Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Біздің облыс бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты 17 қаңтарда № 1 Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары арасында Cоvіd-19 коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың таралуының алдын алу жөніндегі шаралардың кезекті қаулысы шықты. Оны түсіндіру мақсатында біз Көкпекті аудандық санитарлық - эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гүлмира Қабышқызы Абдрасуловаға жүгіндік.
- Гүлмира Қабышқызы, облыстың бас санитарлық дәрігері К. А. Тұрдиевтің кезекті қаулысының негізгі мәні неде?
- Ол Шығыс Қазақстан облысының барлық аумағында 2022 жылғы 20 қаңтардан бастап 2 ақпанға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары ұзартылады.
Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында Сovid-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.
- Қаулыға сәйкес құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қандай міндеттер қойылды?
- Біріншіден, тұрғын үй секторында, саяжай алаптарында, базарларда, сауда объектілерінде, саябақтарда, аула ішіндегі балалардың ойын және спорт алаңдарында, қоғамдық көлікте маскалық режим мен әлеуметтік қашықтықты сақтау тұрғысынан патрульдеуді күшейту және халыққа байланыссыз термометрия жүргізу;
Учаскелік қызметтің жұмысын отбасылық, ұжымдық және өзге де бұқаралық іс-шараларды (үйлену тойлары, мерейтойлар және т. б.) анықтауға бағыттай отырып, материалдарды ресімдеп, кейіннен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органдарға ұсыну;
Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының қызметкерлері үй карантиніндегі адамдарды бақылауды жүзеге асырады, карантиндеу орындарын күзетеді. Олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы қаулымен айқындалған шектеу режимі мен талаптарды бұзған тұлғаларға шаралар қолданады.
Бұдан басқа, олар тарапынан мереке және демалыс күндері кезеңінде көңіл көтеру және корпоративтік іс-шараларды ұйымдастыру фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша күшейтілген бақылау жасау жұмыстары жүргізіледі.
- Балалар мен жасөспірімдер қандай режимде оқытылады?
-Барлық мектептер – арақашықтықтан оқыту форматына көшіріледі, тек вакцинациялаудың толық курсын аяқтаған 9, 11 сынып оқушылары ғана –штаттық режимде оқытылады. Сыныпта COVID-19 ауруының бір жағдайы тіркелген жағдайда – сынып оқушылары 14 күнге үй карантинінде оқшаулануға жатады;
Колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін оқыту – аралас оқыту форматы: барлық дәрістер онлайн, икемді кесте бойынша: тәжірибелік, зертханалық, семинарлық сабақтар штаттық режимде өтеді. Вакцинациялаудың толық курсын аяқтаған, вакцинацияланған студенттерді оқу орны әкімшілігінің қалауы бойынша штаттық режимде оқытуға жол беріледі.
Қосымша білім беру ұйымдарында оқытуға келетін болсақ - штаттық режимде жеке сабақтар, топтық – 10 адамға дейін, балалар/ересектер үшін түзету орталықтарында – штаттық режимде 10 адамға дейін жеке және топтық сабақтар жүргізіледі.
- Жаңа қаулы аясында қандай шараларға тыйым салынады?
-Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2022 жылғы 12 қаңтардағы шешіміне сәйкес «Ashyq» жобасына қатысқанына қарамастан мыналарға:
- концерт залдарының, театрлардың, цирктердің, филармониялардың қызметіне;
- діни бірлестіктер объектілерінде (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) ұжымдық іс-шаралар (жұма намазы, діни жоралар және т. б.) өткізуге;
- конференциялар, семинарлар, көрмелер, форумдар өткізуге;
- түнгі клубтардың қызметіне;
- қоғамдық тамақтану объектілерінде бар бағандарына қызмет көрсетуге, ән айту және би бойынша қызметтер көрсететін караоке қызметіне (қоғамдық тамақтану бойынша қызметтерді қоспағанда);
- жеке кездесулер өткізуге(вакцинацияланған 10 адамға дейін)тыйым салынады.
19 қаңтардағы осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес, Өңіраралық комиссияның шешімімен салтанатты, еске алу, отбасылық іс-шараларды (банкет, үйлену тойлары, мерейтойлар) ашық ауада да, үй-жайда да өткізуге тыйым салынғанын атап өткім келеді. Ashyq жобасына қатысатын нысандарда еске алу шараларын өткізуде 30 адамға дейін рұқсат етіледі. Тыйым шаралары Өңіраралық комиссияның осы шешімді ресми түрде жойғанға дейін жарамды. Қазіргі уақытта марафондарға (ашық ауада) және көрермендер қатысатын спорттық іс-шараларға тыйым салынған.
- Кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі туралы не айтуға болады?
- Кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі InfoKazakhstan.kz сайтында электрондық форматта берілетін санитарлық нормаларға сәйкестік актісі негізінде жаңартылады. Алайда, мониторингтік топтардың жұмысы да жалғасып жатқанын ұмытпаған жөн, олар бизнес нысандарын санитарлық талаптардың сақталуын тексеруден тұрады.
- Жеке тұлғаларға қойылатын негізгі талаптар қандай?
- Ең бастысы-Маскалық режимді сақтау. Халық үшін медициналық немесе матадан тігілген маскаларды кию міндетті:
- ашық ауада (көшеде, үйден тыс жерде), қоғамдық орындарда;
- халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған жабық үй-жайларда, сондай-ақ қызметіне рұқсат етілген объектілерде;
- қоғамдық көлікте, оның ішінде таксиде;
- COVID-19 коронавирустық инфекцияға күдікті адамға немесе науқасқа көмек көрсету кезінде дені сау адамдарға;
- коронавирустық инфекцияға ұқсас аурудың белгілері бар адамдарға, коронавирустық инфекция белгілері бар науқастарға (дене қызуының көтерілуі, ентігу, жөтел) немесе ПТР не болмаса жедел тестілеудің оң нәтижелері бар адамдарға кию міндеттеледі.
Медициналық немесе матадан тігілген маскаларды дұрыс кию : маска мұрынды, ауызды және иекті жауып, шеттері бетке тығыз жанасуы және бекітілуі тиіс; сөйлесу кезінде масканы иекке түсірмеу және шешпеу керек, сондай-ақ оны қолға немесе мойынға байламау керек.
Халықтың медициналық немесе матадан тігілген маскаларды кимеуі келесі жағдайларда жауапкершілікке әкеп соқпайды:
- 5 жасқа дейінгі балаларға; мектепке дейінгі ұйымдардағы (шағын орталықтар, мектеп-балабақша)5 жастан асқан балаларға;
- жеке, топтық спортпен шұғылданатын адамдар спорт және ойын алаңдарында, скверлерде, саябақ аймақтарында, жағалау және басқа арнайы орындарда 5 адамнан аспаған жағдайда, әлеуметтік қашықтықты сақтаған кезде;
- қоғамдық тамақтану орындарында тамақ ішу кезінде, әлеуметтік қашықтықты сақтаған жағдайда;
- медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарға:
1) өкпенің созылмалы аурулары бойынша (өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА);
2) өкпенің созылмалы спецификалық емес аурулары (ӨССА): өкпенің эмфиземасы, бронх демікпесінің ауыр түрлері, созылмалы облитерациялайтын бронхиолит, бронхоэктатикалық ауру, муковисцидоз, биссиноз, созылмалы обструктивті бронхит;
3) декомпенсация сатысындағы созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (СЖЖ) (іркілісті жүрек жеткіліксіздігі; сол жақ қарынша жеткіліксіздігі; анықталмаған жүрек жеткіліксіздігі), растайтын құжаттары («Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қарашада № 21579 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген, белгіленген нысан (№ 026/е нысаны) бойынша «Дәрігерлік – консультациялық комиссияның қорытындысы» болған кезде;
- жеке көлікте (жалғыз өзі немесе бір отбасы мүшелерімен);
- елді мекеннен тыс жерлерде (табиғатта) жалғыз өзі немесе бір отбасы мүшелерімен;
- заңнамада тыйым салынбаған жерлерде, әлеуметтік қашықтықты сақтаған жағдайда рұқсат етілген темекі өнімдерін шегу кезінде жауапкершілікке әкеп соқтырмайды.
2) кемінде 1,5-2 м әлеуметтік қашықтықты:
- отбасы мүшелерін қоспағанда, ашық ауада (көшеде, үйден тыс жерде), сондай-ақ халыққа баруға, қызмет көрсетуге және демалуға арналған үй-жайларда не болмаса қызметіне рұқсат етілген объектілерде болған кезде және жүріп-тұрған кезде міндеттеледі;
- Сұхбат соңында нені атап өткіңіз келеді?
- Жерлестерімізге айтарым. Құрметті көкпектіліктер! Жаппай және отбасылық іс-шараларды өткізуден және қатысудан аулақ болыңыз, маскалық режимді, антисептиктерді қолдануды және қоғамдық орындарда әлеуметтік қашықтықты сақтауды ұмытпаңыз. Сондай-ақ, коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация/ревакцинация туралы есте шығармаңыз. Өйткені бұл ауру мен асқынулардың алдын алудың сенімді жолы. Өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығына қамқорлық жасаңыз!
- Берілген ақпарат үшін алғысымызды білдіреміз!
Сұхбаттасқан
Виктория ГАРМАШОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.