Биылғы жылы жарық көргеніне 80 жыл толып отырған Көкпекті аудандық газетінің тарихы өте бай. ХХ ғасырдың 30 жылдары ол Самар, Жарма, Ақсуат және Көкпекті аудандарында құрылған «Гигант» совхозының органы болды. Ол уақытта газет «Красный скотовод»- «Үлгілімалшы» атауымен шыға бастады. Газетті Тұрлыхан Хасенов басқарды.
Әлемдегі және елдегі өзгерістерге байланысты газет өзгерді. Қазір газет аптасына 1 рет, түрлі-түсті баспада А3 форматында 24 бетте шығады. Газет қазақ тілінде «Жұлдыз», орыс тілінде «Новая жизнь» атауымен жарық көруде. Жазылушылар саны 5000 асады.
Мемлекеттік саясатты ақпараттық сүйемелдеу үшін редакциямен жалпы медиа жоспар жасалынады. Ақпараттық тәртіп бойынша мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы, елдің, облыстың, ауданның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуы туралы мақалалар жарияланады.
2013 жылы «Жұлдыз»- «Новая жизнь» газетінің ұжымы облыс әкімінің жүлдесіне арналған конкурсқа қатысып, «Тіректі ауыл - мемлекет тірегі» номинациясын жеңіп алды. 2012 жылдың ақпан айынан бастап аудандық газеттің сайты ашылды. Ол қызықты ақпаратты дер кезінде алуға көмектеседі және күнделікті жаңарып отырады. 2014 жылы аудандық газеттің сайты республика бойынша аудандық БАҚ арасында үздік интернет-ресурс болып танылды.
Мемлекеттік тапсырыс: 2010 - 5 млн.326 т. 2011 - 7 млн. 769 т. 2012 - 8 млн. 319 т. 2013 -14 млн. 387 т. 2014 - 12 млн.200 т 2015 жыл – 13 млн теңге.2016 жыл – 15 млн 500 теңге. 2017 жыл – 17 млн теңге, 2018жыл- 16 млн тенге, 2019 жыл- 16000 млн.
Директор – редактор: Дюсембаев Дархан Бердібекұлы
Мекен-жайы: Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы, Қабанбай батыр көшесі, 69, 2-қабат. Телефондары: Көкпекті 2-19-16, 2-21-18. Самар 5-21- 368.
e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., сайт: zhuldyzkokpekty.kz
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.