Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Сіздерді жаздың алғашқы күндерімен қатар келетін тамаша мерекелердің бірі Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Бұл - өскелең ұрпақтың амандығына, денсаулығы мен қауіпсіздігіне аға буын жауапты екенін еске салатын мереке. Еліміздегі әр бала мейірімге бөленіп, балалық шағын бақытты әрі қызықты өткізуге қақылы.
Биылғы 2022 жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Балалар жылы» деп жариялаған болатын. Президент өз сөзінде «Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы - мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Сол себепті 2022 жылды балалар жылы деп жариялау керек деп есептеймін», - деді. «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық - бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз» деп атап өтті Президент.
Мемлекет басшысы өскелең ұрпақтың болашағына баса мән бере келе жастарға зор үміт артатынын айтады.
Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, отбасыларыңызға құт-береке татулық тілейміз. Үлкендер жағы тек дәл бұл күні ғана емес, жыл он екі ай бүлдіршіндеріміздің қорғаны болып, балалық шақтарын қуаныш пен бақытқа толтырудан шаршамасын. Ал балаларға тілеріміз әрқашан үлкендерді, ата-аналарыңды сыйлап, өздеріңнің тәтті қылықтарыңмен қуантып, еліміздің мақтан тұтатын азаматтары болып өсіңдер.
Мереке құтты болсын!
Раджан Сейтқанов, аудан әкімі
Талғат Сарманов, маслихат хатшысы
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.