Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Жерлесіміз Ердан Орымбеков екі кішкентай баланың өмірін аман алып қалды. Оқиға 12 маусымда Көкпекті өзенінде болған.
Аптап ыстық демалыс күндері көптеген ауыл тұрғындарын жергілікті өзеннің суынан пана іздеуге мәжбүр етті. Кішкентай балалардың қандай да бір себептермен ата-аналарының бақылауынсыз суға түсіп, өмір мен өлімнің арасында қаламын-ау деген қорқыныштың болмауы таңсық дүние емес. Мұндай немқұрайлылық қайғылы жағдайға айналып кете жаздады.
Өзінің айтуы бойынша сол күні Ердан әдеттегідей өзенге шомылуға келген екен. Бір кезде оған жеткіншектер жүгіріп келіп, өзеннен арғы бетінде кішкентай балалар суға батып бара жатқанын айтады. Алғашында жас жігіт бұны балалардың ойыны деп ойлап қалған екен. Бірақ не болып жатқанын өзі барып көруге бел буады. Бұл шешімі бекер болмады.
Автобаза аумағында халық арасында «Глубинка» деп аталып кеткен жерде 5 жастағы қыз бала суға батып бара жатады. Оны құтқармаққа ұмтылған 8 жасар ағасы су астында қалып қойған. Ердан ойланбастан өзенге секіріп, суға батып бара жатқан 2 баланы да құтқарып қалды. Бүлдіршіндердің естерін жинауға көмектесіп, үйлеріне қайтарған және оларға ересектерсіз мұнда келуге болмайтынын қайталап айтыпты.
14 маусым күні Көкпекті ауылдық округінің әкімі Қайрат Алғазыұлы ұжымымен бірлесіп, ерлік көрсетіп, балалардың өмірін сақтап қалғаны үшін Ерданға "Алғыс хат" пен сыйлық табыс етті.
...Бұл әрекет ілтипат пен құрметке лайық, өйткені өзгенің мүддесі үшін өз өмірін қатерге тігу әркімнің қолынан келе бермейді. Бізді «ата-аналар кішкентай балаларын өзенге қараусыз жібергенде не ойлайды?» деген сұрақ мазалайды.
Көкпекті өзені балалар алаңсыз суға шомылуына арналған қауіпсіз жер емес. Себебі терең су аймақтары бар. Бұл туралы тұрғындар біледі. Балаларға мұқият болу үшін шынымен де қайғылы жағдай орын алуы қажет пе?!
Құрметті жерлестер! Өзіңіздің және балаларыңыздың өміріне бейжай қарамауларыңызды сұраймыз!
Үлкендердің қарауынсыз ұл-қыздарыңызды өзенге шомылуға жібермеулеріңізді ескертеміз!
Бүгінгі күннің батыры Ерданның ерлігі ескерусіз қалмағаны қуантады.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.