Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары  барысында ерекше рекорд тіркелді....

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...

  • Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

    31.10.2024 08:56
  • КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    19.09.2024 04:44
  • ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    12.09.2024 06:55
  • Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    20.08.2024 15:11
  • АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    12.08.2024 06:02

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ақпан айының ортасы Көкпекті ауданы  үшін ауа-райының  күрт өзгеріп,аяз түсуі  тұрғындарға  (автокөлік жүргізушілерінен бастап коммуналдық қызмет өкілдеріне дейін) көптеген қиындықтар туғызды.

Ауа-райының бұзылуына байланысты Көкпекті ауданындағы елді мекендер арасында ғана емес, облыстық және республикалық маңызы бар тас жолдарда да көлік қатынасы үзілді. Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаевтың шешімімен ауа-райының қолайсыздығына байланысты ауданда жергілікті ауқымдағы табиғи төтенше жағдай режимі енгізілді.
Ауданның коммуналды қызмет көрсету саласының бар күші мен жеке кәсіпкерлердің техникасы қалың қармен күреске жұмылдырылды. Бірлескен жұмыстың арқасында Омбы-Майқапшағай республикалық тас жолының Көкпекті мен Қалбатау ауылдары аралығында қар құрсауында қалып қойған 400-ге жуық жолаушы эвакуацияланды.


Өткен аптада коммуналдық қызмет жұмысшылары Көкпекті ауылы ішіндегі және аудан орталығынан барлық бағыттар бойынша жолдарды тазалаумен айналысты. Кейбір жерлерде қар жамылғысының қалыңдығы 6 метрге жетті . "Көкпекті жолдары" ЖШС және "Көкпекті" ШЖҚ КМК қызметкерлері ауа-райының қолайсыздығы мен -35-40 градус аязға да қарамастан күндіз-түні тынымсыз еңбек етті.
Сонымен қатар «Көкпекті» коммуналдық шаруашылық қызметкерлері Көкпекті ауылдық округінің көше жолдарын және елді мекендер арасындағы жолдарды қардан тазалады. Тассай ауылына қарай жол ашты. Бұл жұмыстарға 10 адам және арнайы техника (2 тиегіш, 3 МТЗ тракторы және 2 вагоны бар ротор) тартылды.
"Көкпекті жолдары" ЖШС қызметкерлері бірқатар бағытта жұмыс атқарды. Ақой – Қарағандыкөл – Көкжайық – Мамай – Жұмыскер – Талапкер – Нұра – Үлгілімалшы – Сүлеймен ауылдарына қатынайтын жолдарды тазартты. Жұмысқа 12 бірлік техника және кәсіпорынның 13 қызметкері бел буып кірісті. Олар – Мұхаметқалиев Мират, Слямбеков Еспол, Оралбек Нұрлан, Мәдиев Әділ, Оспанов Олжас, Воропаев Владимир, Жұмажанов Аслан, Винтер Тимур, Сальменов Төлепберді, Нұрпейісов Темірлан, Сайлаубеков Ілияс және Кәрібжанов Ермек. ЖШС директоры Гүлназ Нұрғалиева барлық бағыттағы жұмыстарға басшылық жасады.
Шағын топтағы жұмысшылар (әрқайсысы 2-3 адам) қалың қарды тазартып, жол ашты. Олардың көпшілігі бірнеше күн ауысымда болып, демалыссыз жұмыс жасады. Ауа-райының қолайсыздығы мен кейбір ауылдарда ұялы байланыстың болмауы тапсырманы қиындата түсті.
Айта кету керек, "Көкпекті жолдары" ЖШС техникасының артынан кейбір бағыттарда аудандық аурухана мен Көкпекті АЭЖ қызметкерлері бірге жүрді. Себебі, Көкжайық және Мамай ауылдарының кейбір тұрғындары медициналық көмекке мұқтаж болса, Егінбұлақ ауылында боранның әсерінен тұрғындар электр қуатынсыз қалған.
Осылайша, ақпан айында қардың қалыңдығы мен ауа-райының күрт төмендеуі тұрғындарға үлкен ауыртпашылық туғызды. Жолаушылар жолда қалып, қалаға қатынау уақытша тоқтатылды. Барлық бағыттағы жолдар жабылды. Бірақ, коммуналдық қызметтердің бірлескен күш-жігерінің арқасында біз осындай қиын жағдайдан мүдірмей аман шықтық.
Бүгінгі күні Көкпекті ауданында ТЖ режимі тоқтатылмады. Аудандық метеостанцияның мәліметі бойынша қар жамылғысының биіктігі 95 см-ді құрайды. Таулы жерлердегі қардың биіктігі 1,5 метр және кейбір елді мекендерде (Биғаш ауы-лына апарар жолдағы «Қаракезең» аумағында) 3-4 метрге дейін шамасында.
Бүгінде республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай» автомобиль жолы, облыстық маңызы бар «Көкпекті-Васильев өткелі» және аудандық маңызы бар «Үлкенбөкен-Көкжайық-Үлгілімалшы»,«Преображенка-Теректі -Шұғылбай» және «Көкпекті-Биғаш», «Көкпекті-Ақтас-Толағай» ауылдары арасындағы жолдар толықтай қардан тазартылды. Көкпекті-Ұзынбұлақ, Ажа ауылына кіреберіс және Биғаш-Егінбұлақ аудандық маңызы бар автомобиль жолдары қардан ашылып, қатынас орнатылды.
Аталған жол учаскелерінде 14 техника және 22 адам жұмыс істеді. Ауданда жолда қалған жолау-шыларды орналастыру үшін эвакуациялық пункт-тер толықтай дайын екенін іс жүзінде көрсетті. Қиын сәтте жолда қалған жолаушыларға көмек көрсетуде балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, орталық мешіт, Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектеп және Көкпекті орта мектебінің ұжымы бар күш-жігерін аямады. Жергілікті билік, аудандық әкімдіктің дербес бөлім басшылары мен қызметкерлері, аудандық полиция бөлімі мен төтенше жағдайлар қызметі, құтқарушылар, ауылдық округ әкімдері, қарапайым ауыл тұрғындары сын сағатта ерік-жігер мен береке-бірлік көрсетті. Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев үнемі оқиға орнында болып, барлық жұмыстарға тікелей басшылық жасады.
Біздің күшіміз – бірлікте!

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 29      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз