жолмен жүр деп айтады», - деді имам. - Елімізде екі үлкен діни мейрам Құрбан айт пен Рождество мемлекеттік мереке ретінде аталады. Осылайша біздің Қазақстанда рухани байлық діни сарынмен үндесіп отыр. Әрбір ұлт пен этностар бір-бірін өзара өнеге тұтып, біріне бірі қолдау жасап отыр, ешкім ешкімнен жоғары тұрған емес, ешкім кемсітушілік көріп тұрған да жоқ», – деп жалғастырды сөзін дін қызметкері.

Өз кезектерінде сөз алған мұғалімдер де мектептегі атқарылып отырған іс-шаралардың барлығы да рухани тәрбиеге бағытталғанын жеткізді. «Ата-ана–мектеп-оқушы» байланысы арқылы орнайтын өзара түсіністік қағидаты біздің болашақ ұрпақтың рухани өресі жоғары, адамгершілік қасиеті биік болуын көздейді деді ұстаздар мен балабақша тәрбиешілері. Рухани байлықтың негізі әр ұлттың ата дәстүрінде жатыр. Сондықтан да біз өскелең ұрпақты аталар өсиетімен, өткен тарихымызбен, мәдени құндылықтарымызбен тәрбиелеуіміз керек деді олар. Жан-жақты біліммен қатар мәдени, әдеби, тарихи жәдігерлерімізді бағалай білсек қана, біз жастарымызды рухани байлығы жоғары адам етіп тәрбиелейміз. Қазіргі мұғалімдердің алдына қойылып отырған міндет зор, бірақ тәрбие отбасынан басталады. Сондықтан да ең алдымен үлкендер өздерін осы бағытта үнемі тәрбиелеуі тиіс.

Біздің еліміздегі рухани келісім, өзара сыйластық пен төзімділік – елдің ынтымағының түп қазығына айналған. Сондықтан да бүгінгі дөңгелек үстел барысында өскен «Рухани келісім» ағашына қатысушылар адам бойындағы ең жақсы қасиеттерді жазып ілді. Жиын соңында барлығы бір-біріне тек қана жақсылық, отбасы бірлігін тіледі. «Отан – отбасынан басталады», - деген сөздің мағынасы өте тереңде, сондықтан да руханилықты әркім өз отбасынан бастауы тиіс деп тарқасты пікір алмасушылар.

Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз