Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары  барысында ерекше рекорд тіркелді....

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...

  • Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

    31.10.2024 08:56
  • КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    19.09.2024 04:44
  • ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    12.09.2024 06:55
  • Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    20.08.2024 15:11
  • АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    12.08.2024 06:02

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

18 шілде күні аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев асфальт жол салу жұмыстары басталған Толағай ауылына жұмыс сапарымен барды. Мердігер ұйым “Көкпекті жолдары” ЖШС басшысы Гүлназ Нұрғалиевамен бірге жұмыс барысымен танысты. Аудан басшысы асфальт төсеу жұмыстарының қарқыны мен сапасын көріп, сапалы атқарылуына баса назар аудару керектігін тапсырды.

 

Қазіргі уақытта 2.8 шақырым жолға асфальт салу жұмыстары орындалды. Жоспар бойынша шілде айының соңына дейін 5 шақырым автокөлік жолына толық асфальт төселеді.
- Ауыл болғалы бірінші рет асфальт жол құрылысы басталды. Бұрын болмаған жаңалық. Әрине, қуаныштымыз. Жолымыз сапалы салынып, елдің игілігіне айналсын. Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевқа айтар алғысымыз шексіз. Ауыл халқымен кездесуге келгенде айтқан өтінішімізді жерге қалдырмады. Шын айтсақ, өзіміз де басында сенген жоқпыз. Енді міне жұмыстың басталғанын көзімізбен көріп тұрмыз, - дейді Толағай ауылының байырғы тұрғыны Нұржан Сарманов.
Жоба «Паритет 50-50» мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асырылуда. Жол құрылысын жүргізуші мердігер ұйым «Көкпекті жолдары» ЖШС. Көкпекті мен Толағай ауылдарының арақашықтығы 18 шақырым. Биылғы жылы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың қолдауымен аталған жолдың 5 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлінді. Аталған жолдың қалған бөлігіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында «Толағай ауылына кіреберіс» 13-18 шақырымға жобалық-сметалық құжаттар әзірленді. Алдағы уақытта бұл жоба қолдау тауып, қаржы бөлінген жағдайда, жолдың қалған бөлігіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
- Жұмыс жоспарға сай атқарылуда. 10 шілде күні басталған 5 шақырым жолдың бүгінгі күні 2.8 шақырым толық аяқталды. Шілде айының соңына дейін асфальт төсеу жұмыстарын бітіреміз. Жоба құны 238 миллион теңге. Нысанға 1 асфальт төсеуші машина, 2 каток және 6 КАМАЗ техникасы жұмылдырылды. 8 адам жұмыс жасауда. Жұмысты сапалы әрі уақытында бітіруді мақсат етіп отырмыз, - деді мердігер ұйым басшысы Гүлназ Құдайбергенқызы.
Айта кетейік, биылғы жылы Көкпекті, Үлкенбөкен, Преображенка ауылдарында ауылдың ішкі жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жасау жоспарланған. Қаражат бөлінді, конкурстық шаралар өткізілуде. Жақын уақытта жұмыс басталады. Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев ендігі кезекте Көкжайық-Үлгілімалшы, Көкпекті-Биғаш автокөлік жолдарына асфальт төсеу үшін қаражат бөлу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
- Бүгінгі күні Көкжайық-Үлгілімалшы ауылдары арасындағы жолға орташа жөңдеу жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттар дайын, облыстық басқармаға ұсынылды. Сонымен бірге Көкпекті-Биғаш ауылдары арасындағы жолға орташа жөңдеу жүргізіп, асфальт төсеу үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Жақын арада құжаттар толық дайындалып, тиісті басқармаға ұсынылатын болады, - деді аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы.
Ауыл тұрғындарының айтуы бойынша Толағай ауылының автокөлік жолына асфальт салу неше жылдан бері айтылып, көтеріліп келе жатқан өзекті мәселе. Биыл міне ауыл тарихында алғаш рет асфальт жол салына бастады. Аталмыш трасса қазіргі халықаралық стандарттарға сәйкес салынатын болады.
Бұл жолдың құрылысы аудандағы көлік қатынасының сапасы мен қарқынына игі әсерін тигізері айдан анық.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз