Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
12 тамыз күні Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев құрылысшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, облыстың үздік өкілдерін марапаттады.
Өңір басшысы құрылыстың жоғары қарқыны өңір экономикасы мен халықтың тұрмысына тікелей әсер ететінін атап өтті.
- Құрылысшының жұмысы қашанда жасампаз еңбек болған. Сіздер жұмыс істейтін сала материалдық өндірісті дамытудың, халықтың тұрғын үй және мәдени-тұрмыстық жағдайларын жақсартудың негізін құрайды. Сондықтан құрылыс – кез келген мемлекеттің қалыптасуы мен дамуында өте маңызды рөл атқарады деп айта келе Нұрлан Телманұлы құрылыс саласының өкілдеріне құрмет грамоталарын тапсырды.
Марапатталғандардың қатарында біздің жерлесіміз, сала ардагері Болат Бекенұлы да болды. Майталман маман иесі облыс әкімінің Құрмет грамотасын алды.
Болат Бекенұлы өмірінің көп бөлігін құрылыс саласындағы жұмысқа арнады. Аудан игілігі үшін 43 жылға жуық жұмыс істеген.
Болат Бекенов еңбек жолын Семей құрылыс техникумына оқуға түсіп, кейін оны үздік аяқтағаннан кейін бастаған. 1981 жылдың мамыр айында бозбаланы Семсельстрой-22 трестінің ПМК 2203 3-разрядты тас қалаушы болып жұмысқа қабылдайды. 1981 жылы ПМК 2203 №3 жасағының шебері болып ауыстырылды. 1986 жылдың сәуірінен 1995 жылдың маусымына дейін осы мекеменің бас инженері болды. Осы ұзақ уақыт аралығында ол Тассай, Биғаш, Теректі, Үлкенбөкен және Көкпекті ауылдарында, сондай-ақ Жаңа-семей ауданының Түрксіб ауылында мектеп салуға белсенді қатысты. Сонымен қатар, ПМК қызметкерлерінің күшімен көптеген басқа нысандар – тұрғын үйлер, жылу трассалары бар қазандықтар, әлеуметтік нысандар, мал шаруашылығы салынды. Көкпекті ауылында телемұнараны да ПМК жұмысшылары тұрғызған.
1995 жылдан 2008 жылға дейін Болат Бекенұлы Көкпекті ауылдық округінің әкімі, кейін ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының басшысы болды. Бұдан әрі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы, 2015 жылдан 2018 жылға дейін ол Екібастұз қаласында «AnvarSagat» ЖШС инженер-сарапшысы болды. 2019 жылдан бас-тап қазіргі уақытқа дейін Болат Бекенұлы «VKETNA» ЖШС инженер-сарапшысы қызметін атқарады. Оның міндетіне техникалық қадағалау, яғни жобаның барлық кезеңдерінде құрылысты қадағалау, оның ішінде сапасы, мерзімі, құны, орындалған жұмыстарды қабылдау және объектілерді пайдалануға беру кіреді.
Болат Бекенов көп жылғы адал еңбегіне «аудан экономикасын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.