Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы Көкпекті ауданында кең ауқымда аталып өтуде. Қастерлі де қасиетті мерекеге орай бірқатар ірі шаралар ұйымдастырылды. 15 желтоқсан күні аудан орталығы Көкпекті ауданында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өткізілді.
Көпбалалы аналар баспаналы болды
Мерекелік шаралар аудан орталығында жаңадан салынған әлеуметтік тұрғын үй кілттерін табыстаудан басталды. Аудан әкімі Раджан Сейтқанов көпбалалы аналарға қос пәтерлі 20 тұрғын үйдің кілтін табыс етіп, бұл сәтті көптен күткен 18 отбасына қуаныш сыйлады. Жаңа үйлер аудандағы әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға берілді.
Баспана кілттерін табыстау рәсімінде аудан әкімі Раджан Сейтқанов шараға қатысушыларды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, тұрғындарды баспанамен қамту ісі алдағы уақытта да қарқынды жүргізілетінін тілге тиек етті.
- Баршаңызды еліміздің ең ұлық мерекесі Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл. Бұл еліміз үшін ерекше кезең, тарихи оқиға. Бұл – ұлттың рухын көтеретін, ұрпақтың мерейін өсіретін мәртебелі мейрам. Қазір сіздер үшін көптен күткен шынайы қуанышқа толы сәт. Сіздерге дәл қазір жаңа үйлеріңіздің кілті табысталатын болады. Жаңа үйлеріңіз бақытқа, үйлесімділік пен жайлылыққа толы болсын. Жаңа жетістіктерге жетіп, биік белестерді бағындыра беріңіздер. Қоныс құтты болсын, - деді Раджан Қайрқанұлы.
Аудан орталығының «Элеватор» аумағында орналасқан жаңа тұрғын үйлер бір көше бойына қаз-қатар салынған. Алыстан көз тартатын сәулетті құрылыс ауыл ажарын аша түсері сөзсіз. Қос пәтерлі 20 үйдің алдына асфальт төселіп, барлық қажетті инфрақұрылым тартылған. Жаңа баспана алып, жанұясымен бақытқа кенелген көпбалалы ананың бірі Динара Калкенова ойымен бөлісті.
- Бүгінгі Тәуелсіздіктің 30 жылдығы біз үшін расымен керемет мейрамға айналды. Көптен бері күткен баспанаға ие болдық. Өзім Көкпекті ауылында туып-өстім. Қазіргі уақытта 5 балалы анамын. Соңғы 4-5 жыл ішінде пәтер жалдап күйісіміз кеткені рас. Енді міне еліміз үшін орны ерекше Тәуелсіздік күніне орай осындай үлкен қуанышқа кенеліп жатқан жайымыз бар. Сапалы салынған, барлық жағдайы жасалған жаңа баспана беріп отырған аудан басшылығына алғысымыз шексіз. Еліміз өркендеп, дами берсін. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын, - дейді ағынан жарылған көпбалалы ана.
Тәуелсіздік мерейтойында баспаналы болған ардақты аналар:
Ақерке Құнанбаева,
Гүлжан Акашева,
Гүлназ Самарханова,
Гүлжанат Қалиева,
Альмира Сүйкімбаева,
Альмира Артықбаева,
Әлия Абельмажинова,
Нұргүл Увалиева,
Динара Қалиева,
Дукан Тоқтамысова,
Назерке Бопиева,
Әйгерім Дәлелханова,
Айдана Тұрысбек,
Бибігүл Құнанбаева,
Айнұр Айдарғазина,
Динара Калкенова,
Гүлнұр Сүлейменова,
Анна Семилетова,
Тәуелсіздік мерейтойына арналған салтанат
Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, азаттық жолында жанын құрбан еткен Тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Бұл күнді атап өту - Тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбектің бүгінгі белесін қорытындылайтын мерейлі сәт.
Аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне арналған салтанатты шара өткізілді.
Мерекелік жиында аудан әкімі Раджан Сейтқанов көпшілікті ұлтымыздың ұлық мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтап, азаттық алған жылдар ішіндегі еліміздің толағай табыстарын саралай келе, Көкпекті ауданының жетістіктеріне кеңінен тоқталды.
Ресми бөлім барысында Көкпекті ауданының тұрғындарын ауданның немесе облыстың ғана емес, еліміздің дамуына қосқан үлесі үшін марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» төсбелгісін 14 адам, «Халық алғысы» медалін 1 адам тақты. Аудан әкімі Раджан Сейтқановтың алғыс хаттары ауданымыздың 66 тұрғынына тапсырылды. Олардың арасында мемлекеттік қызметкерлер, белсенді аудан тұрғындары, ардагерлер, әлеуметтік маңызы бар мамандық иелері бар.
Салтанатты шара аудан өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласып, қатысушылар оркестрмен жеке орындаушылардың күмбірлеген күйі мен әсем әндеріне қанықты.
Тәуелсіздік күні - мемлекетіміз үшін біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар, өткенге деген тағзым, болашаққа деген сенімнің мерекесі болып табылады. Ендеше, бар игілігіміздің бастауы болған Тәуелсіздігімізді бағалап, ардақтай білейік, ағайын!
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай марапатталған жерлестер
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен:
Мұқашев Сләмбек Насырбайұлы
Смаилова Клара Рафиковна
Наурызбаева Рауя Алпысбайқызы
Ақшабаева Гүлбаран Майлыбайқызы
Сарманов Талғат Манафұлы
Танысбаев Аслан Балабекұлы
Кемербаева Раушан Алпысбекқызы
Назарханов Нұрлан Үмітқазыұлы
Баймолдина Райхангүл Қапезқызы
Егеубаева Гүлнәр Қайырбекқызы
Хабидолданов Мұхамед Қалиқанұлы
Мұстафинова Шолпан Нұрғазықызы
Турлыбеков Серик Ахметбекович
Токтамысов Болат Шаймарданович
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес "Халық алғысы" медалімен:
Койгельдин Ержан Тұрсынханұлы
Қазақстан Республикасы ауған және тәжік соғысы ардагерлерінің қоғамдық бірлестігінің «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» мерекелік медалімен:
Рахимов Бекбулат Ешмухамбетович
Чуркин Юрий Петрович
Қазақстан Республиксының Ұлттық экономика вице-министрінің «Құрмет грамотасымен»:
Нұрғалиева Гүлназ Құдайбергенқызы
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің грамотасымен:
Күшікпаев Жұмабек Құрмашұлы
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің алғыс хатымен:
Майкенев Жаслан Талғатұлы
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.