Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде Қасиетті Мәуліт айында «Рухани келісім» күніне орай, аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Рухани келісім – бейбітшілік негізі» тақырыбында ауқымды шара өткізілді. Дөңгелек үстел отырысына арнайы аудан басшысы Ділдәбек Тәжібайұлы, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Насырбайұлы, аудандық маслихат хатшысы Талғат Манафұлы, құқық қорғау органдарының басшылары, аудан әкімінің орынбасары Марат Қапарұлы шақырылды. Ауылдық округ имамдары, белсенді қоғам өкілдері, Көкпекті округі ардагерлер кеңесінің мүшелері, БАҚ өкілдері қатысып, тақырып төңірегінде ойларын ортаға салды. Алғашқы сөз кезегін алған аудан басшысы атаулы күннің мән маңызы мен шығу тарихына тоқталып, іс-шараға қатысушыларды арнайы құттықтады.
- Құрметті бүгінгі дөңгелек үстел отырысына қатысушылар өздеріңіз білетіндей осы ай қасиетті Мәуліт айы.
Рухани келісім, ұлттар мен дәстүрлі діндер арасындағы бірлік – баға жетпес байлығымыз, ал тұрақтылық – тұғырымыз. Бүгінгі берекелі күнге бірліктің арқасында жеттік. Елдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші халықтардың өзара татулығы негізінде дами түсетіні түсінікті. Ел басқарған парасатты басшылар қашан да бірлік пен татулыққа аса мән берген.
Тағылымды шараның шымылдығын ашқан аудан басшысы Ділдәбек Оразбаев Қазақстанның бүкіл өркениетті әлем мойындаған диалог пен ынтымақтастықтың бірегей алаңы ретінде қалыптасуына ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қосқан үлесі мен қызметінің маңыздылығын атап өтті.
- Ислам діні мемлекетте, қоғамда тыныштық, әділдік болуын көздейді. Адамды соған тәрбиелейді. Ауылдағы округ әкімдері мешіттің имамдарымен жұдырықтай жұмылып, ортақ мақсат жолында аянбай еңбек еткенде ғана біз бұдан да іргелі, сыйластығы жарасқан мемлекетке айналамыз»- деді аудан басшысы.
Ділдәбек Тәжібайұлы өз сөзінде қайырлы да ізгі амалдар жасауға насихаттап, жастарымызды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу ісіндегі ауыл имамдарының қосқан үлестерін атап өтті.
Сондай-ақ отырыста аудандағы дінаралық және ұлтаралық келісім жағдайы туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азат Қайратұлы баяндама жасады.
Бөлім басшысының айтуынша Көкпекті ауданы бойынша дінаралық және ұлтаралық ахуал тұрақты. Ауданда 20-ға жуық ұлт өкілдері тұрады. Жыл басынан бері ауданымызда ұлтаралық және дінаралық саласында айтарлықтай заңбұзушылықтар анықталмаған. Көкпекті ауданы аумағында 8 мұсылман діни бірлестігі тіркелген. Бүгінгі күні аталмыш діни бірлестікте 8 имам жұмыс істейді. Келесі жылы Биғаш ауылдық мешітінің құрылысы аяқталған соң, іске қосу жос-парда бар. Аудандық ардагерлер кеңесі, соғыс ардагерлерінің бірлестігі және Көкпекті жастары жастардың патриоттық бірлестігі өскелең ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу бойынша жұмысқа белсенді тартылуда, - деді Азат Қайратұлы.
Келесі кезекте сөз кезегін алған ауданның наиб имамы Кенжебек Ахметқалиев ауданымызда Көкпекті аудандық мешітімен теріс діни ағымдардың алдын алу және халық арасында дінаралық және ұлтаралық келісімді нығайту бо-йынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Шараның сұрақ –жауап бөлімінде қатысушылар сөз тізгінін алып, ойларын ортаға салды. Атап өтсек, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Мұқашев жиындарда, жұма намазында өскелең ұрпаққа еңбекқор болуды уағыз етіп айтуды ұсынды. Ауданымыздың белсенді азаматы Қайдар Асқарұлы аудан халқы үшін көптен бері шешімін таппай жүрген қатымхана салу мәселесін көтерді. Сондай-ақ жергілікті ақын, тарихшы-өлкетанушы Қайрат Малғаждаров Көкпекті дінінің тарихы, Тана мырзаның есімін елге жеткізу мақсатында аудандық басылым арқылы мақала жариялауды ұсыныс ретінде айтты.
Біздің қоғамдағы биік рухани құндылық еліміздің одан әрі тұрақты өркендеуіне, Қазақстан тұрғындарының бейбіт өмір сүріп, жан-жақты дамуына, халық игілігіне еңбек етуіне мүмкіндік беріп отыр. Бұл дәстүрді сақтап қалу – біздің басты парызымыз.
Батай Әлімбек, Үлгілімалшы ауылдық мешітінің имамы:
- Күнтізбемізге 18 қазанның Рухани келісім күні ретінде енуі – қазақ топырағына бейбітшілік орнатып, тұрақты қоғам құру идеясынан туған үлкен бастама.
Ата-бабамыздың жолынан айнымай, араздасқанның арасын, жанжалдасқанның жағасын бүтіндеп, бітімгер болудың, татулық пен тыныштықтың тұрақтылығын сақтау – халқымыз үшін қашан да биік санат. Данышпан Абай атамыз өз өлеңінде мынадай өсиетін қалдырған: «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп». Баба нақылына бағынған ұрпақтың бір жағадан бас, бір жеңінен қол шығарардай бірлігі, ең алдымен, адамдардың рухани үндестігі мен үйлесімділігінде жатқан жоқ па?! Тәуелсіз еліміздің таңы күліп атып, көк аспанында көгершіні еркін қанат қаққан мамыражай күніміздің де түпкі тірегі татулығымыз бен бірлігімізде жатыр.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.