Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары  барысында ерекше рекорд тіркелді....

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...

  • Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

    31.10.2024 08:56
  • КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    19.09.2024 04:44
  • ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    12.09.2024 06:55
  • Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    20.08.2024 15:11
  • АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    12.08.2024 06:02

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

1 сәуір күні Көкпекті ауданының әкімі Раджан Сейтқанов халық алдында биылғы жылғы қорытынды есебін берді.  2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын және 2022 жылға арналған міндеттерді саралаған аудан әкімі биыл да жетістіктердің еселенетіндігіне сенім білдірді. Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде өткен есептік кездесуге аудан орталығының тұрғындары, мекеме және ұйым қызметкерлері, мәслихат депутаттары, ауыл шаруашылығы, білім және денсаулық сақтау саласының өкілдері, жеке кәсіпкерлер қатысты.

Бірінші кезекте Көкпекті ауылдық округің әкімі Қайрат Алғазинов сөз алды. Округ әкімі жыл басында өткен есептік кездесуде тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтардың шешілуін, арыз-өтініштердің орындалу барысын тілге тиек етті.

 

Қайрат Алғазыұлының аудан орталығында атқарылып жатқан жұмыстарды айта келе, тұрғындар да азаматтық ұстаным танытып, ортақ жауапкершілік болса деген ұсынысын айтты. Ауыл ажарын ашатын жаңа нысандарды ұқыпты пайдалану, сындырып-бүлдіруге жол бермеу, халық игілігі үшін жасалған жақсы жобаларды күтіп ұстау  барлық тұрғындарға ортақ жауапкершілік.

Дегенмен, аудан орталығында шешімін күткен мәселе де аз емес. Ауыл жастары өздерін толғандырған бірқатар өзекті сұрақтарды ортаға салды. Елжанды азаматтарды ауыл тазалығы, қатты қалдықтар полигонының сын көтермес жағдайы, 36-шы пәтер маңындағы қоқыс үйіндісі, «Больничный городок» аумағындағы жолдардың тозығы жеткені, жаңа саябаққа және балалар ойын алаңына кіретін жолдың батпаққа батып жатқаны, май жайылымына жер тапшылығы, егістік алқаптарының ауылға тым жақын орналасуы, елді мекен аумағында мал бордақылау алаңын ұстаудың заңдылығы сынды сұрақтар толғандырады. Сондай-ақ ауыл шетінде орналасқан асфальт зауыты  түнде ұйқымыздан айырды деген шағым түсті.

- Әрбір сұрақтың қойылуы орынды. Алайда көп жағдайда түйінді мәселенің туындауы өзімізге байланысты. Бірінші кезекте, барлық ауыл тұрғындарын абаттандыру жұмыстарына белсенді ат салысып, тазалықты сақтауға шақырамын. Әрбір азамат тазалықты өзінен бастаса дейміз. Ауыл сыртындағы қатты қалдықтар полигонын қоршаған мердігер ұйыммен 3 жылға сақтандыру келісім-шарты жасалған. Жер кепкен соң қоршауды қалпына келтіреді. Мал жайылымын ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бойдақ малдың барлығы жайлауға жіберілу керек. Қолдағы сауын сиырды бағу үшін кезек шығарылады. Мал бордақылау алаңын ұстап, кәсібін дөңгелетіп отырған азаматардың көп болуы біз үшін жақсы. Себебі әрбір тұрғын жұмыспен қамтылуы және кәсіппен айналысқаны қуынышты. Қанша мөлшерде мал ұстауға болатынын іс жүзіндегі заң аясында қарастырайық. Асфальт зауытын салатын кезде қоғамдық тындау өткізілді. Сонда ешбір адамнан қарсылық болған жоқ. Кәсіпкер заңды рұқсатын алып, бизнесін жүргізіп отыр, - деп жауап берді ауыл әкімі Қайрат Алғазинов.

Осыған дейін, шағын елді мекендердің барлығын аралап, ауылдық округтерде есеп берген аудан басшысы Раджан Сейтқанов бұл кездесуінде 2021 жылы атқарылған шаруаларды тізбелеп, слайд арқылы баяндап берді. Аудан әкімінің қорытынды есебінде айтылғандай өткен жылы әр салада оңды өзгерістер болғаны байқалады.

- Өткен жылдың қорытындысы бойынша Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткішінің оң серпіні байқалады. 2021 жылы өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 2020 жылмен салыстарғанда 6,7 есеге ұлғайды, - деп бастаған аудан басшысы әрбір салаға жеке тоқталып, атқарылған жұмыспен қатар жоспарланған жобаларды жұрт назарына ұсынды.

Шағын және орта кәсіпкерлік бағытында өткен жылы ауданда 9 дүкен, 1 тамақтану орны және 1 тігін цехы ашылған екен. Аталған  нысандарда жаңадан 25 жұмыс орындары құрылды. Жеке кәсіпкерлікті қаржылық қолдау мақсатында 2021 жылы "Көкпекті - Несие КС" ЖШС арқылы 1610,3 млн. теңге несие берілді. "Бизнестің жол картасы - 2025" мемлекеттік бағдарламасы аясында бірінші бағытпен 73,4 млн.теңге сомасысына 3 жоба қаржыландырылды. Екінші бағыт бойынша 9,5 млн.теңге сомасысына 2 грант берілді. "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша мал шаруашылығы және өсімдік бағыттарында 556,1 млн.теңге сомасысына 8 жоба қаржыландырылды.

Ауыл шаруашылығы саласында ағымдағы жылы ауданға көктемгі дала жұмыстарына 3445 тонна арзандатылған отын, күзгі дала жұмыстарына 3250 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына аудан азаматтарынан түскен 1487 өтінім қарастырылып, жалпы сомасысы 1 млрд. 523 млн.теңге көлемінде аудан шаруаларына субсудия берілген.

Ветеринария салысында эпизоотиялық жағдай салыстырмалы түрде тұрақты. Барлық ветеринарлық-профилактикалық іс-шаралар толық көлемде жүргізілді. Бұл саладағы негізгі мәселенің бірі ірі қара малдың бруцеллез ауруы болып қалуда.

Есептік баяндамадан тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып келе жатқанын байқадық. 2021 жылы тұрғын үйді пайдалануға беру жалпы алаңы 5 687 шаршы метрді құрады. "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы аясында кезекте тұрған көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған 1805 шаршы метр баспана қолданысқа енгізілді.

«Өңірлерді дамыту - 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық және аудандық бюджет есебінен орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жобалар «Тассай ауылына кіре беріс» автомобиль жолының 9 шақырымы. Сметалық құны 250 млн. 224 мың теңгені құрайтын орташа жөндеу жұмыстары. «Үлкенбөкен-Көкжайық-Үлгілімалшы» автомобиль жолының 14 шақырымы. Ссметалық құны 392 млн. 912 мың теңгені құрайтын орташа жөндеу жұмыстары атқарылды.

2022 жылы елді мекендердің ішкі жолдарын жөңдеу бойынша жоспарланған шаралар да аталды. Ұзындығы 4,5 шақырымды құрайтын Көкпекті ауылының көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу қарастырылған. Жоба сомасы - 100 млн.теңге. Преображенка ауылы орталық көшесінің жолдарын орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу. Жоба сомасы - 20 млн. теңге. Бастаушы ауылы Абай көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу. Жоба сомасы - 20 млн. теңге. Үлкенбөкен ауылы Достық көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу. Жоба сомасы - 20 млн. теңге. Мариногорка ауылы ұзындығы 2,1 шақырым Абай көшесіне көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу. Жоба сомасы - 40 млн. теңге.

Таза ауыз сумен қаматамасыз ету мақсатында 7 ауылдық елді мекенде су құбыры желілері құрылыстары аяқталды. 2022 жылы ауданның елді мекендерін таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жоспарланған. Олардың қатарында Самар, Көкжайық, Преображенка ауылдарының су құбыры желілерін қайта жаңарту және су тарту құрылысын қайта жаңарту бар.

Былтырғы жылы елді мекендерід абаттандыру бойынша аудан көлемінде 31 жоба жүзеге асырылды. Биылғы жылға жоспарланған жобалар да ауқымды. Бүгінгі күні аудан бойынша 15 жобаны жүзеге асыруға қаражат бөлініп отыр.

Ағымдағы жылы ауданның білім беру мекемелері ғимараттарын жөңдеу бойынша 7 жоба жоспарланған.

Сондай-ақ, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау салалырында атқарылатын жұмыстар аталды.

Есептік кездесудің сұрақ-жауап бөлімінде аудан әкіміне көкейіндегі сауылын жолдауға, өтініші мен ұсынысын жеткізуге ниет білдіруші тұрғындар саны өте көп болды. Бұл азаматтардың туған ауылына деген сүйіспеншілігі, оның болашағына алаңдауы, қоғамдық сананың жаңғыруы деп бағаладық.

Залға жиналған көпшілік арасында аудан әкімінің жұмысына көңілі толмайтынын ашық айтқан азаматтар да болды.

Бұл мәселе бойынша жауап берген аудан басшысы Раджан Сейтқанов көпшілік алдында ойын ашық жеткізу, атқарушы биліктің жұмысына баға беру әрбір азаматтың заңды құқығы екенін айтты.

Аудан басшысы қоғам белсенділерін, ауылы үшін алаңдайтын елжанды жерлестерді ашық диалогқа шақырып, әрбір шаруаны ақылдасып атқаруды ұсынды. «Сын түзелмей мін түзелмейді» деген сөзді дана халқымыз бекер айтпаса керек.

Барша көкпектіліктер құрмет тұтатын ардагер жолшы Гүлдарай Шаяхметова көпті толғандырған бірқатар сұрақтарды кезегімен ортаға салды. Біршама уақыт бұрын қыруар қаражатқа салынған кәріз желісінің жұмыс істемей тұруы және ондағы қымбат тұратын құрылғылардың тоналуы расымен алаңдайтын жағдай. Сондай-ақ жаңадан су құбыры желісін салу жұмыстары сын көтермейтіні тілге тиек етілді. Әр көшеде тау болып үйілген топырақтар ауыл сәнін кетіруде. Қазылған ор мен қойылған құдықтар опырылып жатыр. бұның барлығы әрбір көкпектілікті мазалаған өзекті сұрақтар. Гүлдарай апай осы мәселелерді түсінікті қылып, білікті маман ретінде талқылып отырып жеткізді.

Сонымен бірге, бұл күні орталық аурухана жұмысы көп сынға ұшырады. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Насырбайұлының ұсынысы бойынша алдағы уақытта медициналық қызмет көрсету сапасы туралы қоғамдық тындау өткізілетін болды. Ол жиынға облыстық денсаулық сақтау басқармасынан арнайы өкіл шақыру керектігі де айтылды.

Сұрақтарға жауап берген аудан әкімі әрбір мәселе жеке талданып, оң шешімін шығару үшін кешенді жоспар жасалатынын жеткізді. Халықтың ұсынысы бойынша Көкпекті орта мектебінің бұрынғы спорт залына ауданға танымал азамат, еңбегі сінген жерлесіміз Рәмзи Шаяхметовтың есімін беру ономастикалық комиссия отырысында қаралады. Су қоймасын қалпына келтіру мәселесін жергілікті қауымдастықпен қарастыру округ әкіміне жүктелді. Ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу кезінде сапасын қадағалау үшін қоғамдық бақылау бекітіледі.

Халық пен билік арасында ашық диалог орын алған есептік кездесуді қорытындылаған аудан әкімі барлық көкпектіліктерді ауданды көркейту жолында бірлесіп еңбек етуге шақырды.

Дархан БЕРДІБЕК

 

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз