Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары  барысында ерекше рекорд тіркелді....

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...

  • Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

    31.10.2024 08:56
  • КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    19.09.2024 04:44
  • ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    12.09.2024 06:55
  • Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    20.08.2024 15:11
  • АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    12.08.2024 06:02

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жалпыхалықтық референдум өтетін күн жақындаған сайын оның маңызы мен мақсатын түсіндіру бағытындағы жұмыстар да қыза түсті. 26 мамыр күні Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, «Аманат» партиясының фракция мүшесі Ерлан Саиров жұмыс сапарымен Көкпекті ауданына келіп, халықпен кездесті.
Аудандық мәдениет үйінде өткен кездесуге аудан әкімі Раджан Сейтқанов, құрметті ақсақалдар, қоғам белсенділері, мемлекеттік қызметкерлер, жас мамандар, ауданда құрылған референдум бойынша арнайы түсіндіру тобының мүшелері, тұрғындар қатысты.
Кездесу барысында елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси реформалар және Конституцияға өзгерістер енгізуге бағытталған бүкілхалықтық референдум өткізу мәселесі талқыланды. Бұл жолғы жиын өте қызу және мазмұнды өтті.


- Біріншіден, Конституцияның жаңадан енгізіліп жатқан баптары бойынша Президенттің белгілі бір партияның немесе саяси ұйымның мүшесі болуға қақысы жоқ. Екіншіден, Президенттің жақын туыстарының барлығы жоғары мемлекеттік лауазымға немесе квазимемлекеттік секторда, әсіресе ірі мемлекеттік компанияларда басқарушы бола алмайды. Сонымен бірге Президент өзінің құзырының қомақты бөлігін Парламентке, оның ішінде Мәжіліске беріп отыр. Ең негізгі өзгеріс – Ата Заңымыздың 6-бабына «Қазақстан Республикасының жері, табиғи ресурстары және жер ресурстарының барлығы халық меншігінде» деген жаңа редакция пайда болды,– деді Ерлан Бияхметұлы.
Сондай-ақ жиын барысында жазушы Ратбек Арынұлы, қоғам белсендісі Қайдар Шайзадинов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Мұқашев сөз сөйлеп, өз ойларын білдірді.
Қашан да елдің көңілінде жүрген түйінді сұрақтарды көтеретін Ратбек Арынұлы елдегі саяси өткір сұрақтарды ашық талқылау керек екендігіне баса назар аудартты. Ардагерді шет ел азаматтарына уақытша ЖСН беру мәселесі алаңдатады.
- Қазіргі уақытта таралып жатқан фейк, яғни жалған ақпарат көп. Дәл қазіргі уақытта басқа елдерден келіп, уақытша ЖСН алып жатқан азаматтар саны соншама көп емес. Барлығы мемлекет бақылауында. Ішкі істер министрлігі, басқа да органдар жұмыс істеп жатыр. Мен өзім Мәжілістің Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесімін, - деп сендірді Мәжіліс депутаты.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Насырбайұлы өз кезегінде Конституциялық реформалардың ел мүддесіне сәйкес келетіндігіне тоқталып, "Конституциялық өзгерістердің болашақ ұрпаққа әкелетін жақсылығы мол, сондықтан референдумға барып, жақтап дауыс беру керек" деп кесіп айтты.
Қайдар Асқарұлы болса өз кезегінде аймақтық инфрақұрылым мәселесіне тоқталды. Халықаралық Омск-Майқапшағай тас жолының Қалбатау-Боғас учаскесі қашан жөнделетіні барша аудан халқын мазалаған өзекті сұрақ.
– Референдумды қолдаймын. Іс жүзіндегі Ата заңмен «Жаңа Қазақстан» құру мүмкін емес. Өзгерістер халық үшін өте пайдалы болатынын көріп отырмын. Сізге Көкпекті халқының ең үлкен арыз-өтінішін жеткізсем деп отырмын. Елді қинап отырған жол мәселесі. Халықаралық маңызы бар жолдың Қалбатау-Боғас бөлімі қашан жөнделеді? Бұл бағытта қандай жұмыс атқарылуда? Биыл құрылыс басталады ма?, - деп сұрақтарды төтесінен қойды.
Мәжіліс депутаты Омск - Майқапшағай халықаралық жолын жөндеу жұмыстары туралы күн тәртібіндегі өзекті мәселе бойынша 27 мамыр күні Тарбағатай ауданында үлкен жиын өтетінін мәлімдеді.
- Ертең Тарбағатайға «Қазавтожол» төрағасының орынбасары арнайы келеді. Үлкен жиында мәселе талқыланады. Бүгінгі күні барлық депуттатар бұл мәселемен айналысуда. Нақтысын айтқанда жол жөндеуге бөлінген қаражат қолды болып кеткен. Сот арқылы жымқырылған қаражатты қайтару процесі жүріп жатыр. Алайда мердігер ұйым өз қаражаты есебінен жұмысты бастайтын болды, - деді Ерлан Бияхметұлы.
Кездесу барысында референдум өткізуге ерте емес пе? Дәл қазіргі уақытта не үшін Конституцияға өзгерістер енгізу керек деген сұрақтарға да жауап берілді.
- Референдум өткізу туралы Президенттің ең негізгі логикасы – халық дауыс беру керек. Халық дауыс берген жағдайда ескі жүйеге оралудың жолы жабылады. Жалпыхалықтық референдум – жаңа және әділ Қазақстанды құру жолындағы үлкен қадам. Бұл – ескі мен жаңаның арасындағы жолайрық. Егер біздің балаларымыз бен немерелеріміз Әділетті Қазақстанда өмір сүрсін десек, онда 5 маусым күні оған барлығымыз дауыс беруге тиіспіз. Сол үшін де аймақтарға келіп, жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеміз, – деп сөзін түйіндеді Ерлан Бияхметұлы.
Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістердің барлығы азаматтардың өз конституциялық құқықтарын толықтай жүзеге асыруының негізін қалыптастырады. Ол моральдық-құқықтық құндылықтардың негізгі постулаттарын, саяси институттардың даму бағыттарын қамтитын классикалық еуропалық үлгіге сүйенеді. Мұнда ешкімнің тарихи рөліне баға берілмейді. Конституция ел азаматтарының ортақ мүддесін көздейді.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз