Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Көкпектілік жеткіншектер көненің көзі жетіген аспабын меңгеріп жүр. Оқушылар шығармашылық сарайында көп ішекті шертпелі аспап - жетіген үйірмесі жұмыс істейді. Сиқырлы сазды ұлттық аспап үйірмесінің жетекшісі - Мәншүк Сейтқазы.
Оқушылар шығармашылық сарайында жетіген үйірмесі аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевтың бастамасымен ашылған.
- Қыркүйек айында аудан басшысы Ділдәбек Тәжібайұлының тапсырмасымен жетіген үйірмесін аштық. Жас маман Мәншүк Мүбаракқызы бүгінгі күні 4 оқушыға көп ішекті шертпелі аспаптың қыр-сырын үйретуде. Алдағы уақытта жетіген үні Көкпекті ауданының үлкен сахнасынан естіледі, - дейді Оқушылар шығармашылық сарайының директоры Асқар Сүлейменов.
Алғыс айту күніне орай өткен шарада жиналған көпшілік Мәншүк Мүбаракқызы мен шәкірттерінің орындауындағы "Кербез сұлу" күйін тыңдады. Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев алдағы уақытта Оқушылар шығармашылық сарайына қосымша 3-4 жетіген аспабын алып беруді уәде етті. Осы орайда аудан басшысы жетігенде ойнайтын шәкірттер санын 10 балаға жеткізуді міндеттеді.
Жетіген – жеті ішекті дыбысты көне шертпелі аспап. Аспап келбеті ұзынша келген жәшік тектес болады. Беті жұқа тақтайшамен жабылып, үн беретін ойықтар салынады. Көне түрінде 7 ішегі болған және оларға тиек ретінде 7 асық тағылған. Ішектер аттың қылынан тартылып, әуен ырғағын қалпына келтіру үшін асықтар қойылған.
Бұл аспаптың қазіргі заманда шыққан жаңа түрінде ішектер саны 25-тен асады. Дыбыс көлемі 2-2,5 октаваға дейін жетеді. Барлық ішектеріне құлақ күйін келтіретін арнайы үлкен тиектер тағылады. Тыңдаушыларға жағымды әсер сыйлайтын жетігенді ертеде ата-бабаларымыз көк пен жерді байланыстыратын ғажайып қасиетке бай аспап санаған екен.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.