Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
26 тамыз күні Қалихан Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде Көкпекті аудандық білім беру саласы қызметкерлерінің «Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» тақырыбындағы тамыз педагогикалық конференциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша жаңа оқу жылы қарсаңында өткен ауданымыздың педагог қызметкерлерінің тамыз кеңесінде атқарылған жұмыстарға талдау жасалынып, алдағы жаңа оқу жылына қойған мақсат-міндеттер сараланды. Мәртебелі мамандық иелерін арнайы құттықтауға аудан басшысы Ділдәбек Тәжібайұлы, маслихат хатшысы Талғат Манафұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Насырбайұлы, «AMANAT» партиясының жауапты хатшысы Раушан Алпысбекқызы, аудан әкімінің орынбасарлары, округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, БАҚ өкілдері арнайы келді. Педагогтердің басқосуына Көкпекті ауданының білім бөлімінің басшылығы, әдіскерлер, мектеп директорлары мен мұғалімдері, балабақша меңгерушілері және әдіскерлері, тәрбиешілер қатысты.
Тамыз кеңесіне қатысушылар үшін мәдениет үйінің кіші залында білім беру мекемелерінің көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен оқушыларының білім, ғылым, өнер және спорт саласында жеткен жетістіктері таныстырылды. Көкпекті аудандық шығармашылық сарайы мұғалімдері мен оқушылары жұмыстарының көрмесі тамашаланды. Көрменің басты мақсаты – енгізіліп жатқан инновациялық-ақпараттық технологияларды кеңінен таныстыру, қосымша білім беру мекемелерінің жетістіктерін көрсету, сонымен қатар білім беру қызметінің сапасын арттыру бойынша тәжірибе алмасу.
Педагогикалық қызметкерлердің дәстүрлі тамыз конференциясында Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды. Тамыз кеңесін құттықтау сөзімен ашқан аудан басшысы Ділдәбек Тәжібайұлы жиынға қатысушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, алдағы жоспарларға тоқталды. «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз», - деген аудан әкімі өзінің құттықтауын ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзімен бастады. ҰБТ биыл 78,9 % құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 баллға жоғары. Аудан бойынша мектепке дейінгі тәрбие беретін 7 балабақша бар. Оның 3-уі мемлекеттік болса, 4 балабақша жеке меншік иелігінде қызмет көрсетеді. Бүгінгі таңда ауданымызда 60-қа жуық бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. Осы мақсатта Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебі жанынан 40 орындық балабақша ашу жоспарда бар. Қосымша білім беру саласы бо-йынша 56 үйірме жұмыс істейді. Оның ішінде 52 үйірме ақысыз, 4 үйірме ақылы негізде өткізіледі. Аудан басшысы биылғы жаңа оқу жылынан бастап Көкпекті оқушылар шығармашылық сарайында қосымша 5 үйірме ашылатынын атап өтті. «Жеті жұрттың тілін білетін, жеті түрлі білім білетін» ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің негізгі міндеті. Алдағы уақытта ағылшын тілін оқытатын және жетіген аспабын үйрететін үйірме ашылады. Сондай-ақ Ділдәбек Тәжібайұлы өз сөзінде аудан балаларының жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесін де назардан тыс қалдырмады. Бұрынғы балалар үйі лагерінің ғимараты аудан теңгеріміне берілгеннен кейін бюджеттен қаржы бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жасалатын болады. Жалпы ауданда ұстаздардың сапалық құрамы 59 % құрайды. Аудан басшысы алдағы уақытта білім бөліміне педагогтердің сапалық құрамын 70% көтеруді тапсырды. Осындай көңілге жағымды жаңалықтарды жеткізген аудан әкімі, марапаттау рәсімін өткізді. Білім беру мен тәрбие процестерін ұйымдастыру мен жетілдірудегі, оқу бағдарламаларын іске асырудағы елеулі табыстары үшін бірқатар ұстаздар Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтың Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар марапатталғандар Абай облысының білім саласына қосқан үлестері үшін облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарының мадақтамасын алды. Ауданымыздағы білім беру саласындағы жоғары жетістіктері үшін аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлының Алғыс хатымен, Құрмет грамотасымен және номинация-сымен марапатталды.
Сол сияқты Абай облысының білім басқармасының Құрмет грамотасын және аудандық білім бөлімінің құрмет, алғыс хаттарын марапат иелеріне білім бөлімі басшысының м.а. Қажет Жүнісбекұлы табыстады. Марапат иелерін құттықтаймыз.
Жиын барысында түрлі тақырыпта баяндамалар оқылды. Оның ішінде Көкпекті ауданының білім беру жүйесінің тұрақты даму құзыреттілігін қалыптастыру және үздіксіз білім беру мәселесі, мектепке дейінгі жастағы балаларға адамгершілік-патриоттық тәрбие беру, жалпыадамзаттық құндылықтар – мектептің тұтастай педагогикалық үдерісінің негізі, қосымша білім беру саласының қазіргі кездегі оқушыларға тиімділігі тақырыптары болды. Алғашқы сұрақ бойынша мінбеде аудандық білім бөлімі басшысының м.а. Қажет Жүнісбеков баяндама оқыды. Бөлім басшының мәлімдеуінше ауданда 2410 оқушы контингентті бар. 2021-2022 оқу жылында білім сапасы 64 % құрайды.
Дәстүрлі педагогикалық кеңесте «Шуақты шұғыла» балабақшасының меңгерушісі Толқын Қунапьянова мектепке дейінгі жастағы балаларға адамгершілік-патриоттық тәрбие беру жайлы баяндама оқыды.
-Еліміздің болашағы жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік – отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік – білім беру мекемесі. Мектеп жасына дейінгі балалардың бо- йына адамгершілік пен патриоттық сезім қалыптастыру үшін баланың Отанға, адамдарға деген сүйіспеншілігін ояту қажет. Ерте сәбилік кезеңнен бастап баланы ана тілінде сөйлеуге үйрету, ауыз әдебиеті үлгілерімен сусындату ең маңызды мәселе. Балабақшада әр ұлттың балалары бар, олардың бәрі бірдей тәрбиеленіп, бірдей қамқорлыққа бөленеді. Осының өзі балалардың бір-біріне жолдастық, достық сияқты қарым-қатынасын қалыптастырады. Мектепке дейінгі мекемеде тәрбиешілер балаларды үлкендерге құрмет көрсетуді, өзара дұрыс қарым-қатынас жасауды, заттарға ұқыпты қарауды білдіретін сан алуан мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді,-деді балабақша меңгерушісі.
Пленарлық отырыста «жалпыадамзаттық құндылықтар – мектептің тұтастай педагогикалық үдерісінің негізі» тақырыбында баяндама жасаған Көкжайық орта мектебінің директоры Сәуле Нукушева қазіргі таңда жас ұрпақты сапалы түрде оқыта отырып, саналы тәрбиелеу талаптарын жүзеге асырудың мынадай жолдарын айтып өтті. Олар: Рухани – адамгершілік ті, білім құндылықтарын кез келген пәнді оқыту мазмұнына енгізу. Мұғалімнің рөлі оқушының ішкі әлеуетін, оның рухани-адамгершілік құндылықтар негізіндегі мәнін ашуға тәрбиелеу.
Жыл сайын жаңа оқу жылы алдында өткізілетін тамыз кеңесі ұстаздар үшін маңызды жиын. Ол алдағы бір жылға мақсат жоспарларды бағдарлап, міндеттерді айқындайтын дәстүрлі кеңес отырысы.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.