Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемде коронавирус инфекциясының «Омикрон» штаммы пайда болған сәттен-ақ еліміздің Үкіметі шұғыл қимылдап, мемлекеттік шекарада сақтықты күшейтіп, қатаң карантиндік іс-шараларды қолға алғаны белгілі. Бірақ, мұндай қадамдар аталған індеттің елге келуіне тосқауыл қоя алмады. Өйткені,бүгінгідей алыс-жақын шет елдермен іскерлік, туристік және өзге де сапарлар жиі орын алатын заманда инфекцияның таралуына жол бермеу мүмкін емес те еді. Нәтижесінде қаңтар айының басында молекулярлық-генетикалық зерттеулер барысында Алматы қаласы мен елордада «Омикрон» штаммы анықталып отыр.
Бірден айтайық, коронавирустың «Омикрон» штамымен ауыру көп жағдайда жеңіл және симптомсыз түрде өтеді. Таралуы басқа штамдарға қарағанда бірнеше есе жоғары. Коронавирустың жұғуы 14 күннің ішінде білінсе, «Омикрон» небәрі екі күннің ішінде адам ағзасында сыр береді. Демек, тез жұғады деген сөз. Аурудың алғашқы белгілері тұмау мен жедел респираторлық аурулардағы сияқты суық тигендей көрінеді. Яғни, дене қызуы көтеріліп, әлсіздік, бас ауруы, жөтел болады. Бірақ, жеңіл өтеді екен деп өз бетінше емделуге болмайды. Ауру белгілері байқалған сәттен-ақ дәрігерге көрініп, білікті маманның ақыл-кеңесіне құлақ асқан жөн.
Жоғарыда айтқанымыздай, бұл штамм өте жылдам таралады. Оған дәлел - қаңтар айының басында ғана еліміздің екі қаласында анықталған «Омикронның» бүгінде еліміздің бүкіл аумағына таралуы. Қазіргі уақытта Түркістан облысыннан басқа барлық облыс «қызыл» аймаққа өткен. Сондықтан да бүгін Үкімет отырысында дүниежүзін дүрбелеңге салып, еліміздің эпидемиологиялық ахуалын ушықтыра түскен «Омикрон» штаммына қатысты мәселелер қаралды. Осы мәселе бойынша негізгі баяндама жасаған ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың атап өтуінше, әсіресе Алматы мен елордада және Қарағанды облысында эпидемиологиялық ахуал ушығып тұр. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында ауру 32 есе өскен. Тек өткен тәуліктің өзінде коронавирустың зертханада расталған 4 639 жағдайы тіркелген. Мұның үстіне елордада вакцинациялау мен ревакцинациялау қарқыны да мардымсыз болып отыр. Ал вакцинация аурудың алдын алудың бірден-бірі жолы екендігі анық. Алматы қаласында ауру 8 есеге, ал Қарағанды облысында 9 есеге артқан. Жалпы, соңғы айда коронавирус инфекциясымен ауыру республика бойынша 19,6 есе, репродуктивтік сан 2,1 есе өскен. Әйтеуір, ауру көбейсе де соңғы айда өлім-жітім аздығы көңілге демеу. Бірақ, ковидтік стационарларда ем алатын пациенттердің саны 2,2 есеге, амбулаториялық деңгейде аурулардың саны 5 есеге арта түскен.
Бүгінгі жағдай бойынша аурулардың 80 пайызы, яғни 78 629 науқас амбулаториялық ем алуда. Соңғы аптада анықталған жағдайлардың ішінде ауруханаға жатқызылған адамдардың үлес салмағы 19,5 пайызды құрайды. Стационарға аурудың орташа және ауыр дәрежесімен ауыратын пациенттер түсуде. Бұл ретте, емдеуге жатқызылған адамдардың ішінде ауыр және өте ауыр пациенттердің үлесі 5 пайызға тең», - деді министр.
Ажар Ғинияттың айтуынша, амбулаториялық науқастардың санының өсуін ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігі өңірлердің жергілікті атқарушы органдарымен бірге медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде уақтылы медициналық көмекті нығайту және ұйымдастыру бойынша іс-шаралар қабылдады. Атап айтқанда, бүгінде ел тұрғындарына 3 054 мобильді дәрігерлік бригада қызмет көрсетуде. Қажет болған жағдайда тағы 1 622 бригада шығаруға мүмкіндік бар. КВИ-мен ауыратын науқастарды амбулаториялық емдеуге учаскелік медицина қызметкерлері кеңінен жұмылдырылған. Жалпы, қазіргі уақытта КВИ кезінде медициналық көмек көрсетуге барлығы 40 мыңға жуық медицина қызметкері тартылған.
«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары қызметкерлерінің жұмысын ынталандыру мақсатында мобильді бригадалардың қайта шығуын, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы үйдегі стационарларды кеңейту және белсенді ашуға қосымша ақы төлеу шаралар қабылданды. Сондай-ақ, учаскелік медицина қызметкерлеріне КВИ ауруларын үйде емдеген үшін 3 базалық лауазымдық жалақы мөлшерінде қосымша ақы көзделген», - деді ол.
Министрлік дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қорларын құру бойынша да шараларды басты назарда ұстап отыр. Атап айтқанда, бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында 60 мың пациент үшін дәрілік заттың 38 атауы бойынша 2 айлық толықтырылатын қоры жасақталды. Медициналық ұйымдарда 7 млрд теңгеге дәрілік заттың 91 атауы бойынша 1 айлық қор қамтамасыз етілді. Амбулаториялық деңгейде коронавирус инфекциясымен ауыратын пациенттерге 5 дәрілік препарат қолжетімді. Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында бөлшек сауда желісінің интервенциясы үшін қажет болған жағдайда жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеге 26 дәрілік зат бойынша 2 айлық қор жасалған. Өңірлерде аса қажет болған жағдайда дәріханалар арқылы сату үшін 10 млн маска, оның ішінде балаларға арналған 500 мың маска сатып алынған.200 мың жеке қорғаныш құралының, 10 млн бір рет қолданылатын қолғаптың қоры құрылған.
Жоғарыда атап өткендей, коронавирустан қорғанудың бірден-бір жолы – вакцина алу. Алайда, елімізде вакцинациялау және ревакцинациялау да қарқыны төмен. 17 өңірдің тек үшеуінде де ғана, атап айтқанда ШҚО, Жамбыл, Түркістан облыстарында екпе алуға тиісті тұрғындар 100 пайыз вакцинациямен қамтылған. Ал Шымкент, Алматы қалаларында, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында бұл көрсеткіш 75 пайыздан төмен болса, жеті өңірде вакцинациямен қамту 60-тан 72 пайызға дейін. Маңғыстау және Қостанай облыстарында вакцинациямен қамту деңгейі 60 пайыздан да төмен болып тұр.
«Республика бойынша ревакцинациялауға жататын халықты қамту 26,8 пайызды құрайды. 800 мыңнан астам адам егілді Атырау, Түркістан облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында қамтылу деңгейі ең төмен, 13-тен 17 пайызға дейін.Барлық өңірлерде вакцинация мен ревакцинация қарқынын арттыру қажет. Бұл бүгінгі күні ауруханаға түсудің, коронавирус инфекциясынан болатын ауыр ағым мен өлімнің алдын алудың жалғыз тәсілі», - деді Ажар Ғиният.
Ескерерлігі, қазіргі уақытта халықтың барлық топтарын ревакцинациялау вакцинаның Синофарм және Казвак деген екі түрімен жүргізіледі. Ал 60 жастан асқан адамдар, жүкті әйелдер мен медицина қызметкерлері үшін «Файзер» Комирнати вакцинасы қолданылады. Министрлік ревакцинациялау үшін Казвак, Синофарм және Комирнати вакциналарын қосымша сатып алуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ қаңтар айының соңына дейін Спутник Лайт вакцинасының 150 мың дозасы жеткізбек.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.