Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
13 шілде күні Көкпекті ауданына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмас Ыдырысов келді. Негізгі себеп Омск-Майқапшағай халықаралық жолының құрылысы, нақты алғанда Қалбатау-Көкпекті аралығындағы жол мәселесі.
Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевтың мұрындық болуымен өткен кездесуге Вице-министрмен бірге «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мейрхат Қасымбаев, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Жұқабетов, "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК бас директоры Замир Сағынов, мердігер компания өкілдері қатысты.
Жергілікті халықты алаңдатқан мәселе талқылауға түскен кездесу Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде өткізілді. Келелі кеңеске ұласқан кездесуге аудандық қызмет басшылары, кәсіби жолшылар, ардагерлер қатысты.
Жиынды ашқан вице-министр Алмас Ыдырысов жергілікті халықты қатты алаңдатып отырған жол мәселесін жақсы білетінін жеткізді.
- Таяуда ғана вице-министр лауазымына тағайындалған соң алғашқы жұмыс сапарымды Абай облысынан бастап отырмын. Бұл өңірде қордаланған мәселелер көп. Ең бірінші ол – жол мәселесі. Жолды жөндеу, уақытында аяқтау халықты алаңдатқан өзекті мәселе екені бізге белгілі. Семей-Қалбатау, Қалбатау-Майқапшағай Қалбатау-Алматы бағы-тындағы жолды аралап, жағдаймен танысуға келдік. Жол жөндеу жұмысында қандай қиындықтар бар? Олардың шешу жолы қандай? Осы сынды сұрақтарға жауап іздеп, ұйымдастыру шараларын қабылдаймыз. Абай облысында бүгінгі күні 600 шақырым жолға қайта жаңарту жұмысы жүргізілуде. Бұл жұмысты тез арада бітіру біздің басты міндетіміз. Биылғы жылға 177 шақырым жолға жай жөндеу жұмыстары жоспарланды, - деді Алмаз Серікболұлы.
«ҚазАвтоЖол» басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Жұқабетов өз кезегінде аймақтағы автокөлік жол-дарының жағдайымен таныстырды.
- Абай облысында республикалық маңыздағы автокөлік жолдары 2176 шақырым. Оның 591 шақырымында қайта жаңғырту жұмысы жүргізілуде. 2017 жылдан бастап инфрақұрылымды дамытуға бағытталған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік емес қарыздар есебінен 21 учаскеде автокөлік жолдарын қайта жаңғырту жұмыстары атқарылуда. Бұған Қалбатау-Өскемен, Қалбатау-Майқапшағай аралығы жатады. Бүгін талқыланып отырған Қалбатау-Майқапшағай аралығы 415 шақырымдық 10 учаскеден тұрады. Бас мердігер Қытайлық «Синь-синь» компаниясы және оның серіктесі қазақстандық «КазГерСтрой» ұйымы. Алғашқы 54 айдың қорытындысы бойынша 1 және 5 учаскеде «КазГерСтрой» компаниясы өзінің келісім-шарт бойынша міндеттерін орындамады. Қазір бұл компанияның қаржыны игеру мәселесі бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде. Алайда келіссөздер нәтижесінде қытайлық «Синь-синь» компаниясы «КазГерСтрой» компаниясы орындамаған міндеттемені атқаруды өз жауапкершілігіне алып отыр. Қазіргі уақытта 2 және 3 учаскеге техника әкелінуде, - дейді Нұржан Абылқасымұлы.
«ҚазАвтоЖол» өкілінің мәліметі бойынша 13 шілдеден бастап бас мердігер қытайлық «Синь-синь» компаниясының Пекиннен келген басшылығы Көкпекті ауылында орналасады деген шешім қабылданған екен. Бұл бірінші кезекте бас мердігердің кеңсесі мен бухгалтериясын ауданда орналастыру арқылы барлық қаржылық операцияларды уақытылы атқаруға, шұғыл шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Вице-министр баяндамашының ұзын-сонар ақпаратын тоқтатып, жол-құрылыс жұмыстары нақты қашан аяқталатын мерзімін атауды талап етті. – Келісім-шарт бойынша «Синь-синь» компания-сы жұмысты 2023 жылдың соңына дейін толық аяқтап, 415 шақырым жолды пайдалануға беру керек, - деген жауап алынды. Кездесуге қатысып отырған қытайлық компания өкілі де 2023 жылдың соңына дейін жол құрылысы толық аяқталады деген уәдесін берді.
Жол құрылысы сапасын бақылауға жауапты технадзор ұйымының өкілі де кездесуге қатысып отырды. Вице-министрдің сұрақтарына толық жауап бере алмаған жауапты мекеме жұмысы сынға алынды. Технадзор тарапынан жолданған кемшіліктер туралы ескертулердің 40 пайызы орындалмаған. – Жіберілген кемшіліктің 40 пайызы ескерту берілгеніне қарамастан орындалмағаны өте өкінішті. Сіздерден жол құрылысы сапасын қатаң қадағалауды талап етемін, - деді вице-министр.
Сұрақ-жауап кезеңінде ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Мұқашев жол құрылысы жанданғанына қуаныш білдіріп, құрылыс сапасы мен жылдамдығына мән беруді сұрады. Бұл сұраққа тікелей вице-министр Алмаз Ыдырысов «Халықтың талабы орынды. Жол құрылысын сапалы әрі уақытында бітіруге барымызды саламыз» деген жауап берді.
Аяжан Амантайқызының «Жаңадан салынып жатқан жолдарды жүк тасушы ауыр техникалар қайта бұзып тастамайды ма?» деген сұрағы да жауапсыз қалмады. Жаңа жолдарды күтіп ұстау, сақтау мәселесі мемлекет бақылауында болады.
Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев жыл соңына дейін Қалбатау-Көкпекті арасындағы жолда қандай жұмыстар жасалатынын сұрады. Бұл сұраққа «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мейрхат Қасымбаев жауап берді.
- Қытай компаниясы бұл аралықтағы жолды өз міндетіне алғанына 2 апта болды. Жұмыс жаңа жанданып жатыр. «Синь-синь» компаниясының кеңсесін Көкпектіге ауыстыру менің шешімім болды. Біздің елімізге келіп, жұмыс жасап, жақсы пайда тауып отырғандықтан елмен бірге жол бейнетін көрсін дедік. Елдің ішінде жүріп, түйінді мәселелерді көзімен көрсе сұрақтар шұғыл шешілері сөзсіз. Қытайлық компания техникасы осы айдың соңына дейін Майқапшағайдан көшіріліп, Қалбатау мен Көкпекті аралығындағы жолға келеді. Жолды биыл толық бітірмесек те айналма жолдар азаяды. Жергілікті «КазГерСтрой» компаниясы тапсырыс берушімен ақылдаспай көп жолды қырып тастаған. Бұл біздің тарапымыздан да жіберілген кемшілік болды. Қазан айының соңына дейін күндіз-түні жұмыс істейтіндей мүмкіндік бар. Барынша көп жерді биыл ашуға тырысамыз. Қазақстан бойынша мәселесі қордаланған осындай 4 мың шақырым жол бар. Оны да ескеру керек. Жергілікті халықтың түсіністікпен қарап, сабырмен тосып отырғанына басымызды иіп, рақмет айтамыз. Шыдамдылық пен сенімдеріңізді ақтау міндетіміз, - деді басқарма төрағасы.
Ділдәбек Тәжібайұлы өз кезегінде жергілікті атқарушы билікке қатысты кез-келген мәселеде қолдау білдіруге дайын екенін жеткізді.
- Біздің тарапымыздан қандай да мәселелер болса шешуге дайынбыз. Біздің де бар ойымыз осы жұмыс тез жүріп кетсе дейміз. Жұмыс жанданғанын көріп отырмыз. Осы жол бойын толық аралап өттім. Енді бір мәселе Көкпекті мен Тассай аралығындағы 40 шақырым жолдың жағдайы. Соған грейдер жіберіп, тегістеп берсеңіздер, - деп аудан басшысы халықтың өтінішін жеткізді. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мейрхат Қасымбаев бұл мәселені шұғыл шешіп беруге уәде етті. Мердігер ұйым өкілі де бұл мәселе шешіледі деп сөз берді.
Құрметті жолшы Гүлдарай Закарияқызы жол құрылысы барысында ескерілетін бірқатар өзекті мәселелерді ортаға салды. Көтерілген сұрақтардың барлығы ескерілетін болды.
Келелі кеңесті қорытындылай келе вице-министр Алмаз Ыдырысов кездесуге келген мердігер компания өкілдеріне көтерілген мәселелер шұғыл шешімін табу керектігі туралы шегелеп айтты. Аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы осындай кездесулер жиі өткізілсе деген ұсынысын жеткізіп, бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.