Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары  барысында ерекше рекорд тіркелді....

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...

  • Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

    31.10.2024 08:56
  • КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    19.09.2024 04:44
  • ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    12.09.2024 06:55
  • Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    20.08.2024 15:11
  • АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    12.08.2024 06:02

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

2021 жылдың қорытындысы бойынша Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық  дамудың негізгі көрсеткішінің оң серпіні байқалады.

2021 жылы өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 2020 жылмен салыстарғанда 6,7 есеге ұлғайды.
Тау – кен өнеркәсібінде негізгі үлесті құрайтын 2021 жылы ашылған «Goldstone Minerals» ЖШС (құрамында алтыны бар кендерді өндіру), жұмысшылар саны 150 адам, өндірілген өнім көлемі 23 млрд. 299 млн. теңге.
Тағы сол сияқты үлес қосатын өнеркәсіп орындары: «Сатпаев тау-кен байыту кәсіпорны» ЖШС («СГОП» ЖШС) «Металл кендерін өндірумен (ильменит концентратын өндіру) жұмысшылар саны – 130 адам, ДСУ-14» ЖШС,» жұмысшылар саны – 100 адам, Көкпекті Жолдары «ЖШС, карьерді әзірлеумен айналысады, жұмысшылар саны – 24 адам.
Өңдеу өнеркәсібінде балықты қайта өңдеумен және консервілеумен айналысады (филе, сүйек ұны).
Келесі кәсіпорындар жұмыс жасайды, оның ішінде: «Дигам» ЖШС жылдық көлемі 553 тонна сомасы 883 млн. 400 мың теңге, жұмысшылар саны – 120 адам, «Кузмич» ЖШС жылдық көлемі 268 тонна сомасы 40 млн. теңге, бұл кәсіпорында 24 адам жұмыс істейді. Өңдірілген өнімдер облыстық, аудандық жәрмеңкелерде саудаланады және шет мемлекеттерге (Чехия, Германия, Дания, Россия) экспортталады.

 

Шағын және орта кәсіпкерлік
Аудан бойынша 2022 жылғы 1 қаңтарға тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2 177 бірлікті құрайды, 2020 жылдың өткен кезеңімен салыстырғанда 130 кәсіпкерлік субъектісіне артты. Жұмыс істеп тұрған шағын бизнес субъектілерінің жалпы санынан 2021 бірлік заңды тұлғалардың үлесі - 127 бірлік, жеке кәсіпкерлер – 874 бірлік, шаруа қожалықтары – 1020 бірлік.
2021 жылы ауданда 9 дүкен, оның ішінде 8 азық түлік, 1 жиhаз дүкені, 1 тамақтану орны және 1 тігін цехы ашылды. Аталған нысандарда 25 жаңа жұмыс орындары құрылды. Олар:
- Көкпекті ауылында орналасқан «АДМ», «Ернар», «Нурали» азық-түлік дүкендері және көрпе-жастық жасайтын ЖК «Макым Нуруля» тігін цехы;
- Самар ауылында «Көктем» азық-түлік дүкені және «Мебель люкс» жиhаз дүкені;
- Үлкенбөкен ауылында азық-түлік сататын «ДАНА» минимаркеті;
- Көкжайық ауылында «Илияс», «Нұртілек» дүкендері;
- Құлынжон ауылында «Азиза» дүкені мен «Дастархан» дәмханасы.
Жеке кәсіпкерлікті қаржылық қолдау мақсатында 2021 жылы «Көкпекті - Несие КС» ЖШС арқылы 1 млрд. 610,3 млн. теңге несие берілді (2020 жылы - 1 млрд. 477,2 млн. теңге).
«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында:
- бірінші бағыт бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау аясында ағымдағы жылы 73,4 млн.теңге сомасына 3 жоба қаржыландырылды, оның ішінде:
1. «Көкпекті жолдары» ЖШС, «Автомагистральдарды және жолдарды салу бойынша қызметті кеңейту» жоба сомасы 29,5 млн. теңге;
2. ЖК «Акемеева», «Қонақ үйлермен қызмет ұсыну» жоба сомасы 22,0 млн. теңге;
3. ЖК «Иманбаева», «Сүт өнімдерінің өндірісін және ірі қара малдарды өсіру бойынша қызметті кеңейту». Жоба сомасы 21,9 млн. теңге.
Екінші бағыт бойынша 9,5 млн. теңге сомасына 2 грант берілді. Олар:
- Самар ауылында ЖК Садыков Ринат «Балалар ойын алаңы» жоба құны – 4,5 млн.теңге;
- Самар ауылында ЖК Курманов Мурат «Техникалық қызмет көрсету орталығы» жоба сомасы – 5,0 млн. теңге.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша мал шаруашылығы және өсімдік бағыттарында 556,1 млн.теңге сомасына 8 жоба қаржыландырылды.
«Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан 140 адам өтті. Оның ішінде жұмыссыздар – 86 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар - 54 адам.

Туризм
Ауданымызда бүгінгі күнге 22 демалыс орны және 1 панта шипажайы жұмыс істеуде. 22 демалыс орнында 224 үй немесе 1165 төсек орны бар, оның ішінде 2021 жылы 7 демалыс орны 54 үй, 246 төсек орын өз қаражат есебінен жалпы сомасы 324,0 млн. теңге қолданысқа енгізілді. Жаңадан іске қосылған демалыс орындарында 15 жаңа жұмыс орындары ашылды. Ауданда жаңа демалыс орындарының ашылуына байланысты демалушылар саны 10,5 мыңнан 12,0 мыңға дейін ұлғайды.
Бұқтырма су қоймасының жағалауы еліміздің туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының 50 туристік объектілерінің қатарына енгізілді. Аталған жағалау 3 туристік маршрутпен әрекет етеді.
Бұл туристік аймақтағы демалыс орындары соңғы 3-4 жылда туристер арасында аса танымалдылыққа ие болды.
Сарыбел ауылының Бұқтырма су қоймасының жағалауында туризмді дамыту мақсатында 2021 жылдың мамыр айында туризм және сыртқы байланыстар, жер қатынастары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармалары басшылары аудан әкімдігімен бірлесіп, жағалауға тексеру жұмыстарын және жұмыс кеңесін өткізді.
Қазіргі таңда ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасы туризмді дамытудың жоспарын әзірлеу бойынша консалтингтік компаниялармен келіссөздер жүргізуде, мастер-план әзірленуде.

Ауыл шаруашылығы
2021 жылы ауданның ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алаңдары 167,6 мың га құрайды (бұл 2020 жылдың деңгейінен 3,4 мың га жоғары немесе 102,07%). Оның ішінде дәнді дақылдар – 94389,0 гектар, майлы дақылдар - 58039,0 гектар егілді, көкөністер және бақша дақылдары - 423,5 гектар, азықтық дақылдар – 14544,0 гектар.
Ауданда 16,2 мың га суармалы жерлер бар, оның ішінде шаруа қожалықтарына 14,8 мың га (91,1%) бекітіліп берілген, оның 5,9 мың га (40%) пайдаланылады. Қазіргі уақытта жем-шөп (жоңышқа) дақылдарын суару мақсатында «Елім-ай Көкпекті» ЖШС инвестициялық жобасы аясында 1576 га суару жүйесін құру жұмыстары жүргізілді. Жобаның құны: 2 млрд. 237 млн. 725 мың 383 теңге. Жоба жүзеге асырылған соң Көкпекті ауданының суармалы жерлерінің көлемі 5,9 мың гектардан 7,4 мың гектарға дейін ұлғаятын болады.
Ағымдағы жылы ауданға көктемгі дала жұмыстарына 3445 тонна арзандатылған отын, күзгі дала жұмыстарына 3250 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.
Бүгінгі күні ауданда ірі қара мал саны 81041 бас, жылқы саны 20897 бас, қой мен ешкі саны 105621 бас, құстардың саны 77451, шошқа саны 1233 басты құрайды.
2021 жылы «Агро кредит корпорация» АҚ арқылы «Өрнек» ЖШС 192 бас семминтал тұқымды сүт бағытындағы сиырларды Германия мемлекетінен 190 млн. теңге сомасына сатып алды.
"Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасының екінші бағыты аясында 24 қарыз алушыға жалпы сомасы 157,4 млн.теңге сомасына микрокредиттер берілді, оның ішінде: «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы – 82,7 млн. теңге, «Агро кредит корпорация» АҚ арқылы-74,7 млн. теңге.
2021 жылы Көкпекті ауданының шаруа қожалықтарымен келесідей ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды:
- 8 комбайн, оның ішінде: 3 Vektor 410 KZ, 5 ESSIL 740;
- 66 Беларусь тракторлары;
- 25 құрал жабдықтары, оның ішінде 3 тұқым сепкіш, 4 тырма, 3 шашқыш, 3 бүріккіш, 1 астық кешені, 1 тырмалау тіркемесі, 2 дестелегіш, 2 соққыш, 3 тиегіш, 1 пресс жинаушы, 2 қопсытқыш, 1 себу кешені).
Жалпы сомасы 1 млрд. 418 млн. теңгеге.
Мемлекет ауыл шаруашылығын дамытуға субсидия түрінде үлкен көмек көрсетуде. 2021 жылы ауыл шаруашылығы басқармасына ауданымыздан түскен 1487 өтінімдер қарастырылып, жалпы сомасы 1 млрд. 523 млн. теңге аудан шаруаларына субсидия берілді. Оның ішінде республикалық бюджеттен 548 млн. теңге сомасына 801 өтінім, облыстық бюджеттен 975 млн. теңге. сомасына 686 өтінім. Өсімдік шаруашылығы саласында 450 млн. теңгеге 414 өтінім, мал шаруашылығы саласында 528 млн. теңгеге 279 өтінім, инвестициялық жобалар бойынша 545 млн. теңгеге 216 өтінім жолданды.

2022 жылы ауыл шаруашылығы саласында жоспарланған шаралар:
«Талап» шаруа қожалығы:
- 2 комбайн "Акросс" 120 млн. теңге сатып алу;
- 1 астық қоймасы құрылысы;
- Қарамойыл ауылында жұмысшыларға арналған 2 тұрғын үй пайдалунуға енгізу;
«Лик» шаруа қожалығы:
- 1 комбайн "Акросс" 60 млн. теңге сатып алу;
- 1 Беларусь 1221 тракторы - 18 мл. теңге;
«Өрнек» жауапкершілігі шектеулі серіктестік:
- 2 комбайн "Акросс",
- 1 роторлық шөп шапқыш,
- 1 шөп жинағыш;
- 2 Беларусь 1221 трактор;
Жалпы омасы 300 млн. теңгеге сатып алу;
- Үкіліқыз ауылында жұмысшыларға арналған 4 тұрғын үй пайдалунуға енгізу;
- 200 бас мал тууға арналған базасын салу;
- 250 бұзауға арналған база салу;
- 200 басқа арналған бордақылау алаңын салу;
«Ахмадиұлы» шаруа қожалығы:
- 1 комбайн "Essil" - 60 млн. теңге;
- 200 басқа арналған бордақылау алаңын салу;
- Көкжота ауылында жұмысшыларға арналған 1 тұрғын үй пайдалунуға енгізу;
- Рессейдің Красноярск қаласынан 20 тонна Көкпекті ауданының шаруа қожалықтарына «сафари» атты гибрит тұқымы әкелінеді.

Ветеринария
Аудан бойынша эпизоотиялық жағдай салыстырмалы түрде тұрақты. Барлық ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар толық көлемде жүргізілді. Ауданның негізгі мәселесінің бірі ірі қара малдың бруцеллез ауруы болып қалуда. Аудан бойынша 2021 жылы мемлекеттік тапсырыс аясында бруцеллезге 100,7 мың бас ірі қара мал (екі мәрте зерттеу) - тексеріліп, 1157 бас оң нәтиже көрсетті, ұсақ мал - 95,1 мың бас тексеріліп, 51 бас оң нәтиже берді. Атап айтқанда ауданда бруцеллез ауруының 2020 жылмен салыстырғанда ірі қара мал 1114 басқа, ұсақ мал 189 басқа төмендеуі байқалады. Мал басын бруцеллезге қарсы егу бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда.
2021 жылы 530 қаңғыбас иттер жойылды, осы жұмыстарға жалпы сомасы 1 млн. 864 мың теңге жұмсалды.

 

Тұрғын үй
Көкпекті ауданы бойынша тұрғын үйдің құрылысы қарқынды дамуда.
2021 жылы тұрғын үйді пайдалануға беру жалпы алаңы 5 687 шаршы метрді құрады.
Ауданымызда «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында, кезекте тұрған көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 1805 шаршы метр қолданысқа енгізілді, оның ішінде:
- Самар ауылында М.Мәметова көшесінде 5 - екі пәтерлі үй құрылысы аяқталды, барлығы 10 пәтер;
- Самар ауылында М.Мәметова көшесінде 2 - екі пәтерлі үй құрылысы аяқталды, барлығы 4 пәтер;
- Құлынжон ауылында Гагарин және Көкжал Барақ көшелерінде 2 - екі пәтерлі үй құрылысы аяқталды, барлығы 4 пәтер;
2021 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Көкпекті ауылында 20 екі пәтерлі үйдің құрылысы аяқталып, барлығы 40 пәтер пайдалануға енгізілді.

Автомобиль жолдары
Жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін арттыру мақсатында 2021 жылы мынадай жобалар іске асырылды:
«Өңірлерді дамыту 2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде республикалық және аудандық бюджет есебінен орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде:

- «Тассай ауылына кіре беріс» автомобиль жолының 9 км сметалық құны 250 млн. 224 мың теңгені құрайтын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

- «Үлкенбөкен-Көкжайық-Үлгілімалшы» автомобиль жолының 14 км сметалық құны 392 млн. 912 мың теңге құрайтын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, 2021 жылы Көкпекті ауданында жолдарды жазғы күтіп-ұстауға арналған жұмыстар жүргізілді, оның ішінде:
- «Үлкенбөкен - Көкжайық - Үлгілімалшы» автомобиль жолына 26 шақырымын 5 млн. 197 мың теңге сомасына, құм-қиыршық тас қоспасын қоса отырып, жол жабыны грейдерленіп жөнделді;
- «Преображенка - Шұғылбай» автомобиль жолына 3 млн. 300 мың теңге сомасына, ұзындығы 15 км құрайтын жөңдеу жұмыстары жүргізілді;
- «Бастаушы - Қараөткел» автомобиль жолының 35 шақырымына 4 млн. 202 мың теңге сомасына жөңдеу жұмыстары жүргізілді;
- «Самар - Мариногорка - Жұмба» автомобиль жолының 20 шақырымына 14 млн. 888 мың теңге сомасына шұңқырларды тегістеу жөңдеу жұмыстары жүргізілді;
«Ауыл - ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы құны 183 млн. 116 мың теңге сомасына, ұзындығы 7997 м құрайтын Самар ауылының (Астана - 805 м, Самарға 100 жыл - 1751 м, Букетов - 2600 м, Бакраев - 750 м, Аубакиров -1126 м, Ж.Болғанбаев 460 м және Д.М.Парий 505 м) көшелеріне, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен келесі ауылдардың көше жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде:
- Көкпекті ауылының жалпы ұзындығы 13,4 км құрайтын Бейсембаев, Фахрутдинов, Бармақ батыр, Қабанбай батыр, Уалиханов, Авдеев, Цепура, Братская, Хамит Тоқтамыш, Төлегенов, Кегенбай би, Отыншы Алжанов көшелері мен көше қиылыстарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 24 су өткізу құбырлары орнатылды. Жобаның жалпы құны 96 млн. 712 мың теңге.
- Үлкенбөкен ауылының жалпы ұзындығы 5,7 км құрайтын Достық, Қали Жолжақсынов, Осипов, Қабанбай батыр, Ключевая, Крупский, Центральная көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жобаның жалпы құны 17 млн. 500 мың. теңге.
- Преображенка ауылының жалпы ұзындығы 5 км құрайтын Абай және Тәуелсіздік көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жобаның жалпы құны 16 млн. теңге.
-Құлынжон ауылының жалпы ұзындығы 13 км құрайтын Құлынжон, Бауыржан Момышұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Гагарин, Көкжал Барақ, Байтұрсынов, Жуандық, Аубакиров көшелеріне және көше қиылыстарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жобаның жалпы құны 107 млн теңге.
- Көкжыра ауылының жалпы ұзындығы 3 км құрайтын Жуандық және Абай көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жобаның жалпы құны 10 млн. теңге.
- Бастаушы ауылының жалпы ұзындығы 1,5 км құрайтын Г. Раханов, Наурыз, Төлеби, Қабанбай көшелеріне ағымдағы жөңдеу жұмыстары жүргізілді. Жобаның жалпы құны 1 млн. 400 мың теңге.
- Көкжота ауылының жалпы ұзындығы 1,6 км құрайтын Абай және Қабанбай көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жобаның жалпы құны 1 млн. 400 мың теңге.
2022 жылы елді мекендердің ішкі жолдарын жөндеу бойынша жоспарланған шаралар:
1. Ұзындығы 4,5 км құрайтын Көкпекті ауылының көшелеріне (Қабанбай Батыр көшесі - 1825 м, Желтоқсан көшесі - 300 м, Көшембаев көшесі - 450 м, Төлебаев көшесі - 1000 м, Ш.Уәлиханов көшесі - 400 м, Авдеев көшесі - 520 м) орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу. Жоба сомасы - 100 млн. теңге.
2. Преображенка ауылының орталық көшесінің жолдарын орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу. Жоба сомасы - 20 млн. теңге.
3. Бастаушы ауылының Абай көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу. Жоба сомасы - 20 млн. теңге.
4. Үлкенбөкен ауылының Достық көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу. Жоба сомасы - 20 млн. теңге.
5. Мариногорка ауылының ұзындығы 2,1 км құрайтын Абай көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу. Жоба сомасы - 40 млн. теңге.

Сумен жабдықтау және су тарту
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылға қарай барлық ауылдық елді мекендер тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету қажет.
Ауданымызда Президент қойған міндетті орындау үшін ауданның 7 ауылдық елді мекенінде су құбыры желілері құрылысы аяқталды, оның ішінде:
Көкпекті ауылында су құбыры желілері қайта жаңарту және су тарту құрылысын қайта жаңарту, ұзындығы 89 км 600 метр, оның ішінде магистралдық 66 км 582 метр, су құбыры желілерін үйлерге жеткізу 23 км, жалпы сомасы – 1 млрд. 213 млн. 453 мың теңге;
Үлкенбөкен ауылында су құбыры желілері құрылысы, ұзындығы 27 км 795 метр, оның ішінде магистралдық 22 км 415 метр, су құбыры желілерін үйлерге жеткізу 5 км 380 метр, жалпы сомасы – 918 млн. 559 мың теңге;
Құлынжон ауылында су құбыры желілері құрылысы, ұзындығы 13 км 506 метр, оның ішінде магистралдық 9 км 646 метр, су құбыры желілерін үйлерге жеткізу 3 км 860 метр, жалпы сомасы – 690 млн. 836 мың теңге;
Аққала ауылында су құбыры желілері құрылысы, ұзындығы 17 км 892 метр, оның ішінде магистралдық 14 км 274 метр, су құбыры желілерін үйлерге жеткізу 3 км 618 метр, жалпы сомасы – 647 млн. 900 мың теңге;
Миролюбовка ауылында су құбыры желілері құрылысы, ұзындығы 15 км 351 метр, оның ішінде магистралдық 10 км 857 метр, су құбыры желілерін үйлерге жеткізу 4 км 494 метр, жалпы сомасы – 761 млн. 206 мың теңге;
Мариногорка ауылында су құбыры желілері құрылысы, ұзындығы 17 км 953 метр, оның ішінде магистралдық 9 км 650 метр, су құбыры желілерін үйлерге жеткізу 5 км 280 метр, жалпы сомасы – 566 млн. 895 мың теңге;
Көкжота ауылында су тарту құрылысы – 66 млн. 758 мың теңге;
Үлгілімалшы ауылында су құбыры желілері құрылысы, ұзындығы 16 км 139 метр, оның ішінде магистралдық 10 км 610 метр, су құбыры желілерін үйлерге жеткізу 5 км 529 метр, жалпы сомасы – 549 млн. 565 мың теңге;
Шағын ауылдарда біз Блокты-модульді су тазарту және тарату станцияларын орната бастадық.
Өткен 2019 - 2020 жылдары 16 станцияны іске қосып, шағын ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз еттік.
2021 жылы тағы 6 (Песчанка, Қойтас, Қаракөл, Раздольное, Ақой, Қарамойыл) станцияны іске қостық.
2022 жылы ауданның елді мекендерін таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жоспарланған шаралар:
Самар ауылының су құбыры желілерін қайта жаңарту және су тарту құрылысын қайта жаңарту, ұзындығы 80 км 193 метр, оның ішінде магистралдық 51 км 126 метр, су құбыры желілерін үйлерге жеткізу 27 км 535 метр, жалпы сомасы - 2 млрд. 326 млн. теңге;
Көкжайық ауылының су құбыры желілерін қайта жаңарту, ұзындығы 26 км 116 метр, оның ішінде магистралдық 19 км 420 метр, су құбыры желілерін үйлерге жеткізу 6 км 670 метр, жалпы сомасы - 1 млрд. 172 млн. теңге;
Преображенка ауылының су құбыры желілерін қайта жаңарту, ұзындығы 22 км 116 метр, оның ішінде магистралдық 16 км 417 метр, су құбыры желілерін үйлерге жеткізу 5 км 699 метр, жалпы сомасы - 629 млн. 376 мың теңге.

Абаттандыру
2021 жылы ауданның елді мекендерін абаттандыру бойынша келесі жұмыстар жүргізілді:
1. Көкпекті ауылындағы қатты қалдықтар полигонын қоршау. Жоба сомасы - 4 млн. теңге.
2. Көкпекті ауылында балалар алаңын орналастыру. Жоба сомасы - 26 млн. 236 мың теңге.
3. Көкпекті ауылында аялдамалар орнату. Жоба сомасы - 6 млн. 48 мың теңге.
4. Көкпекті ауылында жаяу жүргіншілер жолдарын орналастыру. Жоба сомасы - 7 млн. 250 мың теңге.
5. Көкпекті ауылының Қабанбай батыр және Абылайхан көшелері бойынша жаяу жүргіншілер жолын орнату. Жоба сомасы 4 млн.799 мың теңге.
6. Көкпекті ауылын абаттандыру (гүл отырғызу). Жоба сомасы - 1 млн. 571 мың теңге .
7. Көкпекті ауылындағы Жеңіс саябағын жарықтандыру. Жоба сомасы - 1 млн. 449 мың теңге.
8. Көкпекті ауылында бейнебақылау камераларын орнату. Жоба сомасы - 4 млн. 424 мың теңге.
9. Құлынжон ауылындағы стадион құрылысы. Жоба сомасы- 10 млн. 340 мың теңге.
10. Көкжыра ауылында көше жарығын орнату. Жоба сомасы - 5 млн. 800 мың теңге.
11. Үлкенбөкен ауылының орталық көшесінде ағаш қоршауларын орнату. Жоба сомасы - 1 млн. 742 мың теңге.
12. Үлкенбөкен ауылында балалар ойын алаңын орнату. Жоба сомасы - 8 млн. 200 мың теңге.
13. Сарыбел ауылында көше жарықтандыруын орнату. Жоба сомасы - 2 млн.738 мың теңге.
14. Сарыбел ауылының қатты қалдықтар полигонын қоқыстан тазарту. Жоба сомасы - 800 мың теңге.
15. Үкіліқыз ауылында көше жарықтандыруын орнату. Жоба сомасы - 3 млн. теңге.
16. Преображенка ауылында мал егуге арналған алаң орнату. Жоба сомасы - 1 млн. 495 мың теңге.
17. Қойтас ауылында көше жарықтандыруын орнату. Жоба сомасы - 1 млн. 875 мың теңге.
18. Аққала ауылының орталық көшесінде ағаш қоршауларын орнату. Жоба сомасы - 1 млн. 458 мың теңге.
19. Миролюбовка ауылында көше жарықтандыруын орнату. Жоба сомасы - 2 млн. 500 мың теңге.
20. Шұғылбай ауылында көше жарықтандыруын орнату. Жоба сомасы - 4 млн. 500 мың теңге.
21. Тассай ауылында көше жарықтандыруын орнату. Жоба сомасы - 2 млн. теңге.
22. Самар ауылында бағдаршамдар орнату. Жоба сомасы - 8 млн. 032 мың теңге.
23. Самар ауылының «Ауған соғысы ардагерлері» саябағына ағымдағы жөндеу жұмыстары. Жоба сомасы - 500 мың теңге.
24. Самар ауылының Горохов көшесінде балалар ойын алаңдарын орнату. Жоба сомасы - 7 млн. 776 мың теңге.
25. Самар ауылының Маметов көшесінде балалар ойын алаңдарын орнату. Жоба сомасы - 7 млн. 776 мың теңге.
26. Теректі ауылының Бірлік көшесінде көше жарықтандыруын орнату. Жоба сомасы - 2 млн. 594 мың теңге.
27. Теректі ауылындағы орталық саябақты абаттандыру. Жоба сомасы - 7 млн. 331 мың теңге.
28. Палатцы ауылында көше жарықтандыруын орнату. Жоба сомасы - 4 млн. теңге.
29. Мойылды ауылында көше жарықтандыруын орнату. Жоба сомасы - 600 мың теңге.
30. Мариногорка ауылында көше жарықтандыруын орнату. Жоба сомасы - 1 млн. 500 мың теңге.
31. Мойылды ауылындағы көпірге ағымдағы жөндеу жұмыстары. Жоба сомасы - 500 мың теңге.
2022 жылы ауданның елді мекендерінде абаттандыру бойынша жоспарланған шаралар:
1. Көкпекті ауылы Заречный ықшам ауданындағы Солнечный дүкені аймағына «Street Work out» элементтері бар балалар ойын алаңын орналастыру. Жоба сомасы - 15 млн. теңге.
2. Көкпекті ауылының Қ.Аухадиев көшесінің бойына «Street Work out» элементтері бар балалар ойын алаңын орналастыру. Жоба сомасы - 15 млн. теңге.
3. Көкпекті ауылының Братская көшесінің бойына (20 екі пәтерлі үйлердің маңайы) «Street Work out» элементтері бар балалар ойын алаңын орналастыру. Жоба сомасы - 16 млн. теңге.
4. Көкпекті ауылының ұзындығы 5 км құрайтын 10 көшесіне (Ырғызбай, Құдайберген Нұрғалиев, Абишев, Абылайхан, Абай, Әуезов, Ұлы Дала елі, Төлебаев, Кенесары Бакин, Қ.Раев көшелері) жарықтандыру жүйесін орнату. Жоба сомасы - 25,6 млн. теңге.
5. Самар ауылының Фонов көшесінің бойына «Street Work out» элементтері бар балалар ойын алаңын орналастыру. Жоба сомасы - 8 млн. теңге.
6. Самар ауылының Парий тұйық көшесіне Лайлы өзені арқылы жеңіл автокөліктердің өтуіне арналған көпір салу. Жоба сомасы - 12 млн. теңге.
7. Тассай ауылының Төлегенов көшесі бойындағы орталық аллеяны абаттандыру. Жоба сомасы - 4,5 млн. теңге.
8. Бастаушы ауылының Абай көшесінің бойына балалар ойын алаңын орналастыру. Жоба сомасы - 8 млн. теңге.
9. Үлкенбөкен ауылының Бейбітшілік көшесінің бойында (400 см2 ) ағаш қоршаулар (штакет) орнату. Жоба сомасы - 1,7 млн. теңге.
10. Шұғылбай ауылының Ш.Уалиханов көшесінің бойына балалар ойын алаңын орналастыру. Жоба сомасы - 8 млн. теңге.
11. Палатцы ауылының орталық көшесінің бойына балалар ойын алаңын орналастыру. Жоба сомасы - 8 млн. теңге.
12. Сарыбел ауылының Жастар көшесі, Новостройка ауылының Еңбек көшесі бойындағы жағалауды абаттандыру. Жоба сомасы - 10 млн. теңге.
13. Мамай ауылының орталық көшесінің бойына балалар ойын алаңын орналастыру. Жоба сомасы - 8 млн. теңге.
14. Көкпекті ауылының Абай-Әуезов көшесінің қиылысы және Абылай хан және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысына 2 бағдаршам орнату. Жоба сомасы - 8 млн. теңге.
15. Көкжайық ауылының әкімдігі ғимаратындағы спортзалға ағымдағы жөндеу жұмыстары. Жоба сомасы -8,9 млн. теңге.

Білім беру
Сапалы білім беру жергілікті атқарушы органдар жұмысының негізгі басымдығы болып табылады.
2021 жылы Көкпекті ауданының 13 мектебі мен 1 балабақшасының жылу қазандықтарын жөндеу үшін - 78,9 млн.теңге бөлініп, жұмыстар толық аяқталды.
- Абай атындағы мектеп бала-бақша кешенінің жылу қазандығын жөндеу - 7,9 млн. теңге.
- Көкжайық орта мектебінің жылу қазандығын жөндеу - 1,6 млн. теңге.
- Әуезов атындағы орта мектебінің жылу қазандығын жөндеу - 3,0 млн. теңге.
- Шайжүнісов атындағы орта мектебінің жылу қазандығын жөндеу - 3,8 млн. теңге.
- Көкпекті орта мектебінің жылу қазандығын жөндеу - 16,1 млн. теңге.
- Үлкенбөкен орта мектебінің жылу қазандығын жөндеу -8,0 млн. теңге.
- Биғаш негізгі мектебінің жылу қазандығын жөндеу - 8,8 млн. теңге.
- Қараөткел негізгі мектебінің жылу қазандығын жөндеу - 1,8 млн. теңге.
-Аухадиев атындағы орта мектебінің жылу қазандығын жөндеу - 3,4 млн. теңге.
-Амангелді орта мектебінің жылу қазандығын жөндеу - 5,9 млн. теңге.
-Абай атындағы орта мектебінің жылу қазандығын жөндеу - 6,9 млн. теңге.
-Мариногорка орта мектебінің жылу қазандығын жөндеу - 3,5 млн. теңге.
-Миролюбовка орта мектебінің жылу қазандығын жөндеу - 1,7 млн. теңге.
-«Шуақты Шұғыла» балабақшасының жылу қазандығын жөндеу - 6,5 млн. теңге.
Оқу жылының басталуы қарсаңында аз қамтылған, көп балалы және тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және әлеуметтік көмекке құқығы бар балалардың өзге де санаттарына (киімінің, аяқ киімінің, мектеп керек-жарақтарының болмауы) әлеуметтік көмек көрсету, балаларға мектепке даярлау бойынша көмек көрсету, оқумен қамтылмаған балаларды анықтау мақсатында дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өткізіледі.
Акция барысында 2302 балаға (қамқорлықтағы, аз қамтылған, көп балалы отбасыларға) жалпы сомасы 38,6 млн теңгеге материалдық көмек көрсетілді. 1141 бала тегін мектеп формасымен, 1161 бала аяқ киіммен қамтамасыз етілді. Оның ішінде бюджеттен 38,0 млн. теңге сомасында көмек көрсетілді, демеушілер 173 оқушыға 0,6 млн. теңге сомасында көмек көрсетті.
Ауданның білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінеді. Барлық 37 мектепте қауіпсіздік шеңберінде жылы дәретханалар орнатылды. Барлық мектептерде, балабақшаларда, мектептен тыс ұйымдарда бейнебақылау жүйелері орнатылған. 6 мектепте турникеттер, 37 мектепке демеушілерді тарта отырып, дабыл түймелері орнатылды.
Білім беру сапасы көрсеткіштерінің бірі оқушылардың зияткерлік олимпиадалар мен ғылыми жарыстарға қатысуының нәтижелілігі болып табылады. Жыл ағымында аудан оқушылары республикалық байқауларда 552 жүлделі орындарға, облыстық конкурстар мен олимпиадаларда оқушылар 145 жүлделі орындарға ие болды.

2022 жылы ауданның білім беру мекемелерінің ғимараттарын жөндеу бойынша жоспарланған шаралар:
1. Самар №1 орта мектебі ғимаратының терезе блоктарын ауыстыру. Жоба сомасы - 36,8 млн. теңге.
2. Самар №1 орта мектебі ғимаратының жылыту жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстары. Жоба сомасы - 12 млн. теңге.
3. Самар бастауыш мектебінде жабындар мен ойықтарды ішінара жөндеу. Жоба сомасы - 6,1 млн. теңге.
4. Самар бастауыш мектебінде ойықтарды ағымдағы жөңдеу жұмыстары. Жоба сомасы - 4,8 млн. теңге.
5. Самар бастауыш мектебі ғимаратының қоршауын ағымдағы жөндеу жұмыстары. Жоба сомасы - 8,4 млн. теңге.

6. І. Жансүгіров атындағы орта мектебінің шатырын ағымдағы жөндеу. Жоба сомасы - 20,2 млн. теңге.
7. Преображенка орта мектебі ғимаратының шатырын және әрлеуін ішінара жөндеу. Жоба соммасы - 9,7 млн. теңге.

Мәдениет саласы
2021 жыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен есте қалды. Егемендігіміздің мерейтойы нақты істер мен жетістіктермен атап өтілді.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 781 мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, бірқатар мәдениет нысандары толық жөндеуден өтіп, материалдық базамен (музыкалық аппаратура, орындықтар, сахна киімдері т.б.) қамтамасыз етіліп, қолданысқа берілді. Атап айтқанда:
Үлгілімалшы ауылдық клубын күрделі жөндеу жұмыстарына 59 млн. 623 мың теңге қаражат бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, аталған клубтың ішкі жабдықтарын (дыбыс күшейткіш аппаратына, көрермен залына арналған орындықтарға және т.б. қосалқы заттарына) сатып алуға 4 млн. 252 мың 100 теңге сомасында қаражат бөлініп, қажет заттар сатып алынды.
Палатцы ауылдық клубын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 37 млн. 500 мың теңге қаражат бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, аталған клубтың ішкі жабдықтарын (дыбыс күшейткіш аппаратына, көрермен залына арналған орындықтарға және т.б. қосалқы заттарына) сатып алуға 3 млн. 436 мың теңге сомасында қаражат бөлініп, қажетті заттар сатып алынды.
Үлкенбөкен ауылдық клубын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 48 млн. теңге қаражат бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Толағай сазы» халық аспаптар оркестрі 4 млн. 495 мың теңге сомасына толықтай музыкалық аспаптармен қамтылды, оның ішінде 10 домбыра, 1 жетіген, 2 бас домбыра, 2 қыл қобыз, 1 прима қобыз, 1 дауылпаз, 1 шертер, 1 саз-сырнай, 1 бас гитара, 1 баян Тула, 10 нотаға арналған тұғыр, 5 микрофон тірегі.
Преображенка мәдениет үйінің жылыту қазандығы 3 млн.тг. ауыстырылды.
Бастаушы клубына 1,2 млн. теңге орындықтар сатып алынды.
2021 жылы Оқушылар шығармашылық сарайы ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды. Бүгінгі күні аталған ғимаратты жөндеу бойынша келесі жұмыстар жүргізілді:
- қазандықтың жылу жүйесі жөнделді, 6 мың шаршы метрге арналған заманауи қазандық орнатылды, алдағы уақытта көрші ғимараттарды осы жылыту жүйесіне қосу жоспарланған;
- қазандыққа дейін су магистралі салынды;
- ғимараттың 90-нан астам пластикалық терезелерін ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілді;
- 1200 шаршы метр еден жабыны ауыстырылды;
- 400 шаршы метр астам бітеу (шпаклевка) жұмыстары жүргізілді;
- заманауи әрлеу технологиялары қолданылды, атап айтқанда 900 шаршы метрден астам жуылатын пвх панельдері орнатылды;
- ғимараттың электр жабдықтары толығымен ауыстырылды (жарықтандыру, розетканы ажыратқыштар, сымдар толығымен ауыстырылды (жоғары функционалды мыс сымдары орнатылды, кіріс кабелі, счетчиктер мен автоматтар ауыстырылды);
- магистральды су бұру жүйесі толығымен ауыстырылды (кәріз және кәріз желдеткіші) және басқа да көптеген жұмыстар.
Ономастика бойынша 15 мектептің атауын ауыстыру бойынша оң шешім берілді. Үкімет Қаулысы күтілуде. Аудан бойынша ескірген 9 көше атаулары ауыстырылды. 14 көшенің құжаттары рәсімделіп, кезекті маслихат сессиясына енгізіледі. Бүгінгі күні ауданда 14 көшенің атауын ауыстыру және 22 мекен-жай тіркелімінен шығару қалып отыр.

2022 жылы ауданның мәдениет ошақтарын жөндеу бойынша жоспарланған шаралар:
1. Аққала ауылының мәдениет үйі және әкімдік ғимаратының жылу жүйесін және терезелерін ауыстыру жұмыстары. Жоба сомасы - 14 млн. теңге.
2. Қараөткел ауылындағы клуб ғимаратын ағымдағы жөндеу жұмыстары. Жоба сомасы - 12,9 млн. теңге.
3. Раздольное ауылындағы клуб ғимаратын ағымдағы жөндеу жұмыстары. Жоба сомасы - 10 млн. теңге.
4. Мариногорка ауылының ауылдық клуб ғимаратының шатырын жөндеу жұмыстары. Жоба сомасы - 18 млн. теңге.
5. Жұмба ауылдық клубының шатырын және еденін ауыстыру жұмыстары. Жоба сомасы - 7 млн. теңге.
6. Мәдениет бөлімі ғимаратының (бұрынғы балалар үйі) сыртқы келбетін ағымдағы жөндеу, спортзал едендерін ауыстыру жұмыстары. Жоба сомасы - 23 млн. теңге.
7. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ғимаратының материалдық - техникалық базасын нығайту. Жоба сомасы - 7 млн. теңге.

Спорт саласы
Халықтың әл-ауқатының маңызды факторларының бірі – салауатты өмір салты. Мемлекет басшысы биылғы Қазақстан халқына жолдауында азаматтарымыздың бұқаралық спортпен айналысу үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін ерекше атап өтті.
Өткен жылы Самар ауылында Горохов көшесінде «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша 273,5 млн теңге құрайтын, ұзындығы 25-метр 4-жолақты бассейн құрылысын аяқталды.
Аудандық бюджет есебінен келесі жұмыстар жүргізілді:
- Сарыбел ауылында Абай көшесінде кіші футбол алаңы 10 млн. 700 мың теңгеге салынып қолданысқа берілді;
- Үлкенбөкен ауылында Достық көшесінде кіші футбол алаңы 10 млн. 700 мың теңгеге салынып қолданысқа берілді.
Сонымен қатар Шұғылбай ауылына 3 млн. теңгеге жасанды футбол төсеніші сатып алынып, төселді;
Тассай ауылына 3 млн. теңге тұратын жасанды футбол төсеніші сатып алынып, төселді;
Жалпы 2021 жылдың басынан аудан спортшылары 33 облыстық, республикалық жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болды.
Көкжыра ауылының тумасы Шыңғыс Мұхаметқалиев еркін күрестен Қазақстан Республикасының біріншілігінде екінші орынға иеленіп, Қазақстан құрама командасының мүшелігіне енді.
Тайгулинова Махаббат жасөспірімдер арасында еркін күрестен Қазақстан Республикасының чемпионатында 3-орын алды.
Жамиля Калиякпер еркін күрестен спорт шебері атағына ие болды.
Смагулов Бексултан Минск қаласында таэквондадан өткен әлем кубогінде екінші орын иеленді.
Өнербекқызы Нұрай волейболдан спорт шебері атанды.
Nomad ММА бойынша Қарағанды қаласында әлем чемпионатында Алтынбеков Алишер, Ермеков Эльдар, Галиев Динияр, Қайырлы Ернур, Ахмерова Дария күміс медаль және Кара Дарья қола медальдарын иеленді.

 

2022 жылы ауданда спорттық инфрақұрылымды дамыту бойынша жоспарланған шаралар:
1. Көкпекті ауылында Абылайхан көшесі бойында «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша, ұзындығы 25 метр 4 жолақты бассейн, жалпы сомасы 386,3 млн. теңге.
2. Көкпекті ауылының Қ.Аухадиев көшесінде шағын футбол алаңын орнату. Жоба соммасы - 12 млн. теңге.
3. Көкпекті ауылының Заречный ықшам ауданындағы Саяхимов көшесінде шағын футбол алаңын орнату. Жоба сомасы - 12 млн. теңге.
4. Ажа ауылында жасанды жабындысы бар шағын футбол алаңын орнату. Жоба сомасы - 3,2 млн. теңге.
5. Шұбарқайың ауылында жасанды жабындысы бар шағын футбол алаңын орнату. Жоба сомасы - 12 млн. теңге.
6. Көкжота ауылында жасанды жабындысы бар шағын футбол алаңын орнату. Жоба сомасы - 12 млн. теңге.
7. Бастаушы ауылындағы шағын футбол алаңының жасанды жабындысын ауыстыру. Жоба сомасы - 3,2 млн. теңге.
8. Теректі ауылының М.Мақатаев көшесінде шағын футбол алаңын орнату. Жоба сомасы - 12 млн. теңге.
9. Палатцы ауылының орталық көшесінде шағын футбол алаңын орнату. Жоба сомасы - 12 млн. теңге.
10. Аққала ауылындағы шағын футбол алаңының жасанды жабындысын ауыстыру. Жоба сомасы - 3,2 млн. теңге.
11. Миролюбовка ауылының Асламов көшесінде шағын футбол алаңын орнату. Жоба сомасы - 12 млн. теңге.
12. Үлгілімалшы ауылында шағын футбол алаңын орнату. Жоба сомасы - 12 млн. теңге.
13. Мариногорка ауылында шағын футбол алаңын орнату. Жоба сомасы - 12 млн. теңге.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында
Ауданымызда азаматтарды әлеуметтік қолдауға ерекше көңіл бөлінеді.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында:
Жұмыссыздарды кәсіби оқыту мен қайта даярлауға 20 адам жіберілді;
Ақылы қоғамдық жұмыстарға 247 адам тартылды;
28 адам әлеуметтік жұмыс орындарына;
«Жастар іс тәжірибесіне» 14 адам жіберілді.
Барлығы 75 адамға 43,7 млн. теңгеге мемлекеттік грант берілді, оның ішінде көпбалалы отбасылар саны - 10, аз қамтылған отбасылар - 9, мүгедектер - 5, жастар саны - 24, басқа санаттағылар - 27 адам.
2021 жылы атаулы әлеуметтік көмек 279 отбасына (1398 адам) 106,7 млн. теңге төленді.
Тұрғын үй көмегі 49 отбасына 2,7 млн. теңге төленді. 2020 жылмен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар (251 отбасы) саны 11,1 пайызға, алушылар (1277 адам) саны 9,5 пайызға, тұрғын үй көмегін алушы (36 отбасылар) саны 36,1 пайызға көбейді.
Өз өтініштері бойынша аз қамтылған 26 отбасына 1,1 млн. теңге біржолғы материалдық көмек берілді.
Жылдың басынан бері есепте тұрған аз қамтылған, туберкулезбен ауыратын 180 адамға барлығы 3,2 млн. теңге материалдық көмек төленді.
Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі 363 балаларына 22,5 млн. теңгеге мемлекеттік әлеуметтік пакет берілді.
Ауылды жерлерде жұмыс істейтін білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және мәдениет қызметкерлеріне отын - көмір сатып алу үшін барлығы 1800 адамға 80,8 млн. теңгеге біржолғы материалдық көмек берілді.
2021 жылы мүгедектер үшін 9 объекті жартылай бейімдеуден (пандус орнату) өткізілді. 14 адам мүгедектік арбамен, 38 адам тифло-сурдотехникалық құралдармен, 34 адам протездік-ортопедиялық құралдармен, 128 адам гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді.
Үйде оқытылатын 26 мүгедек балаға 1,5 млн. теңгеге материалдық көмек төленді.
Еңбекке қабілетті 4 мүгедек жұмыспен қамтылды, 14 мүгедек ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберілді. 1-топтағы 8 мүгедекке жеке көмекшілер тағайындалды.
Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай 1 Ұлы Отан соғысының ардагеріне облыстық бюджет қаржысынан 1 млн. теңге, сондай-ақ, «ҰОС жылдардағы ерен еңбегі үшін» медалі бар 10 тыл еңбеккерлеріне 100 мыңнан 1 млн. теңге материалдық көмек көрсетілді. Медальмен марапатталмаған 224 тыл еңбеккеріне 42 мың 500 теңгеден аудандық бюджет қаражаты есебінен 9,5 млн. теңге біржолғы материалдық көмек берілді.
Мерекелік іс-шараларға және Ұлы Жеңістің 76 жылдығына байланысты аудандық бюджет қаражаты есебінен Ауған соғысының ардагерлеріне және Чернобыль апатына қатысушыларға 194 мың теңгеден барлығы 8 млн. 300 мың теңге, Таулы Карабахта қызмет еткендерге 1 млн. 800 мың. теңге, сондай-ақ, 61 ақталған тұлғаларға барлығы 777 мың теңге біржолғы материалдық көмек берілді.
8 наурыз және 1 маусым балалар күні мерекесіне орай «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне, 4 және одан да көп баласы бар барлық 980 аналарға облыстық бюджеттен 14,5 мыңнан барлығы 14,3 млн. теңгенің көмегі көрсетілді.

Халықты нәтижелі жұмыспен қамту жөніндегі іс – шараларды іске асыру мақсатында ауданда 2022 жылға 159,3 млн.теңге сомасында келесідей шаралар жоспарланған:
қысқа мерзімді оқытуға – 17,4 млн. теңге сомасына 51 адамды жұмыспен қамту;
мемлекеттік гранттар - 51,4 млн. теңге сомасында 42 грант 1 млн.225 мың теңгеден;
қоғамдық жұмыстар - 54,0 млн. тг сомасына 150 адамды жұмыспен қамту;
бірінші жұмыс орны – 5,5 млн. теңге сомасына 5 адамды жұмыспен қамту;
жастар практикасы – 23 млн. теңге сомасына 26 адамды 91 890 теңге жалақысымен жұмыспен қамту;
әлеуметтік жұмыс орындары – 8,0 млн. теңге сомасына 21 адамды жұмыспен қамту.


Денсаулық сақтау
Тұрғындардың денсаулығы біз үшін өте маңызды.
Бүгінгі күні аудан тұрғындарына 2 аурухана, 7 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 20 медициналық пункт және 5 фельдшерлік-акушерлік пункт қызмет көрсетеді. Аталған денсаулық сақтау мекемелерінде 56 дәрігер және 207 орта медициналық қызметкерлер жұмыс істейді. Бүгінгі күні ауданның медицина ұйымдарында дәрігер кадрлардың тапшылығы – 7 маманды құрайды. Оның ішінде: Көкпекті аудандық ауруханасы бойынша – 1 (окулист), Самар ауылындағы №2 аудандық ауруханасы бойынша – 6 (онколог, окулист, анестезиолог, жалпы тәжірібелі дәрігер, педиатр, фармацевт).
Қазіргі таңда коронавирустық инфекцияның жалғасып жатқан пандемиясы жағдайында денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелері ерекше өзекті болып табылады.
Бүгінгі таңда вируспен күрестегі басты және жалғыз тиімді қару - бұл вакцинация екенін ескерсек, ауданда екпе егуге арналған 17 кабинет, 1 жылжымалы мобильді кешен ұйымдастырылды. Былтырғы жылы вакцинациялауға жататын аудан тұрғындарының барлығы толықтай 1 және 2 компонентпен егілді.
Өткен жылдың қазан айынан бастап ауданымызда 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін аналарды «Pfizer» вакцинасымен екпе жасау жұмыстары басталды. Бүгінгі күні ауданымызда 12-18 жас аралағындағы 1836 жасөспірім, 158 жүкті әйел және 325 бала емізетін аналар «Pfizer » вакцинасын алды.
2021 жылдың қараша айында ревакцинация басталды. Бүгінгі күні ревакцинациядан өткен тұрғындар саны 4733 адамды құрайды. Алдағы уақытта қалған тұрғындар екпе алу мерзіміне байланысты ревакцинациядан өтетін болады.
2021 жылы желтоқсан айында Құлынжон ауылдық медициналық пунктіне жедел жәрдем көлігі (Лада Ларгус) 19 млн. 700 мың теңгеге сатып алынды.
Самар ауылындаға №2 аудандық ауруханасының жылыту жолағы ағымдағы жөндеуден өткізілді.
Бүгінгі күні аудан ауруханаларының инфекциялық бөлімшелерінде 40 ковидтік төсек орны бар, оның ішінде 5 реанимациялық орын ашылған.
Медициналық ұйымдарда 60 күнге жеткілікті дәрілік заттар мен жеке қорғану құралдарының қоры бар. Сонымен бірге, ауданымызда 29 қан плазмасының қоры дайындалған. Аудан бойынша 4 рентген аппараты, 9 - ИВЛ аппараты жұмыс істеуде.
2022 жылы ауданның денсаулық сақтау саласында жоспарланған шаралар:
1. Көкпекті ауданының аудандық ауруханасының перзентхана бөлімін 2 -деңгейге ауыстыру. Жоба сомасы - 330,5 млн. теңге.
2. Көкпекті ауданының аудандық ауруханасының жылу қазандығына күрделі жөндеу жұмыстары. Жоба сомасы - 36,1 млн. теңге.
3. Көкпекті ауданының аудандық ауруханасы ғимараттарына жылу және сумен жабдықтау жүйелерінің сыртқы желілерін күрделі жөндеу жұмыстары. Жоба сомасы - 27,6 млн. теңге.
4. Көкпекті ауданының аудандық ауруханасы ғимаратындағы 2 лифтіні күрделі жөндеу жұмыстары. Жоба сомасы - 33,9 млн. теңге.

Рухани жаңғыру бағдарламасы
Ағымдағы жылы ауданымызда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 34,7 млн. теңге сомасына 10 жоба жүзеге асырылды. Аталған 10 жобаның 9 жобасы – «Туған жер» және 1 жоба «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасы аясында жүзеге асырылды.

«Туған жер» арнайы жобасы
1. Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебінде 2010 жылғы мектеп түлегі Қ.Кәкімбектің демеушілігімен «Технология» кабинеті ашылды. Жоба сомасы - 1,2 млн. теңге.
2. Бастаушы ауылында 2001 жылғы мектеп түлектері өз қаражаттарына Ұлы Абайдың кеуде мүсінін орнатып, маңайына абаттандыру жұмыстарын жүргізілді. Жоба сомасы - 3,5 млн. теңге.
3. Тассай ауылында 2001 жылғы мектеп түлектері өз қаражаттарына «Қамажай» волейбол алаңын салды. Жоба сомасы - 3,5 млн. теңге.
4. Мамай ауылында ауыл жастары ауылдың кіре берісіне өз қаражаттарына арка орнатты. Жоба сомасы - 6 млн. теңге.
5. Көкпекті ауылында Кегенбай би ұрпақтары Кегенбай би көшесінің жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізіп, Кегенбай биге арналған естелік тақтасын орнатты. Жоба сомасы - 10 млн. теңге.
6. Шұғылбай ауылында ауыл жастары өз қаражаттарына футбол алаңының қоршауын және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Жоба сомасы - 3 млн. теңге.
7. Шұғылбай ауылында ауыл жастары өз қаражаттарына ауылдың кіре берісіне «Шұғылбай» стэлласын орнатты. Жоба сомасы - 1 млн. теңге.
8. Үлгілімалшы ауылында ауыл жастары өз қаражаттарына ауылдың кіре берісіне «Жан жүрегім – Үлгілім» стэлласын орнатты. Жоба сомасы - 2 млн. теңге.
9. Көкпекті ауылында аудан тұрғындарының бастамасымен әлеуметтік осал топтарды қолдауға бағытталған «Шын жүректен» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Жоба сомасы - 4,5 млн. теңге.

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасы
1. 2021 жылдың қыркүйек айында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, ауданымызда «Атамекен» республикалық экспедициясы өтті. Экспедициялық топ құрамында республикалық БАҚ өкілдері мен аудан өлкетанушылары болды. Республикалық экспедиция барысында экспедиция мүшелері ауданымыздың киелі орындарын аралап, тарихымен танысты. Атап айтқанда: Бармақ Батыр кесенесі, дала кітапханасы Апырым, Қаракезең таңбалы тастары және Толағай тауы.

 

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз