Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары  барысында ерекше рекорд тіркелді....

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...

  • Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

    31.10.2024 08:56
  • КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    19.09.2024 04:44
  • ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    12.09.2024 06:55
  • Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    20.08.2024 15:11
  • АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    12.08.2024 06:02

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Әдемі де әдепті, инабатты да ибалы келіндерімізбен қалай мақтансақ та жарасымды. Ұлтымыздың салт-дәстүрінің ұлықтаушысы да, тіліміздің тірегі де осы келіндер. Халқымызда «Келіні жақсы үйдің - керегесі алтын» деген де дана сөз бар. Осы орайда Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында аудан орталығы Көкпектіде «Аяулы жас келін - 2022» атты аудандық байқауы өткізілді.
Байқауға Көкпекті аудандық қоғамдық кеңесінің хатшысы Рауия Наурызбаева, аудандық тарихи-өлкетану мұражай қорын сақтаушы Клара Смаилова, Көкпекті ауданының оқушылар шығармашылық сарайының директоры, өнер майталманы Асқар Сүлейменов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азат Рахимбаев, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Гүлмира Ордаханова, Қалихан Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі, өнерпаз Нұрлан Қайратұлы, көпбалалы ана, мәдениет үйінің күміс көмей әншісі Динара Қизатова бағаларын беріп, төрелік етті.


Байқау ережесіне сәйкес сайыс 18-ден 29 жасқа дейінгі Көкпекті ауданының аумағында тұратын тұрмысқа шығып, келін атанған қыз-келіншектер арасында өтті. Ұмыт болып бара жатқан ұлттық салт-дәстүрлерімізді ұлықтауға бағытталған сайысқа ауданымыздың ауылдық округтерінен ақылына көркі сай тоғыз жас келіні қатысып, өзара сынға түсті. Жас келіндердің бәрі де «Па, шіркін, қазақтың келіндері осындай-ақ болсайшы» дейтіндей бірінен-бірі өткен сұлу да көркем, он саусағынан өнер тамған шебер жандар екен. Ою өрнекті қазақы киім жас келіндердің көркін асырып, ажарын аша түскендей.
«Аяулы жас келін- 2022» байқауы үш кезеңнен тұрды. «Жас келіннің бір күні» сайыстың бұл түрінде байқауға қатысушы бір күндік тыныс-тіршілігін көрсететін бейнематериалды көрермен назарына ұсынды.
Ал келесі кезең шығармашылық жағына бағытталды. «Мен қазақтың қызымын» бөлімінде қатысушылар туған жерін, әулетін, өлеңдете бейнероликтер арқылы таныстырды.
Сөйтіп, келіндердің ой-өрісін, білім деңгейі мен біліктілігін бағамдайтын интеллектуалдық сайысқа да кезек келді. Байқағанымыз, келіндерге қойылған сауалдардың дені қарапайым болды. Мысалы, «Беташар», «Босаға майлау», «Сыбаға», «Тыштырма» дегеніміз не? «Киіз үйдің жабдықтары мен бұйымдарын, қымыз түрлерін ата деген сияқты. Өзіне қойылған сауалдарға келіндер мүдірмей-ақ жауап берді. Десе де келіндердің арасында «Үш жұрт», «Жеті атаны» атау, «Тіл», «Өңір салу», «ет мүшелеу» сынды сұрақтарды білмей сүрінгендер де кездесті.
Ал кезек өнер сайысына келгенде келіндердің ешқайсысы да аянып қалмады. Келіндердің бірі мың бұрала би билесе, екіншісі әуелете ән салды, ал үшіншілері мәнерлеп өлең оқыса, тағы бірі пьесадан үзінді көрсетті.
«Ас – адамның арқауы» кезеңінде әр қатысушы өзі дайындап келген бүгінде ұмытылып бара жатқан ұлттық тағамдарын таныстырды.
Бұл сайыста қазы-қарта, жал-жая, ет пен жайма, Наурыз көже, бауырсақ, құрт пен қызыл ірімшік ұлттық тағамдардың түр-түрін өз қолымен әзірлеп әкелген Шұғылбайлық Назерке келіннің ақ дас-тарханынан дәм татпаған жан қалмады. Сондай-ақ, «Жұмыр», «Балқаймақ», «үлпершек», «быламық», «әсіп» «қара қуырдақ» жасап әкелген жас келіндер қазылардың көңілінен шығуға тырысты. Осылайша қазақ келінінің ақылы мен парасаты сынға түскен байқау да өз мәресіне жетті.
Қазылар алқасы үшін «мыңнан тұлпар, жүзден жүйріктерді» анықтаудың қиын болғаны рас. Нәтижесінде, байқауда көкжайықтық келін Айнұр Асхар «Аяулы жас келін -2022» аталымын 149 ұпаймен жеңіп алып, гран-приды иеленді.
Бұрымдылар арасындағы байқауда Аққала округінің келіні Назерке Абдрахмановаға «Аспаз келін», Қойгелді Аухадиев ауылдық округінің келіні Венера Шегеноваға «Ең сыйлы келін», Көкпекті округінің келіні Ажар Сағатбековаға «Ең пысық келін», Мариногорка ауылдық округінен келген Замира Акашеваға «Көрікті келін», Палатцы округінің атынан қатысқан Раушан Оразаеваға «Тәрбиелі келін», Құлынжон округінің келіні Күлсайраш Өкенге «Білімді келін», Шұғылбайлық Назерке Макешоваға «Өнерлі келін», Самар ауылдық округінен келген Мейрамгүл Жақсылықоваға «Ең сәнді келін» номинациясы берілді.
Шара соңында байқаудың жеңімпазы мен қатысушыларына арнайы алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
Шараның өтуіне Көкпекті ауданының Жастар ресурстық орталығы КММ, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің ұйытқы болғанын айта кеткен жөн.
Байқаудың ұйымдастырылуы жақсы деңгейде, мақсаты өте орынды бір әттеген-айы 9 қатысушының қанша күн дайындалған еңбегін, кереметтей өнерін сүйсініп көретін көз болмады. Көрермендер қарасы өте аз, мұндай сайыстарды көрерменге ой тастап, ұлттық салт-дәстүрімізді, отбасылық құндылықтарымызды дәріптеуге бағыттау мақсатында өткіземіз. Бірақ осындай шараларды көретін көрермен болмаса, біз неше үшін жасадық. Аудан орталығының тұрғындарына жарнамалау аз болды ма, әлде көрермендер қызығушылық танытпады ма, ол жағы бізге белгісіз. "Аяулы жас келіні - 2022" байқауы бүкіл ауданымызды қамти алмады. Сондай-ақ сайыстың қорытындысын шығару барысында ұйымдастыру алқасының ұсынысымен сайыс жеңімпаздарына жүлделі орындар белгіленбей, жай ғана номинациялар берілуі қатысушылар мен көрермендердің көңіліне қаяу түсірді.

«АЯУЛЫ ЖАС КЕЛІН -2022» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Өмірдерек:
Асхарқызы Айнұр 1995 жылы 13 қыркүйекте Моңғолия Республикасының Баянөлгей қаласында туған. 2008 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Бозанбай ауылына қоныстанған. Айнұр мектепті үздік бітіріп, Өскемен қаласындағы Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ- нің филология факультетіне оқуға түседі.
Аталмыш оқу орнын қызыл дипломмен бітіріп, 2017 жылы «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы арқылы Көкпекті ауданы Көкжайық ауылдық округінің Ақой ауылындағы А.С.Пушкин атындағы орта мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі болып жұмысқа орналасады. Ақой ауылында өмірлік серігі Жанарбай Асгатұлымен танысып, шаңырақ көтереді. Ұлттық тәрбиені өн бойына дарыта алған жан барған әулетінің түтінін түтетіп, шаңырағын биіктетіп, саналы ұрпақ тәрбиелеп отыр. Отағасы Асгатұлы Жанарбай «Рустам» шаруа қожалығында жүргізуші болып жұмыс істейді.
Айнұр Асхарқызының өмірлік ұстанымы: бұл өмірде жалғыз бақыт – тоқтаусыз алға қарай талпыну, еңбектену.

Шолпан АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз