Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Жыл сайын білім беру мекемелерінде тыңғылықты жұмыстар жүргізіледі. Осы тұста 2023 жылдың қорытындысы бойынша білім беру саласындағы атқарылған жұмыстар және 2024 жылдарға арналған жос-парлар туралы аудандық білім беру бөлімінің басшысы Аслан Танысбаевпен сұхбаттасқан едік. Толығырақ ақпаратты мақаламыздан оқи аласыздар.
Жалпы 2023 жылдың қорытындысы бойынша білім беру саласындағы қандай жұмыстар атқарылды?
- 2023 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша Көкпекті ауданының білім беру мекемелеріне 147,0 млн. теңге сомасында бюджет қаражаты бөлінді.
1. "Преображенка орта мектебі" КММ жалпы сомасы 12499,0 мың теңгеге шатырды ағымдағы жөндеу және ғимаратты әрлеуді ішінара жөндеу;
2. "Шәріптоғай негізгі мектебі" КММ жалпы сомасы 19684,8 мың теңгеге ғимараттың шатырын ағымдағы жөндеу;
3. "І.Жансүгіров атындағы орта мектеп" КММ жалпы сомасы 20269,3 мың теңгеге ғимараттың шатырын ішінара жөндеу;
4. "Абай атындағы мектеп балабақша кешені" КММ жалпы сомасы 24361,5 мың теңгеге қазандықты, жылу трассасын және түтін құбырын ағымдағы жөндеу;
5. "Воздвиженка бастауыш мектебі" КММ ғимараттың электр жылыту жүйесін ағымдағы жөндеу, жалпы сомасы 3710,3 мың теңге;
6. "М.Әуезов атындағы орта мектебі" КММ ағымдағы жөндеу жалпы сомасы 9036,2 мың теңгеге қазандық пен түтін құбырын ауыстыру;
7. "Биғаш негізгі мектебі" КММ жалпы сомасы 8493,6 мың теңгеге қазандық жабдықтарын ағымдағы жөндеу;
8. "Биғаш негізгі мектебі" КММ ағымдағы жөндеу жұмыстарына жалпы сомасы 21320,693 мың теңгеге мектеп ғимараттарына терезе блоктарын ауыс-тыру;
9. "Биғаш негізгі мектебі" КММ - де жалпы сомасы 5574,4 мың теңгені құрайтын есік блоктарын ауыстыру бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары;
10. "Көкпекті Толағайы бөбекжай-балабақшасы" КМҚК бу қазандықтар мен түтін құбырын ауыстыру жалпы сомасы 22005,2 мың теңгеге.
Қазіргі уақытта Преображенка ауылының «Преображенка орта мектебі» КММ, Шұғылбай ауылының «І.Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Шәріптоғай ауылының «Шәріптоғай негізгі мектебі» КММ–де, жөндеу жұмыстары 60% - ға аяқталды, қалған мектептер бойынша "Абай атындағы мектеп – балабақша кешені "КММ, «Воздвиженка бастауыш мектебі» КММ, «Биғаш негізгі мектебі» КММ және «М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ мердігер жөндеу жұмыстарына арналған материалдарды жеткізумен айналысуда.
Жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары кімдердің қадағалауында?
Ағымдағы жөндеудің сапалы және уақтылы жүргізілуін бақылау үшін әр мектепте комиссия, комиссия құрамында ауылдық округтердің әкімдері, қамқоршылық кеңестің төрағасы, ата-аналар комитетінің төрағасы және жергілікті депутаттардан құрылды. Барлық жөндеу жұмыстары 2023 жылдың 15 тамызына дейін аяқталады. Жөндеу жұмыстары білім бөлімінің тұрақты бақылауында.
2021-2023 жылдар бойынша аудан мектептерінде жүргізілетін ағымдағы жөндеу жұмыстарына қанша қаражат бөлінді?
- 2021 жылы барлығы 9 жоба (оның ішінде 8 мектеп,1 балабақша) іске асырылды. Жалпы сомасы 77,5 млн.теңге
2022 жылы 1 жоба Үлкенбөкен орта мектебі. Жалпы сомасы 20,5 млн.теңге
2023 жылы 10 жоба іске асырылды (оның ішінде 9 мектеп және 1 балабақша). Жалпы сомасы 147,0 млн.теңге
2024 жылға күрделі жөндеу жұмыстары бойынша қандай жобалар енгізілді?
- 1. Көкпекті ауылының «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерін салу, жалпы сомасы 500,0 млн. теңге;
2. Мамай ауылының «Амангелді атындағы орта мектебі» КММ ғимаратын жалпы сомасы 100,0 млн. теңгені құрайтын күрделі жөндеуден өткізу;
3. Тассай ауылының «М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ жанындағы интернатты шағын орталық ретінде жалпы сомасы 300,0 млн. теңгеге қайта жаңарту;
4.Көкпекті ауылындағы «Көкпекті орта мектебі» КММ ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу. Жөндеу жұмыстарының жалпы сомасы 320,0 млн. теңгені құрайды.
Күрделі жөндеу жұмыстары бойынша жалпы сомасы 1220,0 млн.теңге. бөлінді.
Ауданның білім беру мекемелерінде 2024 жылға арналған жөндеу жұмыстары жайлы айта кетсеңіз?
- Жалпы сомасы 234388,0 мың теңгені қамтитын 2023 жылға арналған ағымдағы жөндеудің қажеттілігі бар 13 жоба бар: 11 мектеп пен 2 балабақша.
1. Сомасы 13381,7 мың теңге болатын Шұғылбай ауылының "І.Жансүгіров атындағы орта мектебі" КММ ғимаратына қарасты жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстары, тротуарларды және ойықтарды ішінара жөндеу жұмыстары;
2. Преображенка ауылының "Преображенка орта мектебі" КММ аумағының жол жабындарын ішінара жөндеуге арналған ағымдағы жөндеу жұмыстары сомасы 10866,9 мың теңге;
3. Үлгілімалшы ауылындағы "Абай атындағы мектеп-балабақша кешені" КММ спорт залының ағымдағы жөндеу жұмыстары жалпы сомасы 11647,4 мың теңге;
4. "Абай атындағы мектеп - балабақша кешені" КММ-де есік блоктарын ауыстыру бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары сомасы - 11559,2 мың теңге;
5. Теректі ауылының "Қ.Аухадиев атындағы орта мектебі" КММ ғимаратының терезе блоктарын ауыстыру және кіру тобын жөндеу. Ағымдағы жөндеу жұмыстарының сомасы 5618,5 мың теңге;
6. Тассай ауылының «М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ ғимаратын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 48945,9 мың теңге;
7. «Үлкенбөкен орта мектебі» КММ ескі мектеп ғимаратының қасбетін жөндеу жұмыстарына 25039,0 мың теңге;
8. Жалпы сомасы 16842,7 мың теңгеге «Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебі» КММ шатырын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 16842,7 мың.теңге;
9. «Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектеп» КММ терезелері мен есіктерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына 8952,6 мың теңге;
10. Жалпы сомасы 2079,9 мың теңгеге" Ж. Шайжүнісов атындағы орта мектеп " КММ бу қазандықтың шатырын жөндеу жұмыстарына 2079,9 мың.теңге;
11. «Романовка негізгі мектебі» КММ-де жалпы сомасы 4998,8 мың теңгеге мектепалды алаңның тротуар плиталарын төсеу;
12. Көкпекті ауылындағы "Балерке бөбекжай-балабақшасы" КМҚК қоршауын ауыстыруға арналған ағымдағы жөндеу жұмыстарының сомасы 12085,7 мың теңге;
13. Көкпекті ауылындағы "Шуақты Шұғыла бөбекжай-балабақшасы" КМҚК ғимаратының шатырын ауыстыру бойынша 13249,9 мың теңге көлеміндегі жұмыстар жоспарлануда.
- Сұхбатыңызға рахмет!
Сұхбаттасқан
Гүлім ЕРЛАНҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.