Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары  барысында ерекше рекорд тіркелді....

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...

  • Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

    31.10.2024 08:56
  • КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    19.09.2024 04:44
  • ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    12.09.2024 06:55
  • Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    20.08.2024 15:11
  • АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    12.08.2024 06:02

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

 

Су – тіршіліктің қайнар көзі. Онсыз адам баласының да, ешқандай тіршілік иелерінің де өмір сүруі мүмкін емес. Күнделікті қолданып жүрген суымыз қарапайым әрі аса қажетсіз болып көрінуі мүмкін, дегенмен оның да сұрауы бар. Қазіргі заман талабына сай, ешбір адам өз үйін таза ауыз сусыз елестете алмайды.
Аудан тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі ұзақ жылдар бойы шешілмей келді. Сондықтан, бұл бірінші кезектегі міндеттер пен сұраныстардың біріне айналды. Қазіргі уақытта осы мәселе аясында жұмыстар атқарылып, біртіндеп шешілуде.


2019 жылдың көктемінен бастап таза ауыз сумен қамтамасыз етілмеген ауданның елді мекендерінде, сондай - ақ Көкпекті мен Самар ауылдарында жаңа магистральдық желілерді тарту бойынша құрылыс жұмыстары қарқынды басталды. Бұл міндет толық шешілгенше аудан әкімшілігінің бақылауында болады.
Бірнеше жылдан бері Самар ауылында жаңа магистральды су құбыры желілерін орнату бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде және көпшілікке бұл жұмыстың соңы жоқ сияқты көрінген еді. Күн сайын ауылдың көшелерінде экскаваторлармен, тиегіштермен және басқа да ауыр техникамен жұмыс істейтін су құбырының жаңа желілерін тарту процесі жүріп жатыр. Көп жерлерде траншеялар, құбырлар, бетон сақиналар және тағы басқа жұмыс құралдарымен жұмыс атқарылуда.
Шынында да, жұмыс өте ауыр және қиын, көп күш-жігерді қажет етеді. Көпшілік құрылыс жұмыстарының созылуына байланысты туындаған қолайсыздыққа түсіністікпен қараса да, тұрғындар арасында: «Самар ауылында су қашан болады?» деген сұрақтар қойылып жатады. Бұл сауалмен біз «НКО» ЖШС су құбыры құрылысының мердігері, учаскі басшысы Р.И.Асановқа жүгіндік:
- Биыл біз 290 ұңғыма орнаттық, 13 шақырым магистральдық желі тарттық, 6 шақырым аяқталуға жақын. Негізгі жұмыстар келесі көшелерде жүргізілді: Парий, Горный, Солнечная, Алтынсарин, Центральный, Раисов, Молдағұлова, Первомайский, Фонов, Лоскутов, Швайченко, Казахстанская, Астана, Глухенко, Горохов. Сондай-ақ, Аубакиров, Букетов, Бакраев, Болғанбаев, Фролов, Шарабарин, Абай, Новоселов, Мир, Строительный көшелерінде жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.
Су құбырын төсеу кезінде барлық техникалық нормалар сақталады. Сонымен қатар, біз тұтынушылармен байланыс орнатамыз. Жоба бо-йынша ауыз су 2022 жылы нақты болады. Қазіргі уақытта 500 миллион теңгенің жұмысын аяқтадық, - дейді мердігер ұйым өкілі.
Самар ауылының су құбыры желілері құрылысын қайта жаңарту бойынша аудандық құрылыс бөлімі берген мәліметтер:
- Келісім-шарттардың жалпы құны -1 877,088 миллион теңге. Мердігер ЖШС «НКО» - келісім-шарт сомасы 1 866, 188 миллион теңге. Техникалық қадағалауды «ВЕHI» ЖШС, авторлық қадағалауды «Градопроект» ЖШС жүргізеді.
Жобаның негізгі мерзімі - 2017-2022 жылдар. 2017-2020 жылдарға 678 000 млн теңге бөлініп, игерілді. 2021 жылға 500 миллион теңге бөлінген.
Желілердің жалпы ұзындығы - 80193 метр, оның ішінде су құбырларының екі саласы бойынша - 1 535 метр. Тұтынушыларға қосылу - 27 535 м. (3000 м аяқталды). Магистральдық желілер - 51 126 м (аяқталған 40 683 м). Қазіргі уақытта магистральдық желілерді төсеу, тарату желісін құрастыру жұмыстары жүргізілуде, материал сатып алынуда. Аяқталған жұмыстың көлемі 36% құрайды.
Нысанда 11 техника бірлігі мен 23 адам жұмыс істеуде. Жұмыстар толық аяқталғанша 699, 088 миллион теңге көлемінде қаражат бөлу қажет.
Жобаның толық аяқталу мерзімі 2022 жылға жос-парланған.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз