Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
27 мамыр күні аудан әкімі Раждан Сейтқанов Көкпекті ауылында жеке мәселелері бойынша тұрғындарды қабылдады. Кезекті қабылдауда аудан басшысына аудан тұрғындары өздерін толғандырып жүрген түрлі сауалдармен жүгінді. Жеке қабылдауға 5 тұрғын алдын ала жазылған екен. Алайда жеке қабылдауға тек үш азамат келді. Қабылдауда көтерілген мәселелер бойынша іс жүзіндегі заңнама аясында жауаптар берілді. Азаматтардың негізгі көтерген мәселелері: жер бөлу, баспанамен қамту, сондай-ақ су мәселесі бағытында болды.
Жеке қабылдауға алғашқы болып келген Қарөтел ауылының тұрғыны Берікбол Кенжебекұлы Енсебаев жер қатынастар бөлімі берген жауапқа қанағаттанбайтынын айтты. Раджан Қайрқанұлы өтініш иесіне Үлгілімалшы ауылдық округіне қарасты 780 гектар шабындық жердің кадастрлық номерін анықтап алып, жер телімінің бос немесе бос еместігін білуге болатынын түсіндірді. Бұл мәселе бойынша алдағы аптаның сейсенбісінде комиссия мүшелері жер қатынастар, ауылшаруашылығы бөлімі, (госНТЦМ) аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин, Үлгілімалшы, Аққала ауылдық округтерінің мамандары Үлгілімалшы ауылына барып, анықтайтын болады. Ал қабылдауға жазылған Көкпекті ауылының тұрғыны Айнұр Жүнісова аудан басшысынан баспана мәселесін шешуге көмек беруін сұрады. Айнұр Мұхтарбекқызы 10 жылдан аса баспанасы жоқтығынан пәтер жалдап тұрып келе жатқанын айта келе, үй мәселесін шешіп беруін өтінді. Соңғы бір-екі жылда ауданымызда тұрғын үйлер салынып жатыр. Биылғы жылы тағы 10 пәтерлі 5 үй салынатын болады. Раджан Қайрқанұлы тұрғынның өтініші міндетті түрде қаралып, заң аясында іс-әрекет жасалатынын баса айтты.
– Барлық мәселе заң аясында шешіледі. Сіздің алдыңызда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың құқығын бұзуға жол жоқ,- деді аудан басшысы.
Өтініш иесін толғандырған келесі сұрақ ол - 36-пәтерлі үйдің балалар ойнайтын ауласындағы темір қоршауды жөндеу мәселесі. Бұл мәселе бойынша Айнұр Жүнісованың шағым, өтінішін тыңдаған аудан басшысы Раджан Қайрқанұлы алдымен мәселенің мән-жайын өзі анықтап, нақтылады. Өтініш берушінің мәселесі бойынша Көкпекті ауылдық округінің әкімі Қайрат Алғазин түсініктеме жасады. 36 пәтерлі тұрғын үйдің ауласында орналасқан ойалаң аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміне бекітілген екен.
Аудан әкімі бұл мәселе бойынша ауылдық округ әкімі Қайрат Алғазинге, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен осыған жауапты тиісті сала басшыларына 2 күн мерзім ішінде қоршауды жөндеу жөнінде тапсырма берді.
Келесі болып қабылдауға келген Ажа ауылының тұрғыны Архат Қабден ауылдастарының аманатын арқалай келген екен. Өтініш иесі Ажа ауылында Көкпекті өзенінен келетін арық тұрғындардың бау-бақшасын суғаруға арналған еді. Міне 23 жыл болды ауылға су жеткізе алмай отырмыз. Бау-бақша егіп, құс өсірейік десек, бүгінде су тапшы. Көкпекті өзенінен бұрып, бұрынғы арықтың арнасына су келтіруге қолдау білдіруіңізді сұраймыз. Бүгінгі күні өз күшімізбен бірталай шаруасын атқардық, енді жұмысты толық аяқтау үшін техника бөлінуіне көмектессеңіз екен. Аудан әкімі Көкпекті ауылдық округінің әкімі Қ.Алғазиновке, коммуналдық шаруашылықтың техникасын келісім арқылы пайдаланып, жанар-жағар майын жұмыс тапсырушылар өздері қамтамасыз ететін жағдайда шешу туралы тапсырмалар жүктеді.
Самар ауылдық округіндегі аудан әкімінің кезекті қабылдауында Раздольное ауылының тұрғындарынан «Саршоқы Агро» ШҚ жер пайларына ішкі жарғылық қатынастарға қатысты мәселелер көтерілді. Мәселені оң тұрғыда екі жақты келісімде шешу үшін бір күнді белгілеп, Миролюбовка ауылдық округінде жиналып ақылдасатын болды. Бұл мәселені шешуге жауапты етіп аудан әкімінің орынбасары Д.Б. Қойгельдин мен Миролюбовка ауылдық округінің әкімі М. Дюсуповты бекітті.
«Көкпекті ауданының № 2 ауруханасына» жұмысқа келген жас дәрігер мамандарға баспана қажет. Ерлі-зайыптылар осы уақытқа дейін пәтер жалдап тұруда. Аудан әкімі Раджан Қайрқанұлының айтуынша, қызметтік ведомстволық пәтер сатып алуға белгілі бір қаражат бөлу туралы мәселені алдағы мәслихат сессиясында қарастыру қажет. Ал бұл уақытқа дейін жас мамандар бюджет қаражатынан бөлінетін қаржыға сәйкес Самар ауылынан баспана табулары қажет.
Самар ауылының еңбек ардагері И. Дмитриенконы дүкендердегі азық-түлік бағасының қымбаттауы, базар бағасынан төмен бағамен азық-түлік сатып алуға болатын жәрмеңкелердің ұйымдастырылмау мәселесі алаңдатады. Кездесу барысында айына екі рет жәрмеңке өткізу туралы шешім қабылданды. Кезекті ауыл шаруашылық жәрмеңкесі келесі аптаның сенбі күні, яғни 5 маусымда өтеді. Зейнеткер үйдің жанында орналасқан Фонов көшесіндегі 35 мың вт-тан жоғары вольтты станцияның орынын ауыстыру туралы мәселені қозғады. Бұл мәселе аталмыш объект қарамағында тұрған облыстық мекемеге жазбаша өтініш жолдау арқылы шешілетін болады. Ал нәтижесі өтініш берушінің жеке өзіне берілетін болады.
Кәсіподақ өкілі атынан №2 БЖСМ ұжымының өтініші жақында аудан аумағында туындаған өртті сөндіруге мереке және демалыс күндері қатысқаны үшін сақтандыру полисін төлеуге қатысты болды. Аудан әкімі табиғи апатқа қатысты көмек қажет кездегі педагогикалық ұжымның көзқарастарын ақылға қонымсыз деп есептеді. Раджан Қайрқанұлы БЖСМ басшылығының бұл немқұрайдылығына, азаматтық ұстанымның, ұжымдағы ауызбіршіліктің болмауына қатты наразы болды. Осындай форс-мажорлық жағдайларда өрт ошағын тезірек сөндіру, үлкен өртті болдырмау үшін ерікті өрт сөндіру жасақтары құрылатынын айтты.
Аудан басшысы оған өтінішті жолдаған ұжыммен тез арада кездесіп, мән-жайды анықтап, қызметкерлердің жағдайымен танысуды тапсырды.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.