«Қыстың қамын жазда ойла» деп текке айтылмаса керек. Ауыл жұртшылығы ежелден-ақ жаз шыға сала қысқы отын мен малдың шөбін дайындау үшін қамданатын. Ырдуан арба ырғалып, кешке таман қырдан құлап келе жататын. Әрине, бос емес. Қазір заман басқа. Жазда бейқамдыққа салынамыз да, күз кірбің мінез танытқанда қыстың келіп қалғанын бірақ білеміз. Бір күрсініп алып, қысқа даярлыққа кірісеміз. Шала дайындалғанның шырайы шықпайды. «Осы қыстан өтсем, сүйектен үй салып алам» деп иттің қиялдағанындай, «келер жылы бәлем...» деп бәрін тап-тұйнақтай ететіндей жоспарлап қоямыз. Бұл жекелерге қатысты. Ал, мемлекеттік мекемелерді бұндай салғырттық сан соқтыратыны белгілі. Қысқы отынның, жылу қазандықтарының дайын болмауы үлкен дүрбелеңнің тууына себепші болады.
Біз Көкпекті ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Нұржан Тоғысовпен тілдесіп, әлеуметтік мекемелердің қысқа әзірлік ахуалы туралы айтып беруін сұраған едік. Нұржан Құмарбекұлының айтуынша, аудан бойынша орталықтандырылған жылыту жүйесі жоқ. Халық жеке жылыту көздерін қолданады. Тұрғындардың қатты отынға деген қажеттілігі 32 900 тоннаны құрайды. Қазіргі кезде тұрғындарға 10,0-11,5 мың теңгеге көмірді жеткізу жүргізілуде және 13700 тонна көмірмен қамтамасыз етілді. Бюджеттік мекемелердің қатты отынға деген қажеттілігі 11,0 мың тоннаны құрайды. Бүгінгі күнге 2,8 мың тонна көмір жеткізілді. Білім беру нысандары бойынша алдағы жылу беру маусымына 41 нысанды дайындау қажет болатын, соның ішінде қатты отынмен 13 мектеп және 1 балабақша, электрмен жылыту 18 мектеп және 2 балабақша, сұйық отынмен 3 мектеп және пешпен 4 мектеп жылытылады. Қазіргі уақытта 41 нысан (100%) дайын.
Білім беру саласында 2015-2016 жылдарға арналған жылу беру маусымына қатты отынның қажеттілігі 5938,5 тоннаны және сұйық отынның қажеттілігі 107000 литрді құрайды. Өткен жылу беру мау-сымынан 210 тонна қатты отын қалды. Ағымдағы жылдың қаңтар айында білім беру бөлімімен 1 тоннаны 8579 теңгеге 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін жеткізуге «Әлем Жолдары» ЖШС келісім жасалды. Жеткізу кестесіне сәйкес қыркүйек айында-1307,2 тонна, қазан айында-1445,5 тонна жеткізіледі. Қазіргі кезде білім беру нысандарына 1110 тонна қатты отын жеткізілді. Есеп айырысу жеткізу фактісіне сәйкес жүргізіледі. Сұйық отынды 1 л. - 115 теңгеге жеткізу бойынша «Прохоров» және, «Сұлтанов» ЖК, «Рыспаев и сыновья» ЖШС келісім жасалды.
Денсаулық сақтау нысандары бойынша 40 нысанды дайындау керек болатын. Ауданда 1 орталық, 1 ауданаралық, 1 туберкулезге қарсы ауруханасы, сондай-ақ 8 АДА (СВА), 23 МП, 6 ФАП бар. Соның ішінде Преображенка, Көкжайық ауылдарындағы АДА (СВА) және Мариногорка ауылындағы ФАП электр қуатымен қалғандары қатты отынмен жылытылады. Бүгінгі күні 40 нысан (100 %) дайын.
Денсаулық сақтау нысандары бойынша 2015-2016 жылдарға арналған жылу беру маусымына қатты отынға деген қажеттілік 3850 тоннаны құрайды. Соның ішінде «Орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК қатты отынға қажеттілік 2600 тоннаны құрайды. Көмірді 10499 теңгеге жеткізу бойынша «Әлем Жолдары» ЖШС келісім жасалды. Қазіргі кезде 640 тонна көмір жеткізілді. «Көкпекті ауданының ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ КМК бойынша қажеттілік 1250 тоннаны құрайды. Көмірді 9300 теңгеге жеткізу бойынша «Бойков» ЖК келісім жасалды. Қазіргі кезде 710 тонна көмір жеткізілді. Сондай-ақ, барлық денсаулық сақтау нысандарында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді (жеңіл-желпі жөндеу, әктеу, сырлау, абаттандыру және аумақтарды көгалдандыру). Туберкулезге қарсы ауруханасы электрмен жылытылады, жылу беру маусымына да-йын. Мәдениет саласы бойынша 38 нысан дайындалды. Соның ішінде 6 электрмен, 4 автономды, 28 қатты отынмен жылытылады. Сондай-ақ, барлық ауылдық клубтарда ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді (жеңіл-желпі жөндеу, әктеу, сырлау, абаттандыру және аумақтарды көгалдандыру). Мәдениет нысандары бойынша 2015-2016 жылдарға арналған жылу беру маусымына қатты отынға деген қажеттілік 1200 тоннаны құрайды. Көмірді 9300 теңгеге жеткізу бойынша «Бойков» ЖК келісім жасалды. Қазіргі кезде 340 тонна көмір жеткізілді.
Міне, күз күшіне енді. Қыс та қыр астында. Ертеңді бүгін бағамдамасақ, жасалған бар еңбек жоққа шығады. Қолдағы бар мәлімет бүкіл әлеуметтік нысандардың қысқа дайын екендігін көрсетіп отыр. Ылайым, осылай болғай!
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.