Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы" туралы жарлыққа қол қойды. Бұл елдің мүддесін, көкейіндегі қалауын елеп-ескеріп жасалған тарихи қадам, сындарлы шешім болды.
Көкпекті ауданы Шығыс Қазақстан облысының құрамында болған 25 жылдың ішінде көптеген жұмыстар атқарылды. Самар өңіріне де көп көңіл бөлінді. Аудан азаматтары барлық салада ел игілігі үшін аянбай еңбек етті.
Президент Жарлығымен Көкпекті ауданы және Самар ауданы болып қайта бөлінді. Көкпекті ауданы Абай облысына қарайды. Ұлылар мекені Семей қаласының қайтадан облыс орталығы болғанына барлық қазақстандықтар қуанды десек артық емес. Облыс орталығы статусы Семей қаласының дамып-өркендеуіне көптеген оң өзгерістер әкелері анық.
Президенттің бастамасымен іс жүзіне аса бастаған реформалар елдің келешегін жарқын етіп, Жаңа Қазақстанның өркендеуіне негіз боларына сенеміз және соған баршамыз атсалысуымыз қажет.
Сләмбек Мұқашев, аудандық
ардагерлер кеңесінің төрағасы
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.