Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Атақты сатирик Сейіт Кенжеахметұлы: «Күлдіре білу - өнер, күле білу - өмір» деп текке айтпаса керек. 14 шілде күні жастардың сүйікті әзілкештері «Альянс» Семей жайдарман тобының концерті болып өтті. Жалынды жастарымыз жайдары жандарды жылы құшақпен қарсы алды. Көкпекті көгін күлкіге бөлеп кеткен көңілді жігіттердің құрылғандарына биыл бес жыл толды. «Альянс» сөзі грек тілінде ұйымшылдық, достық деген мағынаны береді екен. Аты затына сай топ жігіттерінің шынымен де, өте ұйымшыл, бір отбасындай бірлігі берік достар екені көрініп тұр. Концерт барысында Көкпекті жастарының актерлік шеберліктерінің куәсі болдық. Осындай шараның ұйымдастырылуы - ауданымыздың «жолбарыстай қайраттыларының» көңілін-дегісін тап басатын аудандық жастар орталығының белсенді жұмысының дәлелі. «Міне, көрікті Көкпектіге екінші рет келіп тұрмыз. Бізді тағы да үлкен ықыласпен қарсы алып отыр. Сол үшін де біз өте қуаныштымыз. Көрермендердің бүгінгідей көп болғаны шабытымызды еселей түсті. Жастардың бізге деген осындай ықыласы мен қошеметі азаймаса, тағы да келіп, көңіл көкжиектеріңізді барынша көтеруге дайынбыз», - деп сөз сабақтады топ жетекшісі Еркебұлан Еңкебаев.

Жансая СМАҒҰЛОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз