Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары  барысында ерекше рекорд тіркелді....

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...

  • Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

    31.10.2024 08:56
  • КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    19.09.2024 04:44
  • ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    12.09.2024 06:55
  • Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    20.08.2024 15:11
  • АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    12.08.2024 06:02

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

16 қыркүйек күні Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев ауданымызға жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында өңір басшысы тұрғындармен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Облыс басшысының қатысуымен өткен кездесу жиыны Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде болды. Кездесуге аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев, орынбасарлары, аппарат басшысы, аудандық ардагерлер кеңесі, ауыл ақсақалдары, барлық ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, ауыл тұрғындары қатысты.
Жиын барысында аймақ басшысы Нұрлан Тельманұлы мен аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы қатысушыларға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша ақпарат беріп, алдағы уақытта жоспарланған жұмыстармен таныстырды.


Алғашқы болып сөз кезегін алған аудан басшысы Ділдәбек Тәжібайұлы 2023 жылғы 7 айдың қорытындысы бо-йынша Көкпекті ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып өтті.
Аудан басшысының ақпараты бо-йынша Көкпекті ауданында өндірілген өнеркәсіптік өнімдерінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда азаю байқалады. Себебі, ауданымызда орналасқан 2 үлкен руда кен орындарымен айналысатын компания жұмысын тоқтатқан. Өңдеу өнеркәсібі бойынша 138% орындап отырмыз. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі былтыр 14 444,6 болған, биыл 16 650,7 орындалып, өсу қарқыны 115,3. Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл егістік жерлерінің көлемі 86,9 мың гектарға егін егілсе, биыл 95,1 га ектік. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3583,3 болса, биыл 14080,2. Өсу қарқыны 392,9 %. Ал құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша 1347,3. Биыл 2840,8. Өсу қарқыны 210.9 %. Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша былтырғы жылмен салыстырғанда биыл 2,8 есеге өсу қарқыны байқалады. Осы жылдың соңына дейін 302,0 шаршы метрден асады. Бұл дегеніміз жаңа тұрғын үйлерді пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Өткен жылмен салыстырғанда 210,9 артып отыр. Бөлшек тауар айналымының көлемі бойынша былтырғы жылы 2038,0 болса, биылғы жылы 2 427,6 құрайды. Өсу қарқыны 120%. Нақты көлем индексі 103,7.Көтерме сауда айналымының көлемі 30,0 болса, қазіргі таңда 29,9. Өсу қарқыны 2 есе. Нақты көлем индексі 185,9 %. Үлкен мәселенің бірі жұмыс істеп тұрған шағын орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын көбейту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Былтыр 1310 субъектінің саны болса, биыл 1401. Өсу қарқыны 106,7.
Көкпекті ауданының бюджеті былтырғы жылы 3600 үстінде болатын болса, биыл 7 184, 0 артып отыр. Ол өткен жылмен салыстырғанда 2 есе өсті. Ауылдық округтерде тұрғындармен кездесіп, жүргізілген жұмыстар жайлы мәлімет беріліп отырады. Одан кейінгі үлкен мәселенің бірі инвестордың қаржысы есебінен Үлкенбөкен ауылында жеке меншік дәрігерлік амбулаториясының құрылысы салынып, пайдалануға берілді. Келесі жылы да осындай инвес-торлар есебінен 2 ауылға дәрігерлік амбулатория салуды жоспарлап отырмыз. Аудандағы өзекті мәселенің бірі дәрігер мамандарының тапшылығы болатын. Бүгінгі таңда мәселе оңтайлы шешілуде. Атап айтсақ, тіс дәрігері жұмысқа келді. Алдағы уақытта көз дәрігері жетіспеушілігі шешімін табады. Одан кейінгі тоқталатын ең үлкен мәселе ауылшаруашылығы саласы. Көкпекті өңірі ауылшаруашылығы ауданы болғаннан кейін бірнеше инвестицияларды жүзеге асыруды жос-парлап отырмыз. Оның ішінде «Өрнек» ЖШС мың басқа арналған сүт тауарын өңдеу фермасын салу. Осы «Өрнек» ЖШС Президентіміздің жолдауында айтылған су ресурстарын тиімді пайдалану яғни жаңбырлатып суғару тәсілі іске қосылатын болады. Нәтижесінде 12 жаңбырлатып суғару техникасын қою жоспарда бар,-деді өз сөзінде.
Келесі кезекте сөз кезегін Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев алды. Аймақ басшысы Абай облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жайлы баяндап өтті.
- Абай облысында ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді, бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің артқанын көрсетеді. Мәселен, ет өндіру көлемі 5,6%-ға, сүт – 3,5%-ға, жұмыртқа – 2,6%-ға, тері – 7,3%-ға өсті. Ірі қара мал саны 2,8%-ға, қой 1,3 %-ға, ешкі 9%-ға, жылқы 10,4 %-ға артты.
«Облысты дамытудың кешенді жоспары аясында биыл 1543 гектар аумақта «Елім-ай Көкпекті» ЖШС суару жүйелерінің құрылысы аяқталды. 2026 жылға қарай тауарлы-сүт фермасын 400 басқа ұлғайтып, сүт, ірімшік, айран өңдейтін зауыт ашу жоспарланған», – деді облыс әкімі.
Бүгінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері баса назарда. Көкпекті ауданында халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар жобалар жүзеге асырылып жатыр.
«Биғаш, Қарамойыл, Мамай, Шәріптоғай, Шұғылбай ауылдарына су құбыры желілерін тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өңірді дамытудың кешенді жоспары аясында Көкпекті ауылында орталық қазандық салу жоспарланған. Биғаш, Көкпекті, Көкжайық, Тассай, Теректі, Преображенка, Үлкенбөкен, Үлгілімалшы, Шұғылбай ауылдарының көшелерін жарықтандыру мәселесі де шешімін табады», - деп атап өтті аймақ басшысы.
Көкпекті ауданында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық жобасы шеңберінде Үлгілімалшы ауылында 1 фельдшерлік-акушерлік пункт пен Шәріптоғай, Мамай, Биғаш, Қарамойыл, Үшкөмей ауылында 5 фельдшерлік пункт салу жоспарланған.
«Көкпекті ауылында 60 орындық жазғы сауықтыру лагерінің құрылысы басталып, 3 мектепте күрделі жөндеу және 60 орындық әлеуметтік мектеп-интернат ғимаратында қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.
Кездесу соңында азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдау жүргізілді. Азаматтардың көтерген сұрақтарына байланысты тиісті басқармаларға нақты тапсырмалар берілді.
Нұрлан Ұранхаев Көкпекті ауданының жұртшылығымен кездесті. Жиын барысында ауданды дамыту, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға қатысты мәселелер талқыланды.


Кездесу жиыны барысында аудан тұрғындары Нұрлан Тельманұлына ауылдық жерлерді дамытуға, азаматтардың басқа да санаттарын тұрғын үймен қамту, жол құрылыс жұмыстарының сапасына қатысты сұрақтарын қойды. Кездесу аясында тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Алғашқылардың бірі болып аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Насырбайұлы Мұқашев сұрақ қойды. Кеңес төрағасының айтуынша аудан бойынша баспана алу кезегінде тұрған тұрғындардың саны 386 адамды құрайды. Бұл салада көп балалы аналардың кезегі толығымен қанағаттандырылуда. Соңғы 2-3 жылда 60 пәтерлі үйлер салынып, пайдалануға берілсе, биыл да 20 пәтерлі үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Кезекте тұрған басқа санаттағы оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар, мемлекеттік қызметкерлер, мәдениет саласындағы жастардың кезегі жылжымай тұр. Осыған орай Көкпекті ауданының орталығында орталық жылу жүйесімен 2-3 қабатты үйлер салынса, баспана кезегінің мәселесі шешілер еді деген ұсынысын білдірді. Сләмбек Насырбайұлының бұл ұсынысы назарға алынды.
Келесі сауалды Көкпекті аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Виничук Нина Валерьевна қойды. Ол ең алдымен аудандық ауруханада гемодиализ бөлімін ашу мәселесі шешімін тауып, соның арқасында бұл емге аса мұқтаж науқастардың өмір сүру сапасы жақсарғанын айта келе, облыс басшысына алғысын білдірді. Сондай-ақ Нұрлан Тельманұлынан медициналық мекемеге компьютерлік томография сатып алуға көмек сұрап, біздің аудан тұрғындарымен қатар көршілес Ақсуат ауданының тұрғындары да диагноздың бұл түрінен өте алатынын жеткізді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі қазіргі уақытта Көкпекті аудандық орталық ауруханасына бірінші кезекте күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу міндеті тұрғанын түсіндірді. КТ сканерін сатып алу шешілмейтін күрделі мәселе емес. Бұған дейін аппаратпен жұмыс істейтін арнайы маманды және кабинет дайындап алу қажет. Бұл жөнінде облыс әкімі тиісті бағытта жұмыс жүргізілетінін айтты.
Қоғамдық кеңес хатшысы Рауия Алпысбайқызы Наурызбаева ауданда мәйітхана мен сот-медициналық сарапшының жоқтығы сияқты өзекті тақырыпты көтерді. Сот-медициналық сараптама жүргізу үшін марқұмдардың мәйіттерін көршілес аудандарға жеткізуге тура келеді. Сонымен қатар ол қалааралық және ауданаралық автобус маршруттарының Көкпектіге кірмейтініне назар аударуды сұрады. Осы мәселелер бойынша тиісті қызмет басшыларына тапсырмалар берілді.
Облыс басшысына ауыл тұрғыны Қайрат Малғаждаров ауданымызға қарасты ауылдардағы көп балалы отбасыларға арналған баспана құрылысына қатысты сауалын қойды. Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев келесі жылы бірнеше ауылда тиісті құрылыс жұмыстары жоспарланғанын айтты.
Келесі кезекте «ДЭУ-29» мекемесінің басшысы Гүлдарай Закарьянқызы Мұхамадиева бірнеше сауал қойды. Ол аудандағы автомобиль жолдары құрылысы мен жөнделу барысына бақылау жүргізетін техникалық қадағалаудың жұмысының жеткіліксіздігін қозғады. Мысал ретінде Преображенка ауылындағы жолдарды салу және асфальттау кезіндегі орын алған бұзушылықтар келтірілді.
Гүлдарай Закарьянқызы мұндай жауапты жұмыстың сапасы да, қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі де жүйелі түрде тексеріліп тұруы керек деп есептейді. Содан кейін ол аяқсыз қалған жобалар – ауданда қазандық пен кәріз жүйесінің құрылысын айтты. Оларға қаржы ресурстары салынды, құрал-жабдықтар алынды, бірақ нақты нәтиже жоқ. Жаңа үйлер салу тақырыбы да назардан тыс қалмады. Әрине, бұл халық үшін өте маңызды әрі қажетті шаруа. ДЭУ-29 басшысы жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын да дұрыс бақылауды ұйымдастыру қажеттігін атап өтеді. Бұл жұмыста мердігер ұйымдардың өзіндік әдістері мен тәсілдері бар. Бірақ, белгілі болғандай, олар әр түрлі ақаулар мен кемшіліктерге әкелуі мүмкін, ол кемшіліктерді кейіннен тұрғындар анықтайды. Жергілікті басшылық пен қоғамдастық өкілдерінің үнемі тексеріп отыруы мұндай жайттардың санын айтарлықтай азайтуы мүмкін.
Ал Гүлдарай Закарьянқызы сөзінің соңында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне ағасы Рамзи Шаяхметовтың есімін беру туралы өтінішін тағы да алға тартты. Рәмзи Закариянұлы кезінде 1980-1990 жылдар аралығында осы мектептің құрылысының салынуына тікелей атсалысқан екен. Ол жасөспірімдер спорт мектебін басқарып, ауданымызда спорттың дамуына да үлкен үлес қосқан. Осы сауалдарға тиісті басқарма өкілдері мен аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы жауап берді. Қоғамдық кеңес мүшелерінің аудандағы түрлі құрылыс жұмыстарына тексеру жүргізу бастамасы толық қолдау тапты. Жергілікті жасөспірімдер спорт мектебіне Р.Шаяхметов есімін беру мәселесіне келсек, бұл мәселе республикалық деңгейде шешімін табуды қажет етеді. Одан кейін облыстық, жергілікті деңгейде шешімі қарастырылады.
Келесі кезекте ауданымыздың ветеринария саласының ардагері Қизат Түсіпжанов сұрақ қойды. Ол 90-жылдардан бері мұндағы ветеринария саласының құлдырауына шағымданды және ол салада қызмет ететін мамандарға жұмыс істеу мүмкіндігінің жоқтығын айтты. (еңбекақысының төмендігі, мал қамау, мал қорымдары мен сою алаңдарының болмауы). Бұл мәселенің өзектілігі ескере келе, ол қазірдің өзінде біртіндеп шешілуде. Мәселен, жеке инвестиция аясында мал сою алаңдарының құрылысы жүргізілуде.
Сондай-ақ зейнеткер Владимир Владимирович Едик облыс басшысына сұрақ қойды. Оны алдағы жылыту маусымына дайындық және халықты сапалы көмірмен қамтамасыз ету алаңдатады. Бұған жауап ретінде алаңдауға еш негіз жоқ және көмірді операторлар кестеге сәйкес жеткізеді деп айтылды. Бұл мәселені тиісті қызметтердің өкілдерімен толығырақ талқылауға болады.
Аудандық мәслихат депутаты Дархан Бердібектің өтініші кездесу жиынын қорытындылады. Ол өз сайлаушыларының атынан Көкпекті ауылының Заречный ықшам аумағында мектеп (ең болмағанда бастауыш) және дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу туралы өтініш жасады. Заречный ықшам ауданы Көкпекті орталығының бөлігі ретінде ол көптеген әлеуметтік нысандардан үлкен қашықтықта орналасқан. Облыстық білім басқармасының өкілі бұл бастаманы қолдау мүмкін еместігін түсіндірді. Барлық жұмыс істеп тұрған мектептер тиісті жағдайда (Көкпекті орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарына қаражат бөлінген), балалардың барлық контингенті біліммен қамтылған, тасымалдау ұйымдастырылған.
Сонымен қатар кездесу соңында облыс басшысы азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады.
Көкпекті ауданы әкімінің аппараты кеңсе бөлімінің берген мәліметіне сәйкес 3 тұрғын жазылып, облыс әкімінің қабылдауында болды. Өтініш иелері Семей қаласынан тұрғын үй беруге көмек көрсету, көп балалы отбасыларға Семей қаласынан тұрғын үй алу үшін қандай шарттар мен талаптар қолданылады және Көкпекті ауылындағы бөгеуге күрделі жөндеу жұмысын жүргізуді қарастыруды сұрады.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз