КӨШЕНІ ҚАРДАН ТАЗАЛАУ – ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК

КӨШЕНІ ҚАРДАН ТАЗАЛАУ – ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК

Нағыз қыс, қарлы және аязды, сұлулығымен көзді қуантады. Сонымен қатар тазартылмаған, көктайғақ...

ГЛАВА РАЙОНА ПРИНЯЛ ГРАЖДАН  ПО ЛИЧНЫМ ВОПРОСАМ

ГЛАВА РАЙОНА ПРИНЯЛ ГРАЖДАН ПО ЛИЧНЫМ ВОПРОСАМ

10 января аким района Адлет Кожанбаев провел прием граждан по личным вопросам, на котором также...

Көкпекті ауданында ірі қара саны қанша?

Көкпекті ауданында ірі қара саны қанша?

Өткен аптада Көкпекті аудандық әкімдігінің мәжіліс залында өткен әкімдік аппаратының отырысында...

НЕСІБЕСІН НАУБАЙХАНАДАН ТАПҚАН КӘСІПКЕР

НЕСІБЕСІН НАУБАЙХАНАДАН ТАПҚАН КӘСІПКЕР

Ұлтымызда «нанды аяққа баспа, жерге тастама, үстінен аттама киесі атады» дейтін ұлы ұғым  бар....

Касым-Жомарт Токаев: «Цель – укрепить экономику и суверенитет»

Касым-Жомарт Токаев: «Цель – укрепить экономику и суверенитет»

Интервью Главы государства газете «Ana tili»  – Уважаемый Касым-Жомарт Кемелевич, в прошлом...

  • КӨШЕНІ ҚАРДАН ТАЗАЛАУ – ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК

    КӨШЕНІ ҚАРДАН ТАЗАЛАУ – ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК

    28.01.2025 06:05
  • ГЛАВА РАЙОНА ПРИНЯЛ ГРАЖДАН  ПО ЛИЧНЫМ ВОПРОСАМ

    ГЛАВА РАЙОНА ПРИНЯЛ ГРАЖДАН ПО ЛИЧНЫМ ВОПРОСАМ

    23.01.2025 06:26
  • Көкпекті ауданында ірі қара саны қанша?

    Көкпекті ауданында ірі қара саны қанша?

    20.01.2025 06:06
  • НЕСІБЕСІН НАУБАЙХАНАДАН ТАПҚАН КӘСІПКЕР

    НЕСІБЕСІН НАУБАЙХАНАДАН ТАПҚАН КӘСІПКЕР

    20.01.2025 05:42
  • Касым-Жомарт Токаев: «Цель – укрепить экономику и суверенитет»

    Касым-Жомарт Токаев: «Цель – укрепить экономику и суверенитет»

    08.01.2025 11:09

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өткен аптада Көкпекті аудандық әкімдігінің мәжіліс залында өткен әкімдік аппаратының отырысында «2024 жылы «Көкпекті мал дәрігері» ШЖҚ КМК мекемесінің атқарылған жұмыстары және 2025 жылға жоспар туралы» тақырыбында «Көкпекті мал дәрігері» ШЖҚ КМК мекемесінің бастығы Смыков Дәулет Сәбитұлы ақпарат берген еді. Баяндама соңында аудан әкімі Әділет Қожанбаев «Көкпекті ауданында ірі қара мал саны қанша» деп сұрақ қойды. Смыков Дәулет Сәбитұлы өзіндегі есеп бойынша 2025 жылдың 1 қаңтарында ауданда 52 000 бас ірі қара мал бар екенін айтты.


Ал аудан әкімі кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің 2025 жылы 1 қаңтарға берген есебінде ауданда 56 000 бас ірі қара мал бар деп көрсетілгенін ескертіп, екі бөлім санағының 4000 басқа айырмашылығын түсіндіруін талап етті. Ол әрине екі бөлімнің мал санағын екі түрлі жүйемен есептейтініне байланысты екені анықталды. Яғни, «Көкпекті мал дәрігері» мекемесі егілген ірі қара санына қарап жалпы мал басын есептеп шығарса, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі мал иелерінің көрсеткен есебінен шығарады жалпы статистиканы. Кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі мамандарының және ауыл әкімдерінің тұрғындардың мал қораларына кіріп тексерулеріне заңды құқылары жоқ. Ал мал дәрігерлерінің қораға кіруге құқылары бар болғанымен, мал басын есептеу олардың негізгі міндеттері емес және олар тұрғындардың көрсеткен ірі қара малдарына ғана егу жұмыстарын жүргізе алады.
Аудан әкімі «демек, екі бөлімнің де ірі қара мал саны жөніндегі статистикасы шындыққа сай емес болуы әбден мүмкін, қазіргі жүйемен есептегенде ауданда бар ірі қара мал санын нақты, шынайы түрде шығару мүмкін емес» екенін ашық айтты. Әкімдік аудандағы нақты мал санын біле алмаса, алға қойған мақсаттарға дұрыс жете алмайтынын жеткізді. Өз тарапымнан мақала жазып отырып интернет сайттарына мониторинг жүргізу арқылы Самар ауданы бөлінгелі бергі Көкпекті ауданындағы ірі қара мал саны жөнінде тек 2023 жылы ақпан айында egov.kz сайтында келтірілген жалғыз-ақ мәліметті таптым. Ол жерде Көкпекті ауданында 55 516 000 бас ірі қара бар деп көрсетілген.
Осы аппараттық жиында Әділет Нұрсағатұлы аталған бөлімдердің басшыларына тез арада Көкпекті ауданындағы ірі қара мал санының нақты, шынайы санын анықтауға шұғыл тапсырма берді. Бұл ізденістің нәтижесін алдағы жиындарда білетін боламыз.

Фархат Маратұлы

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2025 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз